Қазақстан Республикасының Үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде мамандар даярлау құрылымын реформалау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1 қыркүйек 1994 ж. N 982. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. ~P020665

      Үздiксiз және көп деңгейлi бiлiм беру принциптерiн жүзеге

асыру негiзiнде мамандарды даярлаудың сапасын арттыра түсу 
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы 
етедi:
     1. Қазақстан Республикасында Жоғары бiлiм берудiң көп 
деңгейлiгi туралы уақытша ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, қарауында оқу
орындары бар министрлiктер мен ведомстволар өздерiнiң нормативтiк
құжаттарын осы ережеге сәйкестендiрсiн.
     
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 982 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасындағы жоғары бiлiмнiң
                   көп деңгейлi құрылымы туралы
                       Уақытша ереже
     


      Жоғары оқу орындарының жеке адамының көп қырлы мәдени-бiлiмдiк сұраныстарын қанағаттандыру, мамандардың жалпы мәдени, ғылыми және кәсiби даярлығының икемдiлiгiн арттыру және экономика мен еңбек нарқы талаптарының күн сайын өзгерiп отыруын ескере отырып мамандардың әлеуметтiк қорғалуын, республика жоғары мектебiнiң әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде интеграциясын арттыру мүмкiндiктерiн кеңейту мәселелерiн шешу дипломды мамандарды даярлаудың бiр деңгейлi үлгiсiнен жоғары бiлiмнiң көп деңгейлi құрылымына өтудi талап етедi.
      Жоғары бiлiм жүйесiн қайта ұйымдастыру қазақстандық мамандар даярлау жүйесiн көптеген дамыған елдерде қолданылып жүрген жүйеге жақындатуға, сондай-ақ бiлiм беру құрылымының барлық деңгейiнде қабiлеттi және талантты жастарды анықтау мен оларды жетiлдiру тетiгi бар сабақтастығына қол жеткiзуге бағытталған.
      Жоғары бiлiмнiң мұндай көп деңгейлi құрылымы жоғары мектеп дамуының отандық және шетелдiк тәжiрибелерiн ескере отырып, әлемдiк практикаға сәйкес түлектерге мамандық берудi, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша академиялық дәреже берудi көздейдi.

                    Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм құрылымы мазмұны мен оқу мерзiмi жағынан әртүрлi бiрi-бiрiмен сабақтасқан төрт деңгейдегi бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалар арқылы жүзеге асады: бастауыш жоғары бiлiм (бiрiншi деңгей), орталау жоғары бiлiм (екiншi деңгей), негiзгi жоғары бiлiм (үшiншi деңгей), тереңдетiлген жоғары бiлiм (төртiншi деңгей).
      2. Дайындықтың бағыты мен мамандықтар тiзбесiн барлық деңгейдегi жоғары бiлiмнiң мазмұны мен сапасына қойылатын талаптарды (мемлекеттiк стандарт) Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Еңбек министрлiгiмен келiсе отырып бекiтедi.
      3. Қолданылып жүрген жоғары бiлiмнiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалар жүйесi жоғары бiлiмнiң жаңа көп деңгейлi құрылымына оның құрамдас бөлiгi болып кiредi.

                    Жоғары бiлiмнiң құрылымы

             Бiрiншi деңгей - бастауыш жоғары бiлiм
      4. Бастауыш жоғары бiлiмнiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламасы негiзгi (тоғыз жылдық) немесе толық (он бiр жылдық) орта мектеп негiзiнде арнаулы орта оқу орындарында жүзеге асырылады.
      Қазiргi уақытта жоғары бiлiмнiң бұл деңгейi үздiксiз бiлiм берудiң жеке сатысы - арнаулы орта бiлiм ретiнде жүзеге асуда.
      Нақты орта арнаулы бiлiм тиiстi профильдi жоғары бiлiмнiң бiрiншi деңгейi болып табылады.
      5. Бiрiншi деңгей бағдарламасын тәмамдағандарға арнаулы орта оқу орындарының мамандықтары тiзбесiне сәйкес бiлiктiлiк тағайындалып, арнаулы орта бiлiм туралы диплом берiледi.
      6. Бiрiншi деңгейдiң бағдарламасын меңгергендердiң алған мамандығы бойынша жұмыс iстеуiне немесе белгiленген тәртiппен жоғары бiлiмнiң келесi деңгейлерiнiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыруына болады.

             Екiншi деңгей - орталау жоғары бiлiм
      7. Екiншi деңгейдiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары студенттердiң жоғары оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарындағы жалпы бiлiм беру және iргелi жаратылыстанушылық-ғылыми даярлығы мен арнаулы орта бiлiмдi мамандар үшiн 1,5 жылға дейiнгi кәсiби дайындықты қамтиды.
      Екiншi деңгей бағдарламасының бiлiмдiк бөлiмi дайындықтың ұқсас мамандықтар тобы үшiн бiрдей болып табылады.
      Екiншi деңгей бағдарламасының кәсiптiк бөлiмi жоғары оқу орындарының құрамында немесе жанынан құрылған, сондай-ақ дербес арнаулы оқу орындары мен құрылымдары - колледждерде, бөлiмдерде, топтарда және т.б. жүзеге асырыла алады.
      8. Екiншi деңгей бағдарламасының бiлiмдiк бөлiмiн меңгергендерге орталау жоғары бiлiмi туралы куәлiк, ал бұл бағдарламаның кәсiптiк бөлiмiн тәмамдағандарға арнаулы орта бiлiм мамандықтары мен тiзбесiне сәйкес мамандық берiлiп, орталау жоғары бiлiмi туралы диплом тапсырылады. Олар алған мамандықтары бойынша жұмыс iстей алады және үшiншi деңгейде бiлiмiн жалғастыру құқығын сақтайды.
      9. Жоғары оқу орнында екiншi деңгейдiң кәсiптiк бағдарламасын енгiзу мәселесiн қажет жағдайлар болғанда (кәсiптiк даярлықты, әдiстемелiк және материалдық жағынан қамтамасыз етудi iске асыратын арнаулы құрылымдық бөлiмшелер құру және т.б.) жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесi шешедi. Ғылыми кеңес, сол сияқты, екiншi курсты бiтiрген студенттер арасынан осы деңгейдiң кәсiптiк бағдарламасына студенттер контингентiн қалыптастыру тәртiбiн анықтайды.

             Үшiншi деңгей - негiзгi жоғары бiлiм
      10. Үшiншi деңгейдiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары жоғары бiлiмнiң бағыттары мен мамандықтарының тiзбесiне сәйкес және толық орта бiлiм негiзiнде үш нысанда мыналардың есебiнен жүзеге асырылады:
      а) жоғары бiлiмдi дипломы бар мамандарды даярлаудың дәстүрлi (қолданылып жүрген) бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары;
      б) бакалавр бағдарламасын оқу бағыты бойынша (4 жыл) және оның негiзiнде дипломды маман даярлаудың кәсiптiк бағдарламасын (1-2 жыл) игеру.
      Бакалавр бағдарламасын меңгергендерге академиялық бакалавр дәрежесi берiлiп, оқу бағыты көрсетiлiп, жоғары бiлiмi туралы аттестат берiледi. Олардың оқуын жалғастыруына немесе тиiстi қызметке тұруына болады. Дипломды маман даярлау бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырғандарға және оқуды тәмамдағандарға алған мамандықтары бойынша бiлiктiк берiлiп, жоғары бiлiмi туралы диплом тапсырылады;
      в) классикалық түрдегi университеттерде, бакалавр-маман даярлау бағдарламалары, әдетте, жалпы оқу мерзiмi бойынша төрт жыл.
      Бұл бағдарламалар бойынша оқу бiтiргендерге тиiстi бiлiктiлiк тағайындалып, жоғары университеттiк бiлiмнiң нақты мамандығы бойынша бакалавр дипломы берiледi.
      11. Негiзгi жоғары бiлiмнiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша оқу мерзiмi арнаулы орта немесе орталау жоғары бiлiмi бар адамдар үшiн қысқартылуы мүмкiн.
      12. Негiзгi жоғары бiлiмнiң толық бағдарламасын ойдағыдай бiтiргендер алған мамандықтары бойынша жұмыс iстей алады немесе магистратурада не үш жылдық аспирантурада белгiленген тәртiппен оқуын жалғастыра алады.
      13. Жоғары оқудың бiлiм беру бағыттары немесе мамандықтары бойынша бақалаврлар даярлау бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен ведомстволық басқару органдары белгiлеген қабылдау жоспары шегiнде оларды хабардар ете отырып, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесi өз шешiмiмен дербес енгiзе алады.

             Төртiншi деңгей - тереңдетiлген жоғары бiлiм
      14. Жоғары бiлiмнiң төртiншi деңгейiнiң бiлiмдiк-ғылыми магистрлiк бағдарламалары оқушылардың болашақтағы қызметiнiң көбiнесе зерттеушiлiк, шығармашылық, педагогикалық сипатын көздейдi және бакалавр дипломы барлар үшiн негiзгi университеттiк бiлiм беру бағдарламаларын нақты мамандық бойынша дамыту және саралау есебiнен түзiледi. Бұл бағдарламаны iске асыру мерзiмi 2 жыл.
      15. Тиiстi мамандық бойынша үздiк бакалавр дипломы барлар бұл деңгейдiң бағдарламасы бойынша қабылдау емтихандарысыз қабылданады.
      16. Төртiншi деңгейдiң бағдарламалары бойынша оқуға қабылдағанда қажеттi жұмыс тәжiрибесi бар және жұмыс орнынан кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң жолдамасын алғандарға артықшылық берiлуi тиiс.
      17. Бiтiру жұмысын қорғап, қажеттi емтихандарды тапсырып, төртiншi деңгейдiң бағдарламаларын табысты аяқтағандарға Ғылыми кеңестiң шешiмi бойынша академиялық ғылым (өнер) магистрi дәрежесi тағайындалады және оқыған мамандығы көрсетiлген тиiстi диплом берiледi.
      18. Магистрлiк дәрежесi бар адамдар өзiнiң ғылыми дайындығын екi жылдық аспирантурада жалғастыра алады.
      19. Жоғары оқу орындарында ғылым (өнер) магистрлерiн дайындау бағдарламаларын енгiзу олардың Ғылыми кеңестерiнiң өтiнiм хаттары негiзiнде ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк мектептер мен өмiр талабына сай ғылыми-зерттеу базасының болуы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады.
      20. Осы деңгей шеңберiнде жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен жоғары бiлiмдi дипломды мамандарды магистрлiк емес, түрлi салалардағы мамандандырылған практикалық қызметке, аспирантураға түсуге дайындау немесе бiлiмдiк-ғылыми дәрежесiн арттыруға бағытталған бағдарламалар бойынша келiсiм-шарт негiзiнде тереңдетiп оқыту жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмi бiр жылдан аспауға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады