Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң акционерлiк банктердегi өкiлi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 10 қараша N 1256. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.20. N 304 қаулысымен.

      "Тұранбанк", "Кредәлеуметбанк", "Қазақстан Әлембанкi", "Қазагроөнеркәсiпбанк" және "Қазақстан Республикасының Халық банкi" акционерлiк банктерiндегi акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруды жақсарту және мемлекеттiң бiрыңғай кредит-қаржы саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Аталған банктердiң Байқаушылар кеңестерiнiң құрамына басқа қызметтен босатылған мемлекеттiк меншiк үлесi жөнiндегi Министрлер Кабинетi Өкiлiнiң лауазымы енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң акционерлiк банктердегi Өкiлi (бұдан әрi - Өкiлi) туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Өкiлдiң лауазымдық айлығы мен еңбегiне ақы төлеу жағдайы Банк басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасарының лауазымдық айлығы мен еңбегiне ақы төлеу жағдайына теңестiрiлiп, шығындары акциялардың мемлекеттiк пакетiне аударылатын үлес - пайдаға жатқызылатын болып белгiленсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 10 қарашадағы
                                            N 1256 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
                 акционерлiк банктердегi Өкiлi туралы
                              Ереже

                    Жалпы қағидалар
      Өкiл банктiң Үкiмет шешiмдерiн орындауы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiн үнемi хабардар етудi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы iсiнде Үкiмет пен банктiң өзара iс-қимылын нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыратын арнайы уәкiлдiк берiлген лауазымды адам болып табылады.
      Өкiлдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындап, қызметiнен босатады және ол оған есеп берiп отырады.
      Өкiл өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн басшылыққа алады.

                    Өкiлдiң мiндетi мен қызметi
      Өкiл:
      қаржы-кредит қатынастары саласындағы түйiндi перспективалық бағыттар бойынша республиканы дамытудың келелi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын талдайды және оларды шешу жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсiлген ұсыныстарды әзiрлейдi;
      инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инновациялық қызметтi ынталандыру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
      банк қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, енгiзедi;
      өзара пайдалы экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатында қызмет көрсететiн шаруашылық органдарымен неғұрлым жетiлдiрiлген қарым-қатынасты қалыптастырып, банкпен бiрге iске қосады;
      банкпен бiрге сыртқы экономикалық байланысты дамыту стратегиясы, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық, техникалық көмектi пайдалану, банк қызметшiлерiн даярлау мен қайта даярлау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi алдында өз қызметi жөнiнде тоқсан сайын есеп берiп отырады және Үкiметке жыл сайын банктiң экономикалық есебiн әзiрлеудi жүзеге асырады.
      Аталған қызметтi жүзеге асыру мақсатында Өкiлдiң:
      Банк басқармасының мәжiлiстерiне байқаушы ретiнде қатысуға;
      банктiң құрылымдық бөлiмшелерiнен өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде (Банк басқармасының төрағасымен келiсу бойынша) қажеттi негiздемелердi, есептеулер мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
      Үкiмет шешiмдерiн жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн банк қызметкерлерi қатарынан (Банк басқармасының төрағасымен келiсу бойынша) жұмыс топтарын құруға;
      жаңа экономикалық қатынастардың нормативтiк негiзiн жасау жөнiнде Үкiмет шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеуге;
      шетел мамандарын қабылдауға, олармен бiрге (Банк басқармасы төрағасымен келiсу бойынша) банк қызметiн жақсарту жөнiнде практикалық ұсыныстар әзiрлеу үшiн бiрлескен жұмыс топтарын құруға уәкiлдiгi бар.
      Аталған банктердегi Министрлер Кабинетiнiң өкiлдерi арасындағы қызметтi үйлестiру Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасарына жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады