1. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 7 сәуiрдегi N 126 өкiмi бойынша республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясының берiлiмiн азайту есебiнен "Феррохром" акционерлiк қоғамына /Ақтөбе ферросплав зауыты/ бiр мәртелiк рұқсат ету тәртiбiмен тауар кредитiн екi жыл мерзiмге мемлекеттiк резервтен босату жолымен ФХ - 006, ФХ - 010 маркалы төменгi көмiртектi 3 мың тонна феррохром берiлсiн.
2. "Феррохром"акционерлiк қоғамы /Ақтөбе ферросплав зауыты/ аталған материалдық ресурстардың мемлекеттiк резервке толық көлемде қайтарылуын және осы тауар кредитiн пайдаланғаны үшiн төлем төленуiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi берген, көрсетiлген тауар кредитiн өтеудiң шарты мен мерзiмi жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен шарт жасасатын
болсын. 3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет "Ферррохром" акционерлiк қоғамына /Ақтөбе ферросплав зауыты/ аталған материалдық ресурстарды босатуды осы қаулының екiншi тармағына сәйкес жасалған шарт жағдайымен жүргiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары