Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 4 қазан N 1107. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1785 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны 98 адам шегiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi
орынбасарын ұстауға рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгiнiң алқа құрамы 7 адам болып белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 4 қазандағы
                                           N 1107 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау
                  министрлiгi орталық аппаратының
                           Құрылымы
     Зейнетақымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру басқармасы
     (жетекшi)
     Ардагерлер мен мүгедектер iстерi жөнiндегi басқарма (жетекшi)
     Зейнетақы қоры жөнiндегi басқарма (жетекшi)
     Экономика және қаржыландыру басқармасы (жетекшi)
     Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
     Заң бөлiмi
     Протездеу, протез құрастыру және мүгедектердiң қоғамдық
     бiрлестiктерi жөнiндегi бөлiм
     Есептеу жүйелерi және зейнетақы мен жәрдемақыларды таратып
     берудi ұйымдастыру бөлiмi
     Кадр жұмысы және жалпы мәселелер бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады