1. "АРМАШ" акционерлiк қоғамы негiзiнде Арқалық қаласында жылдық бағдарламасы 5000 жүк таситын және арнаулы автомобиль шығаратын "ГАЗ-АРМАШ" Қазақстан-Россия бiрлескен кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Торғай облысы әкiмiнiң және "АРМАШ" акционерлiк қоғамының бастамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "АРМАШ" акционерлiк қоғамын шетел құрылтайшыларының қатысуын ескере отырып, жекешелендiретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстанның
Мемлекеттiк даму банкiмен бiрлесiп, Арқалық қаласындағы жүк таситын және арнаулы автомобильдер шығаруды дамыту үшiн инвестициялар тарту мүмкiндiгiн iздестiрсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi автомобильдер жасау мәселелерi жөнiнде ғылыми, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзуде "ГАЗ-АРМАШ" бiрлескен кәсiпорнына көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары