1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 271 адам шегiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 17 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 11 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Департаменттер директорларының лауазымдық жалақысы Бас басқарма бастықтарының жалақыларымен теңестiрiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1127 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Темiр жол көлiгi департаментi Әуе көлiгi департаментi Автомобиль көлiгi департаментi Су көлiгi департаментi Байланыс департаментi Автомобиль жолдары департаментi Экономикалық бас басқарма Қаржымен қамту және кадр саясаты бас басқармасы Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы (жетекшi) Үйлестiру және жұмыс сапасын бақылау басқармасы (жетекшi) Көлiк инспекциясы Еңбек пен әлеуметтiк саясат бөлiмi Заң актiлерiн дайындау, Жоғарғы Кеңеспен байланыс және заң жұмысы басқармасы (жетекшi) Мемлекеттiк почта байланысы қызметi Даму, ғылыми-техникалық саясат және өнеркәсiп басқармасы (жетекшi) <*> Ескерту. Қосымшасына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 6.02.1995 ж. N 117 қаулысымен.