1. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 122 адам болып қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне 3 орынбасар, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамы 13 адам санымен алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Департаменттер төрағаларының лауазымдық жалақылары бас басқармалар бастықтарының лауазымдық жалақылары деңгейiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1179 қаулысына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Кадр саясаты бөлiмi Жиынтық ақпарат және жоспарлау бөлiмi Әлеуметтiк саясат және қамсыздандыру басқармасы Әлеуметтiк серiктестiк және еңбек нарығындағы белсендi саясат басқармасы Еңбекке ақы төлеу және ұйымдастыру басқармасы Еңбек заңдары басқармасы Халықаралық байланыстар бөлiмi Еңбек қорғау департаментi Көшi-қон департаментi Қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi Iс басқармасы