1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 72 адам шегiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 15 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 жеңiл қызмет автомобиль лимитi белгiленсiн. <*> Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1102 қаулысына Қосымша <*> Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1995.02.13. N 155 қаулысына сәйкес. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Мұнай мен газ өндiру және өңдеу басқармасы (жетекшi) Экономикалық басқарма Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы (жетекшi) Минералды-шикiзат базасын дамыту бөлiмi Техника, ғылым және экология бөлiмi Бухгалтерия Ic Басқармасы