Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық Шартын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 1 желтоқсан N 1336


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Алматы қаласында 1993 жылғы 7 қарашада қол қойылған Қазақстан
Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы өзара түсiнiстiк
пен ынтымақтастық Шарты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне
бекiтуге ұсынылсын.
    
    Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

         Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы
        арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы
                        ШАРТ

     Бұдан әрi "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын 
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы,


      - халықаралық хұқық нормаларына, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңестiң құжаттарында баянды етiлген мақсаттар мен принциптерге өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
      - олардың арасындағы достық пен өзара ынтымақтастық қатынастарының одан әрi дамуы екi мемлекеттiң мүдделерiне сай келетiндiгiне кәмiл сене отырып,
      - адам хұқықтары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларды сақтауға өздерiнiң бекем бел буғандығын жариялай отырып,
      - саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа салаларда өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      мына төмендегiлер жайында уағдаласты:
                  1-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар егемендiк, теңдiк, күш қолданудан немесе күш қолданамыз деп қорқытудан бас тарту, шекаралардың берiктiгi, аумақ тұтастығы, дауды бейбiт жолмен реттеу, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, адам хұқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, өзара тиiмдi ынтымақтастық, халықаралық мiндеттемелердi адал орындау принциптерiн дәйектi түрде ұстана отырып, достық қатынастарды дамытады.
                   2-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қызметi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрiне қарсы бағытталған ұйымдарға, әскери одақтарға /блоктарға/ кiрмеуге және қатыспауға мiндеттенедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарының екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы қарулы агрессияны немесе дұшпандық әрекеттi жүзеге асыру мақсатында пайдаланылуына жол бермеуге мiндеттенедi.

                     3-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың тәуелсiздiгiн, мемлекеттiлiгiн және аумақтық тұтастығын әлсiрету немесе жою, немесе өкiметтi басып алу мақсатын көздеген ұйымдар мен топтардың құрылып, жұмыс iстеуiне, сондай-ақ жеке адамдардың әрекет етуiне өздерiнiң заңдарына сәйкес өз аумақтарында тыйым салады.

                      4-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарында тұратын адамдарға, ұлттық немесе басқа айырмашылықтарына қарамастан, адам хұқықтары туралы жалпы жұрт таныған нормаларға, сондай-ақ өздерiнiң iшкi заңдарына сәйкес кепiлдiк бередi.

                      5-бап
      Әрбiр Мәртебелi Уағдаласушы Тарап өз аумағында тұратын ұлттық азшылыққа немесе этникалық топтарға қатысты адамдарға, олардың ұлтына қарамастан, жалпы жұрт таныған халықаралық хұқық принциптерi мен нормаларына және сол адамдар тұратын елдiң мемлекеттiк iшкi заңдарына сәйкес азаматтық, саяси, әлеуметтiк, экономикалық және мәдени хұқықтар мен бостандықтар жөнiнде кепiлдiк бередi.
      Әрбiр Мәртебелi Уағдаласушы Тарап екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың азаматтығына хұқығы бар, екiншi Мәртебелi Уағдаласушы тараптың аумағында уақытша тұрып жатқан адамдарға жалпы жұрт таныған халықаралық хұқық принциптерi мен нормаларына және бұл адамдар тұратын мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес адам хұқықтары мен бостандықтарының бәрi жөнiнде кепiлдiк бередi.

                      6-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тең хұқықты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ұлғайтуға ұмтылады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң заңды мүдделерiне ықпал жасайтын экономикалық шешiмдер туралы екiншi тарапқа дер кезiнде хабарлап отырады, сондай-ақ екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың экономикалық жағдайын әлсiретуi мүмкiн бiр жақты әрекеттерден аулақ болады.

                      7-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар нарық принциптерiне негiзделген өзара тиiмдi экономика және сауда ынтымақтастығын ұлғайтуға тырысады, сөйтiп инвестициялардың, технологиялардың, патенттiк және авторлық хұқықтардың қорғалуын ескере отырып, мұндай ынтымақтастыққа қолайлы жағдай туғызады, товарлар мен қызметтер алмасуды реттейдi және тиiстi келiсiмдер жасасады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен кәсiпорындардың құрылып, жұмыс iстеуiне, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер арасындағы байланыстардың ұлғайтылуын көтермелеп отырады.

                      8-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы мемлекеттiк мүлкiнiң, заңды ұйымдары мен азаматтарының мүлкiнiң хұқықтық режимi, егер Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың басқа Келiсiмдерiне өзгеше көзделмеген болса, аумағында осы мүлiк болған Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
      Мүлiкке қатысты мәселелердi түсiндiруде дау-дамай бола қалған жағдайда олар сот тәртiбiмен реттеледi.

                      9-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономика, қаржы, көлiк, инвестиция, кедендiк ережелер салаларындағы және қызметтiң басқа да салаларындағы заңдар мен өзге де заң актiлерi туралы ақпарат алмасуды көтермелеп отырады.

                      10-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экологиялық қауiпсiздiктiң бiртұтас халықаралық жүйесiне қатысады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нақты ынтымақтастық жеке келiсiмдерде белгiленедi.

                      11-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ағарту, мәдениет, өнер, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, спорт пен туризм саласындағы ынтымақтастықты көтермелеп, мәдени-тарихи мұра мен архивтердi пайдалану үшiн жағдай жасайды.
      Қызметшiлердi даярлаудағы, ғылыми бiлiктiлiктi көтерудегi, ғалымдар, мамандар, аспиранттар, стажерлер және студенттер алмасудағы нақты ынтымақтастық жеке келiсiмдерде белгiленедi.

                      12-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар хұқық саласында ынтымақтасудың қажеттiлiгiн мойындайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қылмыстық, азаматтық, отбасылық және консулдық хұқық саласында бiр-бiрiне өзара көмек көрсетедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша хұқықтық көмек пен хұқықтық қатынастар туралы Шарт жасасады.

                      13-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қылмысқа, террорға, заңсыз есiрткi айналымына, контрабандаға, құпия иммиграция мен эмиграцияға, қолдан жасалған есеп айырысу және төлем құралдарын пайдалануға, сондай-ақ азаматтық авиация мен кеме жүрiсiне қауiп төндiретiн әрекеттерге қарсы күресте ынтымақтасатын болады.

                      14-бап
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң парламенттерi, жергiлiктi өкiмет органдары мен басқару органдары арасындағы ынтымақтастықты көтермелеп отырады.

                      15-бап
      Осы Шартты жүзеге асыру мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда, оны орындау мәселелерi жөнiнде екi жақты консультациялар өткiзедi.
      Осы Шартты түсiндiру және қолдану жөнiндегi даулар

консультациялар немесе келiссөздер арқылы шешiледi.
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың келiсуiмен осы Шарттың
ережелерi өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

                     16-бап
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың принциптерi мен
ережелерi негiзiнде басқа да шарттар мен келiсiмдер жасасады.

                     17-бап
     Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың өздерi қатысушылар
болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын хұқықтары
мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.

                     18-бап


      Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес бекiтiлуге тиiс бекiту грамоталары алмасылған күнi күшiне енедi.

                      19-бап
      Осы Шарт он жыл мерзiмге жасалады.
      Бұл Шарттың қолданыста болуы, егер оның қолдану мерзiмi бiрiккенге дейiн бiр жыл бұрын Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрi оны бұзғысы келетiнi туралы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде ескертпесе, оның қолданыста болуы келесi

бес жылдық кезеңдерге өзiнен-өзi ұзартылады.
     1993 жылы 7 қарашада Алматы қаласында әрқайсысы қазақ және
литва тiлдерiнде екi дана болып жасалады және заң жүзiнде бұл
тексерiстердiң күшi бiрдей.
     Әрбiр Тарапқа осы Келiсiмнiң данасымен бiрге аударманың
орыс тiлiндегi ресми тексi қалдырылады.


     Қазақстан Республикасы               Литва Республикасы
            үшiн                                 үшiн
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады