Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 15 қараша N 1287. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.07.29. N 942 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1879 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет /бұдан былай - Комитет/ атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады және қорғаныстық және қос қолданыстағы өнiмдердi талдап жасау мен өндiру саласында мемлекеттiк реттеу, өз қарауындағы мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады деп белгiленсiн. Комитеттiң өз қызметi шегiндегi шешiмдерi республиканың мемлекеттiк басқару органдары үшiн мiндеттi.
      2. Комитетке мынадай негiзгi мiндеттер жүктелсiн:
      қару жарақты және әскери техниканы, қос қолданыстағы өнiмдi талдап жасау және өндiру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялау саласында мемлекет саясатын жасау;
      мемлекет мұқтажы үшiн қорғаныс кешенi өнiмдерiн сатып алуға және беруге тапсырыс жасауға қатысу;
      кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындардың қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрi, қос қолданыстағы өнiмдердi талдап жасау және өндiру саласындағы қызметiн лицензиялау;
      жұмылдыру қуаттарын жасау, дамыту және сақтау жөнiндегi жұмылдыру жоспарлары мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру;
      шет ел ведомстволарымен, компаниялармен, кәсiпорындарымен, әскери-техникалық ынтымақтастық жөнiнде ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, кооперациялық байланыстар орнату;
      жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, сондай-ақ қару-жарақты шектеу, қысқарту және жою жөнiндегi халықаралық шарттарды, келiсiмдер мен мiндеттемелердi өз құзыры шегiнде жүзеге асыру.
      3. Комитет екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы ереженi ұсынатын болсын.
      4. Комитеттiң орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      5. Комитеттiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 40 адам болып бекiтiлсiн.
      6. Комитетке төрағаның екi орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға рұқсат берiлсiн.
      7. Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тиiстi қаулысының 1-кестесiне сәйкес, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары қызметкерлерi үшiн белгiленген еңбекақы төлеу шарттары қолданылсын.
      8. Комитет төрағасына белгiленген құрылым, адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде кестесiн бекiту құқы берiлсiн.
      9. Комитет пен басқару аппараты басшыларының лауазымы медициналық, тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету және көлiк қызметiн көрсету жағынан Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң тиiстi лауазымдарына теңестiрiлсiн.
      10. Комитетке құрамында Комитет төрағасы /алқа төрағасы/, оның орынбасарлары, Комитеттiң басшы қызметкерлерi және қорғаныс кешенi кәсiпорындарының басшылары бар алқа құруға рұқсат етiлсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Комитет аппаратын ұстауға қаражат көздейтiн болсын.
      12. Комитет аппаратына 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      13. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен Комитеттiң өтiнiмi бойынша техникалық құралдар мен телефон арналарын бөлiп, телекс және телеграф байланыстарымен қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн.
      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Комитеттi үкiметтiк жоғары жиiлiктегi және қорғау қойылған автоматтық байланыспен, шифрлау техникасымен қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен алматы қаласының әкiмi Комитетке Ерекше конструкторлық бюросы бар эргономика ғылыми-зерттеу институты орналасқан /ЭрҒЗИ ЕКБ-мен/ Пушкин көшесiндегi N 2 үйдi берсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1287 қаулысына қосымша


               Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi

           жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң
                                 ҚҰРЫЛЫМЫ 

     1. Iс Басқармасы
     2. Қару-жарақ пен әскери техникаға және қос қолданыстағы
        өнiмге тапсырыс жасау, оларды лицензиялау, экспорттау
        импорттау бөлiмi
     3. Экономикалық талдау, жұмылдыру қуаттары мен ресурстары бөлiмi
     4. Конверсиялық бағдарламалар және өндiрiстi дамыту бөлiмi
     5. Ғылыми-техникалық бағдарламалар, қару-жарақ пен әскери
        техниканы, жарылғыш заттарды әзiрлеу бөлiмi
     6. Халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық, қару-жарақ
        пен әскери техниканы қысқарту жөнiндегi келiсiмдердi
        жүзеге асыру бөлiмi
                              ____________________________________
                              Комитет бойынша барлығы: 40 адам
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады