Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 30 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне бас директордың 1 орынбасарын, сондай-ақ 5 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 14 қарашадағы
N 1264 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы
жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Ядролық қауiпсiздiк бөлiмi (жетекшi)
Ядролық және екi мақсатта қолданылатын материалдарға
мемлекеттiк есеп пен бақылау жүйесi бөлiмi (жетекшi)
Ғылыми-техникалық бөлiм (жетекшi)
Радиология және радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату бөлiмi
(жетекшi)
Физикалық қорғау және тәртiп-құпия жұмыс жөнiндегi бөлiм
(жетекшi)
Қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi (дербес)