Мемлекеттiк Даму банкiсiнiң жарғысын бекiту туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 қараша 1994 ж. N 1314. Қаулының атауына және 1-шi тармағына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.05. N 923 қаулысымен. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.02.15. N 208 қаулысымен.


     "Мемлекеттiк Даму банкiсiн құру туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi Жарлығы
орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы
етедi:
<*>

     Мемлекеттiк Даму банкісiнiң берiлiп отырған Жарғысы
бекiтiлсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 21 қарашадағы
                                          N 1314 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
            Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiнiң 
                (Қазақстанның даму банкi)
                    Жарғысы
                   I. Жалпы ережелер


      Осы Жарғы "Қазақстанның Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерi негiзiнде әзiрленген.
      1. Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi (Қазақстанның даму банк), бұдан әрi "Банк" делiнедi, мамандандырылған мемлекеттiк инвестициялық банк болып табылады және Қазақстан Республикасының бiртұтас банк жүйесiне кiредi.

      Банк құру туралы хабар баспасөзде жарияланады.
      2. Банк мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiк арқылы тартылған қаржы ресурстары есебiнен жүргiзiлетiн инвестициялық қызметтi жетiлдiру және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында құрылып отыр.
      Банк Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен алынатын орта мерзiмдi және ұзақ мерiзiмдi инвестициялық кредиттер жөнiнде Қазақстан Республикасының атынан заем алушы, сондай-ақ, осы кредиттерге қызмет көрсететiн агент бола алады. <*>
      Ескерту. 2-шi тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.07.05. N 923 қаулысымен.
      3. Банк өз қызметiнде "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiн құру туралы" 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 1849 Жарлығын, басқа да қолданылып жүрген заңдар мен нормативтердi, халықаралық нормаларды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн және осы Жарғысын басшылыққа алады.
      4. Банк заңды тұлға болып табылады, толық шаруашылық есеп принциптерiне сүйенiп қызмет атқарады, оның дербес балансы болады, банк операцияларын жүргiзудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi лицензиясының негiзiнде жүзеге асырады.
      5. Банк өз мiндеттерi бойынша өзiнiң қарауындағы барлық мүлкiмен жауап бередi.
      6. Банктiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрi, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде өз атауы жазылған штамптары, бланктерi, эмблемасы болады.
      7. Банктiң орналасқан жерi - Алматы қаласы.

                    II. Банктiң негiзгi функциялары
      8. Банк мынандай функцияларды:
      - елдiң экономикалық дамуының Қазақстан Үкiметi айқындайтын басымдылықтарына сәйкес тиiмдi инвестициялық жобаларды мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiк арқылы тартылған қаржы ресурстары есебiнен қаржыландыру және кредиттеу;
      - басымдықты инвестициялық жобаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалары бюджеттен қаржыландыруға қызмет көрсету;
      - Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi шетелдiк кредиттерге қызмет көрсету; <*>
      - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарында көзделген және Қазақстан Республикасы алатын, сондай-ақ кепiлдiк беретiн орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi шетелдiк кредиттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгi мен валюталық қайтымдылығына жеке сараптама

жүргiзу;
<*>

     - өз қаражаты немесе тартылатын кредиттiк ресурстар есебiнен
қаржыландырылатын жобаларды ұйымдастыру және сараптама жүргiзу.
<*>

     Ескерту. 8-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.07.05. N 923 қаулысымен.
     9. Өзiнiң функцияларын орындау үшiн Банк шарттық негiзде 
отандық және шетел фирмалары мен мамандарын тартуға хақылы.

                   III. Банк операциялары
     10. Өз функцияларын орындау үшiн Банк мынадай операцияларды:
     - инвестициялық жобаларын кредиттеу және қаржыландыру;
     - тартылған кредиттер бойынша кепiлдiктер беру және шетел
кредиттерiн алу;
     - заңды көзделген тәртiп бойынша облигациялар және басқа
борышкерлiк мiндеттемелер шығару;
     - бағалы қағаздар сатып алу, сату мен сақтау және олармен
қолданылып жүрген заңда көзделген басқа да операциялар жүргiзу;
     - сенiм операцияларын жүзеге асыру;
     - кәсiпорындардың арнаулы несие шоттарына жүргiзу;
     - инвестициялық жобалар мен шетел кредиттерiн бюджеттен
қаржыландыруға қызмет көрсетумен байланысты төлемдердi жүзеге
асыру;
     - Банк қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты консультациялық
қызмет көрсету;
     - қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да банк 
операцияларын жүргiзу сияқты қызметтi атқарады.


      11. Банк кәсiпорындар мен ұйымдардың тапсыруы бойынша қаржы және шаруашылық органдарында олардың мүддесiн бiлдiре алады.
      12. Банктiң өз қызметiн пайдаланушылармен және басқа контрагенттермен қарым-қатынасы шарттық негiзде құрылады.
      13. Банк:
      - кредит алған кәсiпорындар мен ұйымдардан есептер, баланстар және олардың төлем қабiлетiн, сондай-ақ берiлген кредиттермен қамтамасыз етiлуiн қуаттайтын құжаттар алып отыруға;
      - Банк берген кредиттiң жүзеге асыру көзделiп отырған объектiлердiң құрылысы, оларды кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi жобалық шешiмдерге сараптама жүргiзiлудi талап етуге;
      - кредит шартында көзделген мiндеттемелердi бұзған кезде, есептiң дұрыс берiлмегенi немесе бухгалтерлiк есептiң бетiмен жiберiлгенi анықталған жағдайда одан әрi кредит сомасын мерзiмнен бұрын өндiрiп алуға;
      - заңдарда белгiленген жағдайларда кәсiпорындар мен ұйымдарды

төлем қабiлетi жоқ деп жариялауға, белгiленген тәртiп бойынша
оларды қайта құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге хақылы.
     14. Өз функцияларын орындау үшiн Банк Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiсiнiң лицензиясында көзделген және Банктiң өз 
қызметiнiң ерекшелiгi мiндеттейтiн басқа да операцияларды жүзеге
асырады.

                   IV. Банктiң қаражаты
     15. Банктiң мүлкi мемлекет бөлетiн қаражаттан және Банктiң
өз қызметiнен түсетiн пайданың бiр бөлiгiнiң есебiнен құралатын
қаражаттан тұрады.
     Мемлекет Банкке мүлiктi иеленуге, пайдалануға және жедел 
басқаруға бередi.
     16. Банктiң Жарғылық қоры екi миллиард сомасында белгiленiп
отыр.
     Банктiң Жарғылық капиталының 100 процентi мемлекеттiң қолында 
болады.


      Жыл сайын мемлекет Банктiң Жарғылық қорын ұлғайту және кредит ресурстарын құрау үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiп отырады. Сонымен қатар Банк басқармасының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Жарғылық қорын өсiру туралы шешiм қабылдау құқығы бар.
      17. Банк өз функцияларын орындау және өзiнiң дамуы үшiн қажеттi қорлар құруға хақылы.
      18. Қорлардың қаражатын құру және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк актiлерiмен реттеледi.

                    V. Пайданы бөлу
      19. Банктiң пайдасы өзiндiк құнға жатқызылған шығыстар, сондай-ақ заңдарға сәйкес төлемдер алынып тасталғаннан кейiн қалған оның қызметiнiң барлық түрлерiнен түскен кiрiстерден құрылады.
      Банктiң пайдасы жылдық есеп бекiтiлгеннен кейiн Банк Басқармасының шешiмi бойынша бөлiнедi.
      20. Банктiң түскен пайданың бiр бөлiгiнен өндiрiстiк және әлеуметтiк даму, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу және банк қызметкерлерiн материалдық ынталандырудың басқа түрлерi жөнiнде қорлар құруға құқығы бар.
      Еңбек ақы төлеу мен материалдық ынталандырудың басқа түрлерiнiң деңгейiн Банк өздiгiнен белгiлейдi.

                    VI. Банктiң құрылымы және басқару органдары
      21. Өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Банктiң Басқармасы, Директораты және басқа құрылымдық бөлiмшелерi болады.
      22. Банктi басқарудың жоғарғы органы Төраға басқаратын Басқарма болып табылады.
      23. Банк басқармасы жетi адамнан тұрады.
      Банк басқармасының құрамына Банктiң Төрағасы және оның екi орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлдерi кiредi.
      Банк Басқармасының дербес құрамын және оның өкiлеттiгiнiң мерзiмiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Банк басқармасының мүшелерi мiндеттерiн атқарудан Банк Басқармасы Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмiмен босатылады.
      24. Банк Басқармасы:
      - елдiң экономикалық дамуының Қазақстан Үкiметi айқындаған басымдықтарына сәйкес мемлекеттiң және мемлекеттiң кепiлдiгiне тартылатын қаржы ресурстарының есебiнен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен кредиттеу саласындағы Банк қызметiнiң стратегиясын әзiрлейдi;
      - Банктiң қызметiне қатысты нормативтiк актiлердi бекiтедi;
      - Банк операциялары бойынша проценттiң ставкаларды белгiлейдi;
      - Банктiң жұмысы туралы есептi, жылдық байланысты, пайда мен шығынның есебiн қарайды. Банктiң жыл сайынғы есебiн бекiтедi;
      - бас бухгалтердi, департаменттiң директорларын, филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын, сондай-ақ банктiң, оның филиалдарының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
      - кредиттер беру мен қаржыландыру жөнiнде шешiмдер қабылдайды, сол сияқты Банк атынан кепiлдеме бередi.
      25. Банк Басқармасы егер оның мәжiлiсiне мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысып отырса, қарауына ұсынылған мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға хақылы. Басқарманың әрбiр мүшесiнiң бiр дауысы бар. Шешiм қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең жарылған жағдайда Басқарма Төрағасының дауысы шешушi дауыс алады.
      Басқарма Төрағасы бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей Басқарманың шешiмiн өзiнiң келiспейтiн тұстарын көрсетiп, қайталап талқылау мен дауыс беру үшiн қайтарып беруге хақылы. Егер Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Басқарма қабылдаған шешiмдi бекiтетiн болса, онда Басқарма Төрағасы шешiмге қол қояды.
      26. Банк Басқармасының мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанынан бiр рет өткiзiлiп отырады.
      Басқарма Төрағасы Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша Басқарма мүшелерiн кезектен тыс мәжiлiстерге шақыруға хақылы.
      Басқарма мәжiлiстерi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей алдын ала жасалған құлақтандырулар бойынша өткiзiледi.
      27. Банк Басқармасының Төрағасы қызметке Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Банк Басқармасының Төрағасы өз өкiлеттiгiнiң шегiнде Банк қызметi үшiн толық жауап бередi.
      Басқарма Төрағасы Банк Директоратының мәжiлiстерiн жүргiзуге хақылы.
      Басқарма Төрағасына Банк қызметiнiң жедел және атқарушылық-әкiмшiлiк мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау, Банктiң атынан контракттар жасасу, барлық заңдық рәсiмдерге Банктiң атынан өкiлдiк ету өкiлеттiктерi берiлген. Осы аталған өкiлеттiктердi орындауды Басқарма Төрағасы өздiгiнен Банк қызметкерлерiнiң арасындағы сенiм бiлдiрген адамдарына жүктеуге хақылы.
      Банк Басқармасы Төрағасының орынбасарлары қызметке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      28. Банктiң жедел басқару органы атқарушы директор (Банк Басқармасы Төрағасының бiрiншi орынбасары) басқаратын Банк Директораты болып табылады.
      Осы Жарғыға сәйкес Директорат Банк Басқармасы мен Басқарма Төрағасының құзырына кiретiн мәселелерден басқа Банктiң қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      Директорат мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткiзiлiп тұрады.
      Директораттың дербес құрамын Банк Басқармасы Төрағасының ұсынуы бойынша Банк Басқармасы бекiтедi. Банк Басқармасы Төрағасының орынбасарлары Директораттың құрамына лауазымы бойынша кiредi.
      29. Алдына қойылған мiндеттердi орындау мақсатында Банк белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында, сонымен қатар одан тыс жерлерде филиалдарын (бөлiмшелерiн), өкiлдiктерiн құрады.
      Банктiң филиалдары (бөлiмшелерi), өкiлдiктерi заңды тұлғалар болып табылмайды және олардың дербес балансы болмайды, әрi олар жасаған шаруашылық қызметтiң жеке баланстары Банктiң жиынтық балансына енгiзiледi.
      Филиалдар (бөлiмшелер), өкiлдiктер Банк өздерiне табыстаған құқықтар шегiнде және Банк Басқармасы бекiткен осы мекемелер туралы Ережеге сәйкес өз қызметтерiн жүзеге асырады.
      Банктiң шетелдерде ашылған филиалдарының (бөлiмшелерiнiң), өкiлдiктерiнiң қызметi орналасқан елiнiң заңдарымен реттеледi.

                    VII. Банк аудитi
      30. Банк Басқармасы бекiткеннен кейiн жылдық баланс, пайда мен шығын есебi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Қаржы министрлiгiне табысталады, сондай-ақ баспасөзде жарияланады.
      31. Банк балансының сәйкестiгiн және оның барлық операцияларының заңдылығын қуаттау мақсатымен жыл сайын тәуелсiз аудит жүргiзiледi.
      Аудит жүргiзу үшiн республикалық және шетелдiк аудиторлық фирмаларды таңдап алу Банк Басқармасының шешiмiмен жүзеге асырылады.
      32. Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. Банктiң операциялық (қаржы) жылы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

                    VIII. Банктiң қызметiн доғару
      34. Банктiң қызметiн доғару, не болмаса оның заңдылық мәртебесiн өзгерту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      35. Банкi тарату туралы шешiм қабылданған жағдайда Үкiмет комиссиясы құрылады, ол Банктi таратудың принциптерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
      Банкi тарату туралы хабарландыру баспасөзде жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады