Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 қараша 1994 ж. N 1249. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясы орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 30 адам болып бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясына төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1994 жылғы 9 қарашадағы       
N 1249 қаулысына           
қосымша               

           Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық
                 комиссиясы орталық аппаратының
                            Құрылымы

     Физика-математика, техникалық ғылымдар, 
     Жер және ғарыш туралы ғылым бөлiмi

     Химия, биология, медицина және ауыл шаруашылығы
     ғылымдары бөлiмi

     Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi     

     Аттестациялық және ақпараттық құжаттар бөлiмi

     Әкiмшiлiк басқару бөлiмi     

     Бухгалтерия (Сектор)      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады