Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1240. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Өнiмдердi және тауарларды тиеу, сақтау және қабылдау тәртiбiн ретке келтiру, жеткiзу мен тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртiбi туралы осыған қосылған Нұсқаулық бекiтiлсiн және ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 
                                         Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 9 қарашадағы
                                          N 1240 қаулысымен
                                            бекiтiлген

            Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы 
                бойынша қабылдау тәртiбi туралы 
                           НҰСҚАУЛЫҚ 

                          I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1. Осы Нұсқаулық материалдық құндылықтарды сақтау және сапа туралы қазiргi нормативтiк актiлердiң, көлiктiк және өзге де заңдардың талаптары ескерiле отырып әзiрленедi және стандарттармен, техникалық шарттармен яки өзге де мiндеттiлiк ережелермен немесе шартпен өнiмдер мен тауарларды х/ саны мен сапасы бойынша қабылдаудың өзгеше тәртiбi белгiленбеген жағдайда қолданылады. 
      х/ Бұдан былай, әдетте, "тауарлар" делiнедi. 
      Осы Нұсқаулықтың ережелерi қайтарылған ыдысты қабылдаған кезде де мiндеттi түрде қолданылады. 
      Импорттық тауарлар импорттық тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау, рекламациялық актiлердi құрастыру мен жолдаудың тәртiбi мен мерзiмi туралы Нұсқаулыққа сәйкес қабылданады. 
      2. Жеткiзу /тиеу/ кезiнде тауарларды сақтау және оларды алушылардың дер кезiнде әрi дұрыс қабылдауы үшiн жағдай туғызу мақсатында жөнелтушi /бiрлестiк және оның өндiрiстiк бiрлiгi, кәсiпорын және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер/ хх мыналарды: 
      хх/ Бұдан былай, әдетте, "кәсiпорындар" делiнедi. 
      а/ тауарларды орау мен буып-түюдiң кейбiр жерлерiн таңбалау мен пломбылаудың белгiленген ережелерiн сақтауды; 
      б/ тиелген тауарлардың /жәшiктердiң, бумалардың, байламдардың, будалардың және т.б. салмағы мен орын саны/ санын дәл анықтауды; 
      в/ оралған немесе буып-түйiлген жерлерiнде тауарларды тиеген кезде әрбiр ыдыс тұрған орынға стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделген сол ыдыс тұрған орындағы тауарлардың атауы мен мөлшерi жайында куәландыратын құжаттың /орама белгiсiн, бумалық картасын және т.б./ салынуын; 
      г/ белгiленген стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, рецептуралар, үлгiлер /эталондар/ талаптарына сапасы мен жиынтығы бойынша сәйкес келетiн тауарларды тиеудi /тапсыруды/ қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      Сапасы жөнiнде белгiленген тәртiппен тексеруден өтпеген тауарлар, сондай-ақ тауарлардың сапасына бақылау жасайтын және оған уәкiлдiгi бар басқа да органдар тиелуiне тыйым салынған тауарлар жiберiлмеуге тиiс; 
      д/ жiберiлетiн тауарлардың сапасы мен жиынтығын куәлендiретiн құжаттарын /техникалық паспортын, сертификатын және т.б./ тиеу және есеп айырысу құжаттарын анық әрi дұрыс ресiмдеудi, оларды көрсетiлген тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы жайындағы деректер тиелген нақтылы тауарлардың санына, сапасы мен жиынтығына сәйкес келуiн, сондай-ақ осы құжаттарды алушыларға белгiленген тәртiппен уақытылы жiберiлуiн; 
      е/ егер шартта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар сапасы мен жиынтығын растайтын құжаттарды тауарлармен бiрге жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Стандарттармен, техникалық шарттармен, тараптар үшiн мiндеттi басқа да ережелермен және шартпен көзделген жағдайда дайындаушы /жiберушi/ оралған немесе буып-түйiлген тауарларды тиеген /тапсырған/ кезде әрбiр ыдыс орнына сондағы тауардың атауы мен сапасы жайлы куәландыратын құжатты салуға мiндеттi; 
      ж/ жүктi тасымалдауға тапсырудың, оларды тиеудiң, бекiту мен сақтаудың көлiкте қолданылатын ережелерiн, сондай-ақ стандарттармен және техникалық шарттармен белгiленген тиеудiң арнайы ережелерiн сақтауды; 
      з/ тиелген тауарлардың санын анықтаумен олардың тиеу мен есеп айырысу құжаттарын ресiмдеумен шұғылданатын адамдардың жұмысына жүйелi түрде бақылау жасауын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      3. Қабылдаушы кәсiпорын көлiк органдарынан жүктi қабылдаған кезде көлiкте қолданылатын жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдау барысында жүктiң сақталуы қалай қамтамасыз етiлгендiгiн тексеруге, атап айтқанда: 
      а/ сол ережелерде көзделген жағдайда көлiк құралдарына /вагонда, цистернада, баржада, автофургонда, жүзгiнiң орын-жайында, т.б./ немесе контейнерлерде жiберушiнiң немесе жiберген мекен-жайдың /станцияның, айлақтың, тоқыманың/ пломбылары бары-жоғын, пломбылардың және олардағы белгiлердiң дұрыстығын, вагондардың, өзге де көлiктiк құралдардың немесе контейнердiң жай-күйiн, жүктiң қорғаныш таңбасының бар-жоғын, сондай-ақ ыдыстың бүтiндiгiн тексеруге; 
      б/ жүктiң атауы мен көлiк таңбасының көлiк құжатында көрсетiлген деректерге сәйкестiгiн тексеруге және көлiкте қолданылатын ережелерде осындай мiндет барлық жағдайда оларға жүктелген болса, көлiк органдарынан жүктi орын саны немесе салмағы бойынша берiлуiн талап етуге; 
      в/ жүктi бүлiнуден және бұзылудан сақтауды қамтамасыз ететiн /жүктi орналастыру, температура режимi, мұзбен жабдықтау және т.б./ белгiленген тасымалдау ережелерiнiң сақталу-сақталмауын, жеткiзiлу мерзiмiн тексеруге, сондай-ақ жүктi қарап шығуға мiндеттi. 
      Жүктiң орын саны, салмағы мен жайы-күйi тексерусiз берiле қалған жағдайда оны қабылдап алушы жүктiң берiлуiн ресiмдеудiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен көлiк органдарынан көлiк құжатына тиiстi белгi қоюын талап етуге мiндеттi. 
      4. Көлiк органдарынан жүктi қабылдау кезiнде жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы, жүктiң атауы мен салмағы немесе орын саны көлiк құжатындағы деректерге сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, сондай-ақ мұның өзi көлiкте қолданылатын ережелерде көзделген жағдайдың бәрiнде де қабылдап алушы көлiк органдарынан коммерциялық акт жасауды /тауар - көлiк қағазына белгi соғуды немесе жүк автомобильмен әкелiнсе акт жасауды/ талап етуге мiндеттi. 
      Көлiк органдары жоғарыда аталған актiлердi жасаудан негiзсiз бас тартқан жағдайда, қабылдап алушы көлiкте қолданылатын ережелерге сәйкес бұл бас тарту жайында шағым беруге және тауарларды осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен қабылдап алуға мiндеттi. 
      5. Қабылдап алушы кәсiпорын тауарларды саны мен сапасы бойынша стандарттарға, техникалық шарттарға, осы Нұсқаулыққа, өзге де мiндеттi ережелер мен шарттарға сәйкес қабылдап алуды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

             II. ТАУАРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫ МЕН МЕРЗIМI 

      6. Ыдыссыз, ашық ыдысымен әкелiнетiн тауарларды қабылдау, сондай-ақ жалпы салмағы мен орындарының саны бойынша ыдысымен әкелiнетiн тауарларды қабылдау: 
      а/ тауар жеткiзушi әкелген кезде - қабылдап алушының қоймасында; 
      б/ алушы тауарларды әкеткен кезде - жiберушiнiң қоймасында; 
      в/ темiржол, әуе, су немесе автомобиль көлiгi органдары тауарларды әкелiп берген кезде-пломбасы ашылған жерде немесе пломбасы жоқ көлiк құралдары мен контейнерлерден жүктi түсiрген жерде немесе көлiк органының қоймасында жүргiзiледi. 
      Жiберушi тауарларды алушының қоймасына ыдысымен жеткiзген кезде, қабылдап алушы жалпы салмағы мен орын санын тексеруден басқа, ыдыстың ашылуын әрi таза салмағы мен әр орындағы жеке тауар санын, сондай-ақ тауарлардың сапасы мен жиынтығын тексерудi талап ете алады. 
      7. Бұзылмаған ыдысымен түскен тауарлардың таза салмағы мен әр орындағы жеке тауардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылданылуы әдетте, түпкiлiктi алушының қоймасында жүргiзiледi. 
      Тауарларды бастапқы жасаушылардың /жiберушiлердiң/ ыдысына немесе орауында қайта жiберiп отырған өткiзушi, жабдықтаушы, дайындаушы ұйымдардың, көтерме-бөлшек сауда және басқа да кәсiпорындардың сатып алушы базалары тауарларды iшкi ыдыс орындарының саны бойынша, саны мен жиынтығы бойынша мiндеттi ережелер мен шартта көзделген жағдайда ғана, сондай-ақ жүктiң нақтылы жалпы салмағы жолдамалық құжаттарда көрсетiлген жалпы салмағына сәйкес келмегенде ғана қабылдауға тиiс. 
      Егер тауарлар бүлiнген күйде, ашық немесе таңбасы жоқ ыдыста, пломбасы бұзылған немесе бұзылу белгiлерi бар /сыну, тесiлу және т.б./ күйiнде түссе, онда тауарларды таза салмағының шамасы, және әрбiр жүк орнындағы тауардың бiрлiгi, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауды тауар алушы осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетiлген тәртiппен, яғни тауардың жалпы салмағы мен орын саны бойынша қабылданатын жерде жүзеге асырады. 
      Кәсiпорындар қайта жiберуге жататын тауарларды олардың сапасы мен жиынтығының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайда сақтауға мiндеттi. 
      8. Ыдысымен жеткiзiлген тауарларды қабылдаудың осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiбi, сондай-ақ бандероль немесе орамның бүтiндiгiн немесе пломбасын бұзбай байламнан /бумадан/ алу мүмкiн болмаған жағдайда бандерольденген немесе пломбаланған байламдарды /бумаларды/ қабылдау кезiнде де қолданылады. 
      9. Тауарларды қабылдау мынадай мерзiмде: 
      9.1. Саны бойынша: 
      а/ ыдыссыз ашық және бүлiнген ыдыста түскен тауарларды тауарды жiберушiден не көлiк органының қоймасынан алу кезiнде немесе көлiк құралдары мен контейнерлердiң пломбаланғандарын ашу және пломбаланбағандардың жүгiн түсiру кезiнде, бiрақ жүк түсiрудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрмей; 
      б/ жалпы салмағы мен орын саны бойынша бүлiнбеген ыдыста түскен тауарларды - осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетiлген мерзiм iшiнде таза салмағы мен әр орындағы жеке тауар бiрлiгiнiң саны бойынша - ыдысты ашумен бiр мезгiлде, бiрақ 5 күннен кешiктiрiлмей, ал тез бұзылатын тауарлар бойынша - тауарды алған кезден немесе алушы тауарды жiберушi қоймасынан алған кезден 24 сағаттан кешiктiрмей және қалған барлық жағдайда - көлiк органдары жүктi берген кезден бастап жүргiзiледi. 
      9.2. Сапасы мен жиынтығы бойынша: 
      а/ тауарларды өзге қаладан және бiр қала iшiнен жеткiзу кезiнде 10 күннен кешiктiрмей, ал тез бұзылатын тауарларды - көлiк органы тауарларды бергеннен кейiн немесе олар жiберушi тауар жеткiзген кезде алушы қоймасына түскенде немесе тауар алушы әкеткен кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, 24 сағаттан кешiктiрiлмей; 
      б/ ыдысымен түскен тауарлардың сапасы мен жиынтығын тексеру, егер жеткiзiлетiн тауарлардың ерекшелiктерiне байланысты шартта өзге мерзiмдер көзделмеген болса, жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей, ыдысты ашқан кезде жүргiзiледi; 
      в/ сыртқы қорғанышымен түскен пайдаланылуына немесе сақталуына кепiлдiк мерзiмi бар машиналар, жабдықтар, приборлар мен басқа да өнiмдер сапасы мен жиынтығы бойынша жүк ашылған кезде, бiрақ белгiленген кепiлдiк мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексерiледi. 
      10. Сауда ұйымдары өздерi осы Нұсқаулықтың 9.2.-тармағында көрсетiлген мерзiмде тауар сапасын тексеру жасағанына қарамастан, 
      өндiрiстiк ақауларды, егер ондайлары тауарларды бөлшек саудаға әзiрлеу кезiнде немесе тауарды алғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде бөлшек сауда кезiнде табылса, оларды актiлеуге құқы бар. 
      11. Тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт, егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен немесе шартпен өзге мерзiм белгiленбесе, жетiспеушiлiк айқындалысымен 5 күн iшiнде, бiрақ алушы қоймасына келiп түскен тауардың жасырылған жетiспеушiлiгi айқындалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жасалуы тиiс. Тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi оларды екi немесе бiрнеше кәсiпорын дәйектi түрде өңдеу барысында айқындалған жағдайда тауарды алған кәсiпорын жетiспеушiлiктi айқындаған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт жасауға тиiс. 
      Пайдалану немесе сақтау мерзiмiне кепiлдiгi бар тауарлардың жетiспеушiлiгi анықталысымен 5 күн iшiнде, бiрақ белгiленген кепiлдiк мерзiмi шегiнде, жетiспеушiлiк туралы акт жасалуы керек. 
      Егер акт жасауға қатысу үшiн жасаушының /жiберушiнiң/ өкiлi шақырылса, онда аталған 5 күн мерзiмiнде, оның келуiне қажеттi уақыты қосылады. 
      Кепiлдiк мерзiмi бөлшек сауда кезiнен бастап есептелетiн тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт, сондай-ақ тауарды алу уақытына қарамастан, сатуға дейiнгi сақталу кезiнде жасалуы мүмкiн. 
      Сол тауар түрi үшiн әдеттегi тексерiс кезiнде байқалмайтын, тек өңдеу, құрастыруға дайындау, құрастыру, сынау, пайдалану, және тауарды сақтау кезiнде ғана анықталатын жетiспеушiлiктерде жасырынды болып танылады. 
      12. Тауарларды сапасы бойынша қабылдаумен бiр мезгiлде тауарлардың жиынтығы, сондай-ақ ыдысының, орауының, таңбалануының стандарттар, техникалық шарттар талаптарына, басқа да екi жаққа мiндеттi ережелерге немесе шартқа, сызбаларға, үлгiлерге /эталондарға/ сәйкестiгi тексерiледi. 
      13. Егер тауардың санын, сапасы мен жиынтығын тексеру белгiленген мерзiмде аяқталса, қабылдау уақытылы өткiзiлген болып саналады. 

            III. ТАУАРЛАРДЫ САНЫ, САПАСЫ МЕН ЖИЫНТЫҒЫ 
                    БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI 

      14. Тауарларды саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауды алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген құрамы кемiнде үш құзырлы адамнан тұратын комиссия жүргiзедi. Материалдық жауапты адамнан басқа, комиссияның өзге мүшелерi сол материалдық жауапты адамға бағынышты болмауы, материалдық құндылықтармен /есебiн алумен, сақтаумен, қабылдаумен және оларды жiберумен/ байланысты болмауға тиiс. 
      тауарларды қабылдау үшiн тараптар шартта комиссияның өзге құрамын белгiлеуi мүмкiн. 
      Тауарларды қабылдау жөнiндегi комиссияға жiберушi /жасаушы/ оны тапсыруға уәкiлдiк берген адамдар: жолсерiк, жүктi келiсiмен тапсыру үшiн шыққан адам және т.б. қатыса алады. 
      Қабылдау комиссиясының мүшелерi тауарларды қабылдау ережелерiнiң қатаң сақталуы үшiн жауап бередi. 
      Алушы кәсiпорын: 
      а/ тауарлардың сақталуын, жетiспеушiлiгiн, ұрлануын, бүлiнуiн, сондай-ақ ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмауды қамтамасыз ету үшiн тауарлардың дұрыс және уақтылы қабылдануына жағдай туғызуға; 
      б/ түскен тауарлардың мөлшерiн /салмағын, орын санын: жәшiк, қап, бума, байлам, буда, қорап және т.б./ дәл анықтауды қамтамасыз етуге; 
      в/ тауарлардың сапасын анықтайтын сынау мен өлшеу құралдарының жарамдылығын, сондай-ақ оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тексерiлуiн қадағалауға; 
      г/ тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдайтын адамдардың жұмысына жүйелi түрде бақылау жасауға және тауарларды қабылдау ережелерiн бұзудан сақтандыруға мiндеттi. 
      15. Тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау стандарттарға, техникалық шарттарға, тараптар үшiн мiндеттi өзге де ережелерге немесе шартқа сәйкес, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауардың санын, сапасы мен жиынтығын куәландыратын көлiктiк және жолдамалық құжаттар /есеп-фактура, сипаттамалар, хаттаулар, орау таңбалары, техникалық паспорт, сертификат және т.б./ бойынша жүргiзiледi. Аталған жолдама құжаттардың немесе олардың кейбiреуiнiң жоқтығы тауарлардың қабылдануын тоқтата алмайды. Мұндай жағдайда түскен тауарлардың нақтылы саны, сапасы мен жиынтығы туралы акт жасалып, онда қандай құжаттардың жоқ екенi көрсетiледi. 
      16. Тауарлар бiр мезгiлде бiрнеше вагон, контейнер немесе автофургон сапымен келiп түсiп, олардың құны бiр есеп айырысу құжаты бойынша төленетiн жағдайда, егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен немесе шартпен iшiнара /таңдаумен/ тексеру мүмкiндiгi көзделмеген болса, алушы барлық вагондағы, контейнердегi не автофургондағы түскен тауардың санын тексеруге мiндеттi. егер түр-түрiнен жекелеген айқындамаларынан жiберушi құжаттарына кереғар тауар жетiспеушiлiгi анықтала қалса, алушы /сатып алушы/ барлық вагоннан, контейнерден немесе автофургоннан келiп түскен тауар санын осы айқындамалар бойынша актiде көрсетедi. Түр-түрлерiнiң жетiспеушiлiгi байқалмаған басқа айқындамалары жөнiнде алынған мөлшердiң көлiктiк және жолдамалық құжаттарға сәйкес келетiндiгi көрсетiледi. 
      Қабылдау актiсiнде әр вагоннан, контейнерден немесе автофургоннан түскен тауардың саны көрсетiлуге тиiс. 
      17. Келiп түскен тауар саны қабылдау кезiнде жолдамалық құжаттарда көрсетiлген өлшем бiрлiгiмен айқындалуы қажет. 
      егер жiберушi осы құжаттарда тауарлардың салмағы мен орын санын көрсетсе, онда алушы тауарды қабылдаған кезде оның салмағы мен орын санын тексеруге тиiстi. 
      18. Таза салмағын тексеру стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен не шартпен белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. 
      тауарды ыдыссыз өлшеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда таза салмағын анықтау тауарды алған кездегi жалпы салмағын және тауардан босағаннан кейiнгi ыдыстың салмағын тексеру жолымен жүргiзiледi. тексеру нәтижесi актiмен ресiмделедi. Ыдыстың салмағы туралы акт, егер шартта өзгеше мерзiм белгiленбесе, ол босағаннан кейiн 24 сағаттан кешiктiрiлмей, ал ылғалды тауардан босаған ыдыстың салмағы тауардан босасымен дереу жасалуы тиiс. Ыдыс салмағын тексеру нәтижесi туралы актiде тауардың жалпы салмағынан ыдыс салмағын алу арқылы анықталған таза салмағы да көрсетiледi. 
      Нақтылы жалпы салмағы мен ыдыстың салмағы тексерiлмейiнше, таза салмақты жолдама және тауар құжаттарында көрсетiлген деректер бойынша ыдыс салмағын жалпы салмағынан шығарып тастау жолымен анықтауға болмайды. Басқа жағдайларда ыдыс салмағын тексеру таза салмақты тексерумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 
      19. Егер қабылдау кезiнде тауарлардың саны бойынша жетiспеушiлiк жөнiнде тауарды қабылдап алған адамдардың қолымен қабылдау актiсiн жасауға және сол қаладағы жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн, ал шартта көзделген болса, басқа қаладағы өкiлдi шақыруға мiндеттi. 
      Тауарларды қабылдау кезiнде жалпы салмағының кейбiр жерлерiнiң ауырлығы көлiктiк немесе жолдамалық құжаттарда немесе трафаретте көрсетiлген ауырлығына сәйкес келмесе, алушы ыдыс пен орамды ашпауға тиiс, сондай-ақ, егер жалпы салмағы дұрыс болғанда, тауарлардың жетiспеушiлiгi таза салмағын немесе кейбiр жерлерiндегi тауар бiрлiгiнiң санын тексеру кезiнде анықталса, алушы қалған жерлерiн тексерудi тоқтатып, сол жерлердiң iшiндегi ашылған ыдыс пен орамды және тауарды әрi қарай қабылдау үшiн шақырылған өкiл келгенше /Нұсқаулықтың 21-тармағы/ сақтап, көрсетуге, тауардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмау шараларын қолдануға мiндеттi. Тауар қабылдаудың, оны тоқтатқанға дейiнгi, нәтижелерi, тауар қабылдауды жүргiзген адамдар жасаған актiде көрсетiледi. 
      20. Келiп түскен тауарлардың сапасы, жиынтығы, таңбалары, ыдысы мен орауы стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, үлгiлер /эталондар/, талаптарына, шартқа, не таңбалауда және тауардың сапасын куәландыратын жолдамалық құжаттарда көрсетiлген /Нұсқаулықтың 21-тармағы/ деректерге сәйкессiздiгi айқындалған жағдайда алушы, тез бұзылатынынан басқа, тауарды одан әрi тексерудi тоқтатып, қарап шыққан тауарлардың саны мен қабылдау кезiнде байқалған ақаулардың сипаты көрсетiп акт жасайды. Алушы сапасы төмен немесе жиынтықты емес тауарлардың сапасын нашарлатуды және басқа ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмайтындай етiп сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      21. Тауарды саны немесе сапасы /жиынтығы/ бойынша қабылдауды тоқтатумен бiр мезгiлде алушы тауар қабылдауды жалғастыруға қатысу үшiн және екi жақты акт жасауға жiберушi өкiлiн, ал айрықша орауда немесе жiберушi болып табылмайтын жасаушының бүлiнбеген ыдысындағы тауарларды қабылдау кезiнде-жасаушының өкiлiн шақыруға мiндеттi. 
      Тауарларды қабылдау жөнiндегi комиссияға жiберушiнiң /жасаушының/ тауарларды тапсыруға жiберген уәкiлдi адамдары қатысса /Нұсқаулықтың 14-тармағы/ жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн оған шақыру мiндеттi емес. 
      Осы Нұсқаулықтың 20,21,22-тармақтарында көзделген жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылмаған жағдайда тауар үшiн есеп айырысу жiберушiнiң жүк жөнелту құжаттары бойынша жасалады. 
      22. Тауар қабылдауды жалғастыру үшiн жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылса, басқа қалада тұратын жiберушi /жасаушы/ алушының шақыруы қолға тиген күннiң ертеңiнен кешiктiрмей, тауарды саны, сапасы және жиынтығы бойынша тексеруге қатысу үшiн өкiлiнiң жiберiлетiнiн не жiберiлмейтiнiн жеделхатпен немесе телефонограммамен хабарлауға мiндеттi. Шақыруға белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң келуiне белгiленген мерзiм бiтпей-ақ алушыға тауарды қабылдау құқы берiледi. 
      Басқа қаладағы жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақыруды алғаннан кейiн, егер шартпен басқа мерзiм белгiленбеген болса, жолға кеткен уақытты есептемегенде, үш күндiк мерзiмнен кешiкпей жетуге мiндеттi. 
      Бiр қаланың iшiндегi жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақыруды алған күннiң ертеңiнен кешiкпей, егер онда басқа мерзiмi көрсетiлмесе, ал тез бұзылатын тауар бойынша-шақыруды алғаннан кейiн 4 сағат iшiнде жетуге мiндеттi. 
      Жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң алушының тауар қабылдауына қатысуына құқық беретiн куәлiгi болуы тиiс. 
      Жiберушi /жасаушы/ тауарларды қабылдайтын жерде орналасқан кәсiпорынның тауар қабылдауға қатысуына өкiлдiк бере алады. 
      Мұндай жағдайда өкiлге куәлiктi оны бөлген кәсiпорын бередi. Куәлiкте жiберушi /жасаушы/ сол кәсiпорынды тауар қабылдауға қатысуға уәкiлдiк ететiн құжатқа сiлтеме болуы керек. 
      Жiберушi /жасаушы/ сол кәсiпорынды тауар қабылдауға қатысуға уәкiлдiк ететiн құжатқа сiлтеме болуы керек. 
      Жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақыру туралы хабарлау жеделхатпен /телефонмен/ 24 сағаттан кешiктiрiлмей, ал тез бұзылатын тауарларға қатысты жетiспеушiлiгi немесе сапасыздығы анықталғаннан кейiн, егер басқа мерзiм шартпен белгiленбесе дереу жiберiлуi /айтылуы/ тиiс. 
      Тауарлардың жетiспеушiлiгi бойынша жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақырту туралы хабарлауды: 
      а/ егер шақырту кезiне дейiн есеп айырысу қағазы алынбаса, тауарлардың атауы, күнi мен есеп-фактураның нөмiрi немесе көлiктiк құжаттың нөмiрi; 
      б/ жеткiлiксiз тауар саны мен жетiспейтiн түрi /жекелеген орын саны, ыдыс iшiндегi жетiспеушiлiк, бүлiнген ыдыстағы жетiспеушiлiк және т.б./; 
      в/ тауарларды саны бойынша қабылдаудың белгiленбеген уақыты көрсетiлуге тиiс. 
      тауарлардың сапасыздығы мен жиынтығы толық еместiгi туралы жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақырту жайындағы хабарлауда: 
      а/ егер шақырту кезiне дейiн есеп айырысу қағазы алынбаса, тауарлардың атауы, күнi мен есеп-фактураның нөмiрi немесе көлiктiк құжаттың нөмiрi; 
      б/ тауарлардағы айқындалған негiзгi жетiспеушiлiктер; 
      в/ тауарларды саны немесе жиынтығы бойынша қабылдауға белгiленген уақыты /қабылдау үшiн белгiленген мерзiмi шегiнде/; 
      г/ сапасы төмен тауарлар мен жинақталуы толық емес тауардың саны көрсетiлуге тиiс. 
      23. Жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылған /Нұсқаулықтың 19,20,21-тармақтары/, бiрақ ол келмеген жағдайда және басқа қаладағы жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң келуi мiндеттi болмаса, тауарларды саны бойынша қабылдауды және жетiспеушiлiгi туралы актiнi: 
      а/ шартта /келiсiмде/ көзделген адамдар құрамында болатын комиссия; 
      б/ жiберушi /жасаушы/ жөнелткен тауарларды қабылдап алуға қатысу өкiлеттiгi негiзiнде сол кәсiпорынның /ұйымның/ басшысы немесе оның орынбасары бөлген басқа кәсіпорынның /ұйымның/ өкiлi қатысатын комиссия, ал мүлдем мүмкiндiк болмаған жағдайда, қабылдауды бастаған алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдар жасайды. 
      24. Алушының /сатып алушының/ шақыртуы бойынша жасаушының /жiберушінiң/ өкiлi белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, өнiмдер мен тауарлардың сапасын тексерудi: 
      а/ шартта /келiсiмде/ көзделген адамдар құрамында болатын комиссия; 
      б/ өнiм сапасы жөнiнде тексерудi - өнiм сапасы жөнiндегi тиiстi салалық инспекциясы, ал тауарлар сапасы тексерудi - тауарлық сараптама бюросының сарапшысы жүргiзедi. 
      Алушы /сатып алушы/ тұрған жерде сапа жөнiндегi тиiстi инспекция бюросы болмағанда, сондай-ақ олар өз өкiлiн жiберуден бас тартқан немесе алушының /сатып алушының/ шақыртуына келмеген жағдайда, тексеру басқа кәсiпорынның /ұйымның/ басшысы немесе оның орынбасары жiберушi /жасаушы/ жөнелткен тауарларды қабылдауға қатысуға өкiлеттiк негiзiндегi сол кәсiпорынның құзырлы өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. 
      ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда, қабылдауды бастаған алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдар тауарлар сапасы мен жиынтығы бойынша одан әрi қабылдайды. 
      25. Тауарларды қабылдауға қатыстыру үшiн қабылдауға жататын тауарлардың санын, сапасы мен жиынтығын айқындау мәселелерiне жетiк адамдар /жұмыс жағдайы, бiлiмi, еңбек ету тәжiрибесi бойынша/ тартылуға тиiс. 
      Тауарларды қабылдау комиссиясына кәсiпорындардың басшылары мен олардың орынбасарлары /олар материалдық жағынан жауапты адамдар болмаған жағдайда да/, материалдық құндылықтарды есептеуге, сақтауға, босату мен қабылдауға қатысы бар адамдар, сол кәсiпорындардың заң қызметiнiң қызметкерлерi, мiншiлдер кiре алмайды. 
      26. Алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдардан тұратын комиссияның бiр құрамы тауарларды қабылдауға айына екi реттен артық қатыса алмайды. 
      27. Тауарларды қабылдауға қатысатын алушы кәсiпорын адамдарының өкiлеттiгi сол кәсiпорын басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен ресiмделедi. Тауарларды қабылдауға құқық беретiн бұйрықта: 
      а/ тауарларды қабылдауға қатысуға уәкiлдiк берiлген адамдардың тегi, аты-жөнi, лауазымы, бұйрық берiлген күнi мен оның нөмiрi; 
      б/ олар нақты қандай тауарларды қабылдауға қатысуға уәкiлдiк алғаны көрсетiлуi керек. 
      Бұйрық нақтылы тауарлар тобын қабылдауға қатысу құқына шығарылады. Бұйрықты қандай да бiр мерзiмде /онкүндiкке, айға және т.б./ шығаруға рұқсат етiлмейдi. 
      Демалыс немесе мереке күндерi тауарларды қабылдау үшiн бұйрық нақты тауарлар тобын көрсетпей-ақ демалысқа немесе мерекеге бiр күн қалғанда шығарылуы мүмкiн, Бұйрық басшысының қолымен мөрiмен расталуы тиiс. 
      Осы Нұсқаулықтың ережелерi бұзыла отырып шығарылған бұйрық жарамсыз болып табылады. 
      Тауарларды қабылдауға қатысуға құқық беретiн басқа кәсiпорындар өкiлдерiне берiлетiн куәлiктер де осы талаптарға сай келуi тиiс. 
      28. Тауарлар қабылдауға қатысуға тартылатын алушы кәсiпорын адамдары осы Нұсқаулықпен таныстырылуы керек. Олар осы Нұсқаулықтың талаптарын сақтауға және тауарлардың жетiспеушiлiгiнiң, сапасыздығы мен жиынтықсыз болу себептерiн, пайда болған жерiн анықтауға қолдан келетiн шаралардың бәрiн қолдануға мiндеттi. 
      29. Тауарларды саны, сапасы және жиынтығы бойынша қабылдайтын адамдар өздерiнiң қатысуымен анықталған фактiлерге ғана өз қолдарын қойып, куә болуға қақылы. Қабылдауға қатысушылардың тiкелей анықталмаған деректердi актiге жазуына рұқсат етiлмейдi. Шындыққа сәйкес келмейтiн деректерi бар тауарлардың саны, сапасы және жиынтығы бойынша қабылдау туралы актiге қолын қойғаны үшiн тауарларды қабылдауға қатысқан адамдар заң жүзiнде жауап бередi. 
      Тауарларды қабылдауға қатысу үшiн бөлiнген басқа кәсiпорын өкiлi тауарларды қабылдауға қатысқаны үшiн алушы кәсiпорыннан сыйақы алуға құқы жоқ. Төлем тек жiберушi /жасаушы/ тарапынан уағдаластық бойынша өкiлiнiң кәсiпорны арқылы ғана жасалуы мүмкiн. 
      30. Тауарларды қабылдау, әдетте, үзiлiссiз жүргiзiлуге тиiс. Тексерудiң ұзақтығынан немесе қандай да бiр себептерден қабылдау жұмыстарында үзiлiс бола қалса, алушы тауарлардың сақталуын және оны қабылдауды тез арада аяқтауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      Тауарларды қабылдау кезiндегi үзiлiс туралы, үзiлiс кезiндегi тауарлардың сақталу жағдайы мен оның себебi туралы осы Нұсқаулықтың 34-тармағына сәйкес актiге жазылады. Актiде нақты сақталу жағдайын көрсетпей, "үзiлiс кезiнде тауардың сақталуы қамтамасыз етiледi" деп жалпылама сипатта жазуға жол берiлмейдi. 

         IV. ТАУАР САНЫН, САПАСЫН IРIКТЕП /IШIНАРА/ТЕКСЕРУ. 
          ТАУАРДЫҢ САНЫН, САПАСЫН АНЫҚТАУ ҮШIН ҮЛГIЛЕРI 

      31. Егер бұл стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделген болса, тауар санын, сапасын iрiктеп /iшiнара/ тексерiп, тауардың бiр бөлiгiн тексеру нәтижесiн бүкiл топқа қолдануға рұқсат етiледi. 
      32. Стандарттармен, техникалық шарттармен, басқа да мiндеттi ережелермен немесе шартпен тауарлар сапасын анықтау үшiн үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу көзделген жағдайда, тауарларды сапасы бойынша қабылдауға қатысатын адамдар сол тауарлардың үлгiлерiн /сынамаларын/ таңдап алуға мiндеттi. 
      Үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу жоғарыда көрсетiлген нормативтiк актiлерге өте-мөте сәйкес жүргiзiледi. Таңдап алынған үлгiлерге /сынамаларға/ мөр басылады не пломбыланады және таңдап алуға қатысушы адамдардың қолы қойылған этикеткалармен жабдықталады. 
      33. Үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу туралы акт жасалады, оған қатысушы адамдардың бәрi қол қояды. Актiде: 
      а/ актi жасалған уақыты мен орны, тауарларды алушының аты, үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алуға қатысқан адамдардың тегi мен лауазымы; 
      б/ тауарлар келiп түскен жасаушының /жiберушiнiң/ атауы; 
      в/ тауарлар келiп түскен есеп-фактура мен көлiк қағазының нөмiрi мен күнi және олардың алушы қоймасына түскен күнi, ал тауарларды жеткiзушi келгенде және жеткiзу қоймасынан босатылған кезде тiркеме қағаздың немесе тауарды өткiзген есеп-фактураның нөмiрi мен күнi; 
      г/ тауардың орын саны мен салық мөлшерi, сондай-ақ үлгiлерi /сынамалары/ таңдап алынған орындардың саны мен нөмiрлерi; 
      д/ стандарттарда, техникалық шарттарда, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген тәртiппен үлгiлердiң /сынамалардың/ таңдап алынғандығын көрсету /олардың нөмiрi мен күнiне сiлтеме жасау/; 
      г/ таңдап алынған үлгiлер /сынамалар/ стандарттарда немесе техникалық шарттарда көзделген деректермен жабдықталғандығы; 
      ж/ үлгiлер /сынамалар/ кiмнiң мөрiмен немесе пломбасымен, /пломба таңбасымен/ пломбаланғаны немесе мөрленгенi; 
      з/ тауарлардың немесе өнiмдердiң сапасы қолданылып жүрген нормативтi-техникалық құжат талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi; 
      и/ үлгiлердi таңдап алуға қатысушы адамдар үлгiлерге /сынамаларға/ неғұрлым толық сипаттама беру үшiн, актiге енгiзiлуi қажет деп тапса, басқа да деректер көрсетiлуi тиiс. 
      34. Таңдап алынған үлгiлердiң /сынамалардың/ бiрi алушыда қалып, екiншiсi тауарларды жасаушыға /жiберушiге/ жiберiледi. Стандарттарда, техникалық шарттарда, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген барлық жағдайда, талдауға немесе лабораторияда немесе ғылыми-зерттеу институттарында сынауға тапсыру үшiн қосымша үлгiлер /сынамалар/ таңдап алынады. 
      Үлгiлердi /сынамаларды/ талдауға немесе сынаққа тапсырылғаны жайында үлгiлердi таңдау актiсiне тиiстi белгiлер қойылады. Тауардың /сапасы сараптау арқылы расталына алатын тез бұзылатынынан басқасы/ таңдап алынған үлгiлерi /сынамалары/ тауарлардың сапасы туралы дау шешiлгенге дейiн, ал сапасыз тауарлардың шығарылуы жайындағы материалдар прокуратура мен сот органдарына берiлген жағдайда осы орындарды iс шешiлгенге дейiн ашылуда /жасаушыда/ сақталуы тиiс. 

               V. ҚАБЫЛДАУ АКТIЛЕРIН РЕСIМДЕУ ЖӘНЕ 
                      ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 

      35. Егер тауарларды қабылдау кезiнде көлiктiк және жолдамалық құжаттарда /есеп-фактурада, сипаттамада, хаттауда, орау қағаздарында және т.б./ көрсетiлген деректерге кереғар тауар жетiспеушiлiгi айқындалса, онда тауарларды саны бойынша қабылдау нәтижесi актiмен ресiмделедi. Акт тауар жетiспеушiлiгi айқындалған сол күнi жасалуға тиiс. 
      Тауар жетiспеушiлiгi туралы актiде: 
      а/ актiнi жасаған алушының аты мен оның мекен-жайы; 
      б/ актiнiң жасалған күнi мен нөмiрi, тауарлар қабылдаған және актi жасалған жерi, тауарды қабылдауды бастаған және аяқтаған уақыты; 
      тауар қабылдауға белгiленген мерзiмнен ауытқыған жағдайда уақытында қабылданбаудың себебi, кешiгудiң басталуы мен аяқталу уақыты; 
      в/ тауарларды саны бойынша қабылдауға және актi жасауға қатысушы адамдардың тегi, аты-жөнi, олардың жұмыс орны, атқаратын қызметi, құжаттың берiлген күнi мен нөмiрi, тауарларды қабылдауға қатысуға актi жасаған адамдардың өкiлеттiлiгi, сондай-ақ осы адамдардың тауарларды саны бойынша қабылдау ережелерiмен таныстырылғаны көрсетiлуге тиiс; 
      г/ жiберушi /жасаушы/ мен жеткiзушiнiң атауы мен мекен-жайы; 
      д/ жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн шақырту туралы телефонограмманың немесе жедел-хаттың берiлген күнi мен нөмiрi; 
      е/ есеп-фактура мен көлiктiк тiркеме қағаздың /коносаменттiң/ күнi мен нөмiрi; 
      ж/ тауарлардың жөнелту станциясынан /тоқтамадан, айлақтан/ немесе жiберушi қоймасынан жөнелтiлген күнi мен нөмiрi; 
      з/ тауарлардың белгiленген станцияға /тоқтамаға, айлаққа/ келген күнi, көлiк органының жүктi берген уақыты, вагонды, контейнердi, автофургонды және басқа да пломбаланған көлiк құралдарын ашқан уақыты алушы қоймасына тауарлардың жеткiзiлген уақыты; 
      и/ егер ондай акт тауарларды көлiк органынан алған кезде жасалған болса, коммерциялық актiнiң /автомобиль көлiгi органы берген актiнiң/ нөмiрi мен күнi; 
      к/ қабылдауға дейiн алушы қоймасында тауарлардың сақталу жағдайы, таразылардың және басқа өлшеу аспаптарының /жүк көтергiштiгi, таңба салынған, сынақтан өткен күнi және т.б./ қалпы туралы мәлiметтер; 
      л/ тауарды байқап көру кезiндегi ыдыс пен ораудың жайы, ыдыстың сыртқы таңбалану тұрқы, солардың негiзiнде жiберушiнi не жасаушының орауында ұсынылып отырғанын аңғартуға болатын басқа да деректер, ыдыстың ашылған күнi; 
      м/ тауарды iрiктеп тексеру кезiнде - iрiктеп тексеру негiзiн көрсете отырып, тауарларды таңдап алу тәртiбi /стандарт, техникалық талап, шарт/; 
      н/ тауар кiмнiң таразысымен немесе пломбасымен /жiберушiнiң немесе көлiк органының/ тиелгенi, көлiк жүйесiндегi қолданылып жүрген ережелерге сәйкес пломбалардың жарамдылығы мен таңбалардың мазмұны жетiспеушiлiк айқындалған әр орынның нақтылы және ыдыстағы /ораудағы/ трафарет бойынша салмағы; 
      о/ орындардың /құжаттар бойынша және нақтылы/ көлiк және жiберушi таңбасы, жеке орындарда орау белгiлерiнiң, пломбалардың бар болуы немесе жоқтығы; 
      п/ жетiспейтiн тауар саны қандай тәсiлмен анықталғаны /таразыға тартумен, орын есебiмен, өлшеумен т.б./, жетiспейтiн тауар мен ыдыс орны вагонда, контейнерге және т.б. сия алатын ба едi; 
      р/ жетiспеушiлiктi растау үшiн қабылдауға қатысушы адамдардың пiкiрi бойынша басқа деректердi актiде көрсетудiң қажеттiгi; 
      с/ жетiспейтiн тауардың дәл саны және егер қабылдау кезiнде бағасы белгiлi болса, оның құны; 
      т/ жетiспеушiлiктiң себептерi мен мәлiм болған орыны туралы қорытынды көрсетiледi. 
      Егер тауарларды қабылдау кезiнде жетiспеушiлiк қана емес, сонымен қатар жiберушiнiң /жасаушының/ көлiктiк және жолдамалық құжаттарында жоқ артық заттар табылса, онда актiде осы артық заттар туралы дәл деректер көрсетiлуi тиiс әрi алушы бұл жайында жiберушiге /жасаушыға/ дереу хабарлауға мiндеттi. 
      36. Тауар жетiспеушiлiгi белгiленген қабылдау актiсiне: 
      а/ жолдамалық құжаттардың көшiрмесi немесе салыстыру ведомостi, яғни нақты қолда бар тауарларды жiберушiнiң /жасаушының/ құжаттарында көрсетiлген деректермен салыстыру ведомостi; 
      б/ әрбiр ыдыс орнына салынған орау таңбалары /байлам картасы және т.б./; 
      в/ егер ондай тексеру жүргiзiлген болса, жүк салмағының тексерiлгендiгi туралы белгiленген станцияның /тоқтаманың, айлықтың/ түбiртегi; 
      г/ көлiк органынан коммерциялық актi жоқ болса, жетiспеушiлiк табылған вагоннан /контейнерден, автофургоннан, басқа көлiк құралдарынан/, ыдыс орындарынан алынған пломбалары; 
      д/ түпнұсқалық көлiк құжаты /тiркеме қағаз, коносамент/, ал сол құжатқа байланысты алушы көлiк органына наразылық бiлдiрген жағдайда - оның көшiрмесi; 
      е/ тауар қабылдаған адамдардың өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттар /бұйрық, куәлiк, сенiмхат/; 
      ж/ осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес жасалған акт; 
      з/ егер тауарлардың мөлшерi таразылау немесе өлшеу жолымен анықталса, таразылау мен өлшеу деректерi бар құжаттар; 
      и/ жетiспеушiлiктiң болу себептерiн куәландыратын басқа да құжаттар /ылғалдыққа бейiм тауарлардың ылғалдылығына талдау жасау, мұзбен жабдықтау жайындағы мәлiмет, коммерциялық актiлер және т.б./; 
      к/ тез бұзылатын тауарларды қабылдау актiсiне - вагондарды беру мен әкету ведомосi, жалпы пайдаланымдағы орындарда жүк алушылардың құралдарымен жүктi түсiру кезiнде қабылдау-тапсыру жаднамасы қоса тiркелуi тиiс. 
      37. Осы Нұсқаулықтың 23,24-тармақтарында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау нәтижесi жөнiнде алынған тауарлардың нақты сапасы мен жиынтығы туралы акт жасалады. 
      акт тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау аяқталған күнi жасалуы тиiс. 
      Бұл актiде: 
      а/ тауар алушының атауы мен оның мекен-жайы; 
      б/ актiнiң жасалған күнi мен нөмiрi, тауарлар қабылдаған жерi, тауарларды қабылдауды бастаған және аяқтаған уақыты, осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен тауарлар белгiленген мерзiмi бұзылып қабылданған жағдайда, актiде қабылдауды кiдiрту себептерi, оның басталған және аяқталған уақыты көрсетiлуге тиiс; 
      в/ тауарларды сапасы бойынша қабылдауға және акт жасауға қатысқан адамдардың тегi, аты-жөнi, олардың жұмыс орны, атқаратын қызметi, тауарларды сапасы мен жиынтығы бойынша тексеруге қатысатын өкiлдiң өкiлеттiгi туралы құжаттың берiлген күнi мен нөмiрi, сондай-ақ бұл адамдардың тауарларды сапасы бойынша қабылдау ережелерiмен таныстырылғандығы туралы мәлiмдеу; 
      г/ жасаушының, жiберушiнiң аты мен мекен-жайы; 
      д/ жасаушының /жiберушiнiң/ өкiлiн шақырту туралы телефонограмманың немесе жеделхаттың берiлген күнi мен нөмiрi немесе жасаушыны /жiберушiнi/ шақырту мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделмегенi туралы белгi; 
      е/ тауарларды жеткiзу туралы шарттың, есеп-фактураның, көлiктiк тiркеме қағаздың /коносаменттiң/ және тауардың сапасын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен берiлген күнi; 
      ж/ тауарлардың белгiленген станцияға /тоқтамаға, айлаққа/ келген күнi, көлiк органының жүктi берген уақыты, вагонды, контейнердi, автофургонды және басқа пломбаланған көлiк құралдарын ашқан уақыты, алушы қоймасына тауарлардың жеткiзiлген уақыты; 
      з/ егер көлiк органынан тауарды алған кезде ондай акт жасалған болса, коммерциялық актiнiң /автомобиль көлiгi органы берген актiнiң/ нөмiрi мен берiлген күнi; 
      и/ тауарларды байқап көру кезiндегi ыдыс пен ораудың жайы, ыдыстың сыртқы таңбасының тұрқы және тауарларды жiберушiнiң не немесе жасаушының ба орауында жiберiлiп отырғанын аңғаруға болатын басқа да деректер, ыдыс пен ораудың ашылған күнi, таңбалаудан, ыдыс пен ораудың кемшiлiктерi, сондай-ақ айқындалған кемшiлiктердiң әрбiрiнiң қатысы бар тауарлардың саны; 
      л/ тауарларды iрiктеп тексеру кезiнде - iрiктеп тексеруге негiздi көрсете отырып /стандарт, техникалық талап, басқа да мiндеттi ережелермен шарт/, iрiктеп тексеру үшiн тауарларды сұрыптау тәртiбi; 
      м/ тауар кiмнiң, жiберушiнiң немесе көлiк органының пломбасымен тиелгенi және алынғаны, пломбалардың, олардағы таңбалардың дұрыстығы орындарды көлiктiк және жөнелтулiк таңбалау /құжаттар бойынша және нақтылы/, жекелеген орындарда орау таңбалары мен пломбалардың бары-жоғы; 
      н/ байқап көруге ұсынылған және жасаушының өзiнде немесе сол жерде, соның iшiнде жеке бөлшектерiн ауыстыру жолымен жөндеуге жататын жарамсыз деп табылған тауарларды айқындап отырып, нақтылы тексерiлген тауарлардың, сондай-ақ олардың сапасын куәландыратын құжатта көрсетiлген сортына сәйкес келмейтiн тауарлардың саны /салмағы/, толық атауы және санамасы. Айқындалған кемшiлiктердi егжей-тегжейлi баяндау және олардың сипаты; 
      о/ стандартқа, техникалық шарттарға, басқа да мiндеттi ережелерге сiлтеме жасалып, тауардың неғұрлым төмендегi сортқа көшiрiлуiне негiздемелер; 
      п/ жинақталмаған тауар саны, жетiспейтiн бөлшектер, тораптар мен бөлiктер тiзбесi және олардың құны; 
      р/ стандарттың, техникалық шарттардың, сызбалардың, үлгiлердiң /эталондардың/ нөмiрi, тауарлардың сапасына тексеру жүргiзген шарттың нөмiрi мен жасалған күнi; 
      с/ егер тауарда ондай нөмiр көрсетiлсе, тауарды жасаушы кәсiпорындағы өнiм сапасын тексерушiсiнiң нөмiрi; 
      т/ үлгiлердiң /сынамалардың/ таңдап алынғандығы және олардың қайда жiберiлгендiгi; 
      у/ қабылдауға қатысушы адамдардың пiкiрi бойынша тауарлардың сапасыздығын немесе жиынтықсыздығын растау үшiн актiде көрсетiлуге тиiстi басқа да деректер; 
      ф/ тауарларда табылған ақаулардың сипаты және олардың пайда болу себептерi туралы қорытынды көрсетiлуге тиiс. 
      38. Тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау актiсiне: 
      а/ тауарлардың сапасы мен жиынтығын куәландыратын жасаушы /жiберушi/ құжаттары; 
      б/ тауарлардың сапасыздығы мен жиынтықсыздығы айқындалған ыдыс орындарынан алынған орау таңбалары; 
      в/ көлiк құжаты /тiркеме қағаз, коносамент/; 
      г/ тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауға қатысатын адамдардың өкiлеттiгiн куәландыратын құжат /бұйрық, наряд, куәлiк, сенiмхат/; 
      д/ осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес жасалған акт; 
      е/ үлгiлердi /сынамаларды/ таңдап алу актiсi және таңдап алынған үлгiлердi /сынамаларды/ талдау /сынау/ нәтижесiнiң қорытындысы; 
      ж/ тауарлардың бұзылуы /сапасының нашарлауы/ немесе олардың жиынтықсыздығы себептерi жайында куәландыратын басқа да құжаттар /коммерциялық актiлер, тез бұзылатын жүктер үшiн - мұзбен жабдықтау туралы мәлiметтер, температуралық режим, сондай-ақ вагондардың берiлуi мен әкетiлу ведомостiсi, жалпы пайдаланылымдағы орындарда жүк алушылар құралдарымен жүктi түсiру кезiндегi қабылдау-тапсыру жаднамасы және т.б./ қоса берiлуi тиiс. 
      39. Тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы жөнiндегi қабылдау актiлерiне қабылдауға қатысқан барлық адамдардың қолдары қойылуы керек. Актiнiң мазмұнымен келiспеген адам келiспейтiндiгi жайында өз пiкiрiн бiлдiре отырып, актiге қолын қоюға мiндеттi. 
      Қабылдауға қатысушы адамдар қол қояр алдында шындыққа сәйкес келмейтiн деректерi бар актiге қол қойғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы актiде сiлтеме болуға тиiс. 
      40. Саны бойынша қабылдау актiлерi мен осы Нұсқаулықтың 23,24-тармақтарының "а" және "б"-тармақшаларында көрсетiлген өкiлдердiң қатысуымен жасалған тауар сапасыздығы немесе жиынтықсыздығын айқындаушы актiнi сол жасалған күннiң ертеңiнен кешiктiрмей, алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары бекiтедi. 
      Қабылдау демалыс немесе мереке күнi жасалған жағдайда, қабылдау актiсi демалыс немесе мереке күнiнен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi бекiтiлуге тиiс. 
      Тауарлық сараптау бюросы немесе өнiмдер сапасы жөнiндегi инспекция жасалған актiлер инспекциялар және тауарлық сараптау бюросы туралы тиiстi ережелерге сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiледi. 
      Тауарларды қабылдау актiсi кемiнде үш данадан жасалады. Актiнiң мазмұны анық болуы ол жеңiл оқылуға тиiс. 
      41. Тауарлардағы жасырылған жетiспеушiлiктер туралы акт осы Нұсқаулықтар, басқа да мiндеттi ережелер мен шартта көзделген тәртiппен жасалады. 
      42. Тұтынушы дүкеннен сатып алынғаннан кейiн сапасыздығына көзi жеткен тауарлар жөнiнде алушы /сатып алушы/ осы Нұсқаулықтың 37-шi тармағында көрсетiлген актiнiң орнына жасаушыға /жiберушiге/: 
      а/ тұтынушының тауарларды ауыстыру жайындағы өтiнiшiн және тауарлардың, оларды жасаушының, жiберушiнiң /жеткiзушiнiң/ атауын, тауарлардың бағасын, кемшiлiктердiң сипаты мен оның пайда болу себебiн, тауарларды сату, ауыстыру, жөндеу немесе олардың құнын қайтару уақтысы көрсетiлген дүкен қорытындысын; 
      б/ бөлшек сауда жүйесiнен сатып алынған өнеркәсiп тауарларын ауыстыру Ережелерiнде көзделген, тауарлардың сапасы төмен екенiн растайтын құжаттар; 
      в/ тұтынушының тауарды ауыстырғаны немесе оның құнын алғаны туралы қолхат ұсынуы керек. 
      43. Жасаушы /жiберушi/ немесе алушы /сатып алушы/ оған негiз болған жағдайда сапа жөнiндегi инспекцияның, тауарларды сараптау бюросының немесе ғылыми-зерттеу институтының /лабораториясының/ қорытындысы жөнiнде жоғары тұрған ұйымға қарсылық бiлдiруiне қақылы. осы арыздың көшiрмесi екiншi жаққа жiберiледi. Егер тиiстi жоғары ұйым жасаушының /жiберушiнiң/ немесе алушының /сатып алушының/ дәлелдерi негiздi деп тапса, онда тез бұзылатын тауарлардан басқасына, белгiленген тәртiппен қайтадан сараптама жасау белгiленедi. 
      Тауарларды қайтадан сараптама жасау, сондай-ақ соттың немесе тергеу органдарының тапсыруымен де жүргiзiлуi мүмкiн. 
      44. Жасаушы /жiберушi, жеткiзушi/ алушы /сатып алушы/ жарамсыз деп тауып қайтарған тауарлардың сапасын шартта көзделген тәртiппен, сондай-ақ осы Нұсқаулықта алушы /сатып алушы/ үшiн белгiленген тәртiппен қайта тексеруге қақылы. 
      45. Тауарлардың саны: сапасы және жиынтығы бойынша қабылдау актiлерi алушы кәсiпорында белгiленген тәртiппен тiркелiп, сақталады. 
      46. Алушы /сатып алушы/ төмендеу сортқа түсiрiлген тауарларды қабылдаған жағдайда қабылдау нәтижесi туралы актiге сәйкес бұл тауарлар жасаушы /жiберушi/ есебiнен қайта таңбаланады. Шартта қайта таңбалауды кiмнiң: жасаушының /жiберушiнiң/ немесе алушының /сатып алушының/ жүргiзетiнi қарастырылуға тиiс. 

              VI. ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕТIСПЕУШIЛIГI, САПАСЫЗДЫҒЫ   
              МЕН ЖИЫНТЫҚСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДIҢ 
                           ШАҒЫМДЫҚ ТӘРТIБI 

      47. Тауарлардың саны бойынша жетiспеушiлiкке байланысты шағымды және сапасы, жиынтығы, ыдысы, оралуы мен таңбалануы жөнiнде стандарттарға, техникалық шарттарға, сызбаларға, рецептураларға, үлгiлерге /эталондарға/ сәйкес келмейтiн тауарлардың жеткiзiлуiнен туындайтын шағымды алушы /сатып алушы/ жасаушыға /жiберушiге, жеткiзушiге/ белгiленген мерзiмде түсiредi. 
      Егер алушыға /сатып алушыға/ жасаушы немесе оның тұрған орны белгiсiз болса, онда шағым екi данада жiберушiге /жеткiзушiге/ жолданады, ол оны алғаннан кейiн кешiктiрмей, бiр данасын жасаушыға жiберiп, бұл жайында алушыны /сатып алушыны/ хабардар етуге мiндеттi. 
      Шағымға, егер жiберушiде /жасаушыда, жеткiзушiде/ олар жоқ болса, осы Нұсқаулықтың 36,38-тармақтарында көрсетiлген қосымшаларымен бiрге тауарлардың жетiспеушiлiгiн немесе сапасыздығын, жиынтықсыздығын дәлелдейтiн қабылдау актiсi, сондай-ақ, егер шағым берiлген кезде тауар сатылып кеткен болса, санитарлық қадағалау органдарының нұсқауы бойынша тез бұзылатын тауарлардың сатылуын растайтын құжаттар қоса тiркелуге тиiс. 
      Тауарлардың сапасы туралы шағымға санитарлық қадағалау органдарының нұсқауы бойынша тез бұзылатын тауарды жою туралы, өнiмдердi металл сынықтары ретiнде тапсырғаны туралы актiлерде және өнiмдердi олардың нақтылы сапасына сәйкес жергiлiктi жерде пайдаланылғаны туралы өзге де құжаттар қосылады. 
      48. Тауарлардың төмендеу сортқа көшiрiлуiне байланысты олардың құнындағы /арзандату/ айырмасының орнын толтыру туралы шағым түскен жағдайда, алушы тауарлардың нақты алынған сорты мен кiрiске алынғанын растайтын құжаттарды шағымға қосуға мiндеттi. Сауда ұйымдары, егер тауарлар әлi сатылмаса, тауарлар қай сортқа көшiрiлсе, сол бағамен сатылғаны туралы немесе қайта бағаланғаны туралы ұйым басшысының /немесе оның орынбасарының/ және бас бухгалтердiң қолдары қойылған анықтаманы, сондай-ақ тауарлардың тиiстi сортқа қайта таңбаланғандығы туралы лауазымды адамдардың қолы қойылған анықтаманы түсiруге мiндеттi. 
      49. Тауар жетiспеушiлiгi туралы шағым алынысымен жiберушi /жасаушы/ кәсiпорын басшысы немесе оның орынбасары шағым материалдары бойынша қызметтiк тексерудi белгiлейдi. Тексеру материалдарын жiберушi /жасаушы/ кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары қарап, бекiтедi. 
      Қызметтiк тексеру нәтижелерi туралы жiберушi /жасаушы/ кәсiпорын алушы шағымына жауап бергенде хабарлайды. 
      Тексеру нәтижесi бойынша тауарларды бей-берекет ұстау және ұрлау фактiлерi анықталған жағдайда, жiберушi кәсiпорын басшысы ол туралы дереу Iшкiiсминi органдарына немесе прокуратураға хабарлап, оларға тиiстi құжаттарды жiберуге мiндеттi. 
      Қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысы немесе оның орынбасары сапасыз немесе жинақталмаған тауар шығаруға кiнәлi адамдарды заң жүзiмен жауапқа тарту үшiн материалдарды прокуратураға жiбередi. 
      50. Шағымды қарау нәтижесi туралы жiберушi /жасаушы, жеткiзушi/ оны алған күннен бастап, белгiленген мерзiмде алушыға хабарлайды. 
      Шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, алушыға шағымға қосылған құжаттар қайтарылады. 
      51. Егер жетiспеушiлiк тауарды қайтарып жiберген сатып алушының кiнәсiнен болмаса, сатып алушы тауардың бастапқы жiберушi-жасаушы ыдысын немесе орауын ашпай жiберсе, соңғысы тауар жетiспеушiлiгi үшiн жауапкершiлiктен құтыла алмайды. 
      Бастапқы жiберушi /жасаушы/ тауарларды ыдысын ашпай тиеп жiберген сатып алушы шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептерiнен басқа, сол тауарларды алған күнiн және жiберушi /жасаушы/ шотының жiберiлген күнi мен нөмiрiн хабарлауға мiндеттi. 
      52. Егер қолданылып жүрген заңдар бойынша жүктiң жетiспеушiлiгi, сапасы төмендiгi немесе оның бұзылғаны үшiн көлiк органдарына жауапкершiлiк артуға негiз болса, алушы тиiстi көлiк органына белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады