"Кең дала" акционерлiк қоғамының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жөнiндегi инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы<*> ЕСКЕРТУ. Қаулының атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. N 1155 қаулысымен. ~P961155

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 14 қыркүйек 1994 ж. N 1022

      Дәндi дақылдар мен мақта жинау комбайндарына деген асқан дiлгерлiкке байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Америкада жасалған 630 дәндi дақылдар жинау комбайнын, 100 мақта жинау комбайнын, қосымша жабдықтарымен, қосалқы материалдарымен, босалқы бөлшектерiмен қоса сатып алу жөнiнде, сондай-ақ мамандарды оқыту мен сервистiк қызметтi ұйымдастыру жөнiнде 114803303 АҚШ доллары сомасына "Кең дала" акционерлiк қоғамы мен Американың "Джон Дир Экспорт" компаниясының "Deere Company" бөлiмшесi арасында жасалған контракт мақұлдансын.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. 
               N 1155 қаулысымен. 
      2. Американың "Джон Дир" компаниясының жабдықтарды жеткiзуi АҚШ-тың Эксимбанкi беретiн кредитi шеңберiнде қаржыландырылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi комбайндарды беру жобасын қолданылып жүрген орта мерзiмдi (5 жылдан кем емес) АҚШ кредит желiсiне қоссын және осы қаржыландыруға байланысты барлық мiндеттемелер бойынша АҚШ Эксимбанкке 85 процентке және АВN AMRO Bank Kazakstan Ltd және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларына 15 процентке үкiметтiк кепiлдеме берiлсiн және АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan Ltd және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен тиiстi кредиттiк келiсiм жасайтын болсын.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. 
               N 1155 қаулысымен. 
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi ауыл шаруашылығы жабдықтарын жеткiзу жөнiнде жасалған контрактiге сәйкес АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan Ltd және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен 114335340 АҚШ доллары сомасында кредит бөлiнуiне кредиттiк келiсiм жасайтын болсын.<*> 
      Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 
               1995.05.24. N 734 қаулысымен. 
      5. "Кең дала" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi кредиттiк келiсiм жасасын және кредиттiң, проценттердiң, комиссияның және барлық банктiк шығындардың сомаларын түгел өтеу жөнiнде қажеттi кепiлдiк берсiн.<*><*> 
      Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 
               1995.05.24. N 734 қаулысымен. 
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. N 1155 қаулысымен. 
      6. "Кең дала" акционерлiк қоғамы экспортқа берiлетiн астық есебiнен проценттiк өсiм мен қосалқы шығындарды ескере отырып, алынған кредиттiң белгiленген мерзiмде өтелуiн қамтамасыз етсiн.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. 
               N 1155 қаулысымен. 
      7. "Кең дала" акционерлiк қоғамы сатып алынатын ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалана отырып, "Джон Дир" (БК) компаниясының дистрибьютерiмен меншiктiң әртүрлi нысанындағы селолық тауар өндiрушiлерге кешендi қызмет көрсету жөнiндегi фирмалық техникалық орталықтардың, механикаландырылған отрядтардың жүйесi бар ақылы негiзде бiрлескен кәсiпорын ұйымдастырсын. Бiрлескен кәсiпорын инвесторының механизатор кадрларын оқыту мен даярлауды 100 процент қамтамасыз етуге және сатып алынатын комбайндарды 1995 жылғы егiн орағы кезеңiнде жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етуге мiндеттенетiнi қаперге алынсын.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.23. 
               N 1155 қаулысымен. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan Ltd және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) тең ұйымдастырушылармен комбайндар беруге жасалған контрактiге сәйкес 85 процент (негiзгi сома) және 15 процент (аванстық төлем) қаржыландыру үшiн 114 803 303 (жүз он төрт миллион сегiз жүз үш мың үш жүз үш) АҚШ доллары сомасына кредит бөлу туралы кредиттiк келiсiм жасасын.<*> 
      9. "Кең дала" акционерлiк қоғамына "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн бергенi және тiркегенi үшiн бiржолғы мiндеттi төлем жасауға ерекшелiк ретiнде, аккредитивтi игере бастағанда, бiрақ 1997 жылдың 10 мамырынан кешiктiрмей рұқсат етiлсiн.<*> 
      10. "Джон Дир Экспорт" компаниясы, "Кең дала" акционерлiк қоғамы және "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы арасында жасалған келiсiмде "Deere & Company" компаниясының астық жинайтын комбайндарын бiрлесiп шығаруды ұйымдастыру көзделгенi назарға алынсын.<*>
      11. Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.
     ЕСКЕРТУ. Қаулы 8,9,10-тармақтармен толықтырылды, 8-тармақ
              11-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.09.23.
              N 1155 қаулысымен.   P961155_  

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады