1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 136 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне министрдiң
3 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң I бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 13 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 1250 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Заң жөнiндегi бас басқарма Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi) Соттардың жұмысын ұйымдастыру басқармасы (жетекшi) Қоғамдық және дiни бiрлестiктер iстерi жөнiндегi басқарма (жетекшi) Кадр және оқу орындары басқармасы (жетекшi) Әскери соттар басқармасы (жетекшi) Бiрiншi және құқықтық статистика бөлiмi (жетекшi) Нотариат, азаматтардың хал актiлерiн тiркеу және адвокатура бөлiмi (жетекшi) Заң қызметi және құқықтық тәрбие бөлiмi (жетекшi) Қаржы-жоспарлау бөлiмi (жетекшi) Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi (дербес) Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (дербес) Шаруашылықты қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (дербес)