Қарағанды металлургия комбинаты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 30 қыркүйек 1994 ж. N 1083

      Қазақстан Республикасы үшiн стратегиялық мәнi бар Қарағанды металлургия комбинатының қаржылық-экономикалық жағдайын сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Санацияға дайындық және оны өткiзудiң тетiгiн әзiрлеу кезеңiнде Қазақстан Республикасының бюджетiне берешегi бойынша айыппұл санкцияларын төлету кiдiртiлiп, 1994 жылдың 1 желтоқсанына дейiн шегертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды санациялау және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы Қарағанды металлургия комбинатының қаржы жағдайын оған барып зерделеу үшiн Қазақстан Республикасы прокуратурасының, Iшкi

iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң
мамандарын тарта отырып 1994 жылдың 3 қазанына дейiн жұмыс тобын
және оны санациялау шараларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс комиссиясын
құрсын.
     3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнен Қарағанды 
металлургия комбинатына бөлiнген директивтiк кредиттердi өтеудi
1994 жылғы 1 желтоқсанға дейiн ұзарту сұралсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады