"Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы" акционерлiк қоғамында "Алтын акция" енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 16 қыркүйек 1994 ж. N 1025

      "Қазконтракт" акционерлiк қоғамының қызметiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 P930606_ қаулысымен бекiтiлген "Алтын акция туралы" Ереженiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап "Қазконтракт" акционерлiк қоғамында мемлекет меншiгiне жататын және "Алтын акция туралы" Ережеде келтiрiлген мәселелер бойынша акционерлiк қоғамның басқару органдары шешiм қабылдаған кезде вето қою құқығы бар "Алтын акция" енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бақылау кеңесiнде және "Қазконтракт" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналыстарында мемлекеттiң ("Алтын акция" атынан дауыс беретiн) өкiлiнiң кандидатурасын белгiлесiн.
      3. "Қазконтракт" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатылатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады