Тұтыну кооперациясының басқару органдарына арналған тұтынуға жұмсалатын қаражатты реттеу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 желтоқсан N 1385. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.
Алдағы уақытта тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеудiң тетiгi туралы жаңа Ереженi бекiткенге дейiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1014, 1994 жылғы 28 қыркүйектегi N 1072 қаулыларымен енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, "Тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 ақпандағы N 148 қаулысымен бекiтiлген тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу туралы Ереженiң 18-тармағын тұтынушылар кооперациясының басқару органдарына қолдану тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз