1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметi құрылсын.
Аталған қызмет орнына шұғыл медициналық жәрдем орталықтары, мамандандырылған орталықтар, төтенше жағдайлар кезiнде зақымданғандарды орналастыруға арналған емдеу орындары, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсететiн бригадалар, оның iшiнде ұдайы әзiрлiктегi бригадалар, дәрiгерлiк-медбикелер (фельдшерлiк) бригадалары, жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары (бөлiмшелерi), шұғыл және жоспарлы-консультациялық жәрдем көрсету бөлiмшелерi, қан құю станциялары (бөлiмшелерi), азаматтық қорғаныстың медициналық қызметiнiң мекемелерi мен құрамалары, "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының, "Медтехника" акционерлiк қоғамының, "Қазмеджабдықтау" республикалық жалгерлiк кәсiпорнының республикалық, облыстық және қалалық ұйымдары кiредi деп белгiленсiн.
Аса қатерлi төтенше жағдайлар туған кезде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының шешiмiмен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметiнiң құрамына басқа министрлiктер мен ведомстволардың медициналық күштерi мен құрамдары, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармаларының азаматтық қорғанысының санитарлық-көлiк құрамалары қосыла алады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметiн одан әрi дамыту мен жетiлдiру мақсатында оның құрамына өзгерiстер енгiзу құқығы берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметiне ұйымдық-әдiстемелiк және ғылыми жағынан жетекшiлiк ету iсi жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметi туралы ереженi және оның бөлiмшелерiнiң қызметiн, оның iшiнде басқа министрлiктермен және ведомстволармен өзара iс-қимылының тәртiбiн, аса қатерлi төтенше жағдайлар кезiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру шарттарын реттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды үш ай мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен келiсу бойынша бекiтетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi тиiстi денсаулық сақтау органдарының өтiнiмдерi бойынша объектiлер салуға, шұғыл медициналық көмек қызметiнiң бөлiмшелерiн жабдықтауға, өркендету мен ұстауға жыл сайын қаражат бөлiнуiн көздесiн.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң: "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 16 сәуiрдегi N 315 P930315_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 159-бап) және "Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету туралы" 1993 жылғы 4 қазандағы N 981 P930981_ қаулысына сәйкес Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметiн көлiк құралдарымен және байланыспен қамтамасыз ету басымдылық тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi