Қызылорда суландыру-мелиорация жүйесiн пайдалану басқармасы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 23 қыркүйек 1994 ж. N 1056
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда суландыру-мелиорация жүйесiн пайдалану басқармасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет қарамағынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлгiнiң қарамағына беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қызылорда суландыру-мелиорация жүйесiн пайдалану басқармасын 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша негiзгi қаржысымен, материалдық ресурстарымен, штаттық құрамымен және қаржылық көрсеткiштерiмен қабылдап алсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 және 1995 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет көрсеткiштерiн анықтау барысында тиiстi өзгерiс енгiзудi ескеретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз