1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Алматы қаласының әкiмi бiр апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Банкiге Қазақстан Республикасының Жарғылық қорға үлестiк жарна есебiнен қызметтiк үй-жай беру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үлестiк жарнаның қалған бөлiгiн Банкiнiң есеп шотына аударсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Банкiнiң өтiнiмдерi бойынша қажеттi техникалық құрал-жабдықтар мен телефон, телекс және телефакс байланыс жүйелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi Банктiң халықаралық мәртебесiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Банктi салықтар мен кедендiк баж салығынан босату туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнен Банкiге қазiргi экономикалық нормативтердi қолданған кезде оның халықаралық мәртебесiн ескеру сұралсын.
5. Банк президентiнiң лауазымы медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету мен көлiк қызметiн көрсетуде Министрдiң лауазымына, ал вице-президенттердiң лауазымдары - Министрдiң орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi