1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 51 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетке Комитет төрағасының бiр орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитеттiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1261 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Кендi және кендi емес өнеркәсiптегi қадағалау бөлiмi Көмiр өнеркәсiбiндегi қадағалау бөлiмi
Химия, мұнай мен газ өңдеу, металлургия өнеркәсiбiндегi және қауiптi жүктердiң темiр жол көлiгiмен тасымалдануын қадағалау бөлiмi
Мұнай және газ өндiру өнеркәсiбiндегi, геология және
магистралдық мұнай, газ өнiмдерi құбырларындағы қадағалау бөлiмi Қазандық-газ қадағалау, көтеру құралдарын және астық өнiмдерi кәсiпорындарын қадағалау бөлiмi Әскерилендiрiлген, мұнайдың атқылауына және газ ысырабына қарсы күресушi бөлiмшелер бөлiмi Өндiрiстердiң бақылау және белгi беру аппаратурасымен, техникалық қауiпсiздiк құралдарымен қамтамасыз етiлуiн қадағалау бөлiмi Техника бөлiмi Кадр, құпиялық тәртiбi мен iс жүргiзу бөлiмi Бухгалтерия