Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа шығару тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 8 желтоқсан N 1397. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.28. N 1035 қаулысымен.

      Қазақстаннан, оның iшiнде Үкiметаралық келiсiмдер бойынша астықты, сондай-ақ мақта талшығын, былғары шикiзатын, былғарыны, биязы жүндi, марал мүйiзiн, қойдың iшек-қарынын /бұдан әрi - ауыл шаруашылығы өнiмiн/ экспортқа шығаруды реттеу мен әкету жағын рәсiмдеудi жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасына астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа сату жөнiнде аукциондар өткiзу тапсырылсын.
      Аукциондарға Республикалық баға комиссиясынан алдын ала сараптаудан өткен астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн беру контрактыларын тапсырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қатыстырылады.
      2. Үкiметаралық келiсiмдер бойынша Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасында астықты және ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа шығаруға арналған аукционда жеңiп шыққан шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аталған өнiмдерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге лицензиясыз әкету құқы бар деп белгiленсiн.
      Кеден органдары үшiн бұл өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жiберуге:
      Республикалық баға комиссиясының сарабынан өткен және Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасында тiркелген контракт;
      Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасында берiлген сертификат негiз болып табылады.
      Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасына былғары шикiзатын, жүн, мақта-талшықтарды экспорттауға сертификат тек еркiн айналымдағы валютаға өнiм жеткiзу және алдын-ала төлем немесе есеп айырысудың аккредитивтi ескерiлiп жасалған контрактылары бойынша берiлуi жүзеге асырылсын. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 114 қаулысымен.
      3. Үкiметаралық келiсiмдердiң шарттарына сәйкес, астықты экспортқа шығарушылардың оны орындауға мүдделi болуы мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экспортқа шығарылатын тауарларға Қазақстан Республикасының кеден тарифi туралы" 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 20-бап/ және "экспортталатын және импортталатын тауарларға Қазақстан Республикасының кеден тарифтерiнiң ставкаларын iшiнара өзгерту туралы" 1994 жылғы 24 ақпандағы N 1579 Жарлықтарының негiзiнде Үкiметаралық келiсiмдер бойынша экспортқа шығарылатын дәндi дақылдарға /коды ТН ВЭД 1001-1008/ кеден баж салығы салынбайды деп белгiленсiн.
      4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге 1995 жылы астықты Қазақстан Республикасы 1994 жылға жасаған Үкiметаралық келiсiмдердi орындау есебiне тапсыруға рұқсат етiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес экспортқа астық жөнелту үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге олардың өтiнiмдерi бойынша жарамды жабық вагондардың бiрiншi кезекте тоқтаусыз берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Астықты, экспортқа шығару сертификаттарын рәсiмдеу Қазақстан Республикасының тауар биржаларында жүргiзiледi. Контрактыларды сараптауды облыстық /аймақтық/ баға комиссиялары жүзеге асырады. <*>
      Қазақстан Республикасының тауар биржаларында астықты және экспортқа шығаруға сертификат алған шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аталған өнiмдердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге лицензиясыз әкетуге құқы бар. <*>
      Кеден органдары үшiн бұл өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жiберуге:
      Республикалық немесе облыстық /аймақтық/ баға комиссиясынан сараптан өткен және Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасында немесе аймақтық биржаларда тiркелген контракт;
      Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы немесе аймақтық биржалар берген сертификат негiз болып табылады.
      Ескерту. 6-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1994.12.08. N 1456 қаулысымен.
      7. Экспортқа шығарылатын 1000 тоннадан жоғары көлемдегi астыққа, сондай-ақ мақта талшығына, былғары шикiзатына, былғарыға, биязы жүнге, марал мүйiзiне, қойдың iшек-қарнына жасалған контрактылар Республикалық баға комиссиясында сараптаудан өтедi. Бұл контрактыларды тiркеу мен сертификаттар беру тек қана Халықаралық

Қазақстан агроөнеркәсiп биржасында жүргiзiледi.
     8. Бағаға бақылау жасау және оның әлемдiк бағаға сәйкес 
болуын, астықты және ауыл шаруашылығы өнiмiн демпинг баға бойынша 
сатуға жол бермеудi жүзеге асыру үшiн мына құрамда Республикалық
баға комиссиясы құрылсын:
     Шуховцов А.И.      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң орынбасары, төрағаның
                          мiндетiн уақытша атқарушы 
<*>

     Еспаев С.С.        - Қазақстан Республикасы Экономика 
                          министрлiгiнiң агроөнеркәсiп кешенi
                          экономикасы басқармасының бастығы
     Сиденко Е.Е.       - Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң    
                          агроөнеркәсiп кешенiнiң қаржы және табиғат
                          қорғау шаралары басқармасы бастығының 
                          орынбасары
     Папандопуло Е.Н.   - Қазақстан Республикасы Баға және монополияға
                          қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                          баға саясаты басқармасының бастығы
     Дворкина Т.И.      - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп 
                          биржасының вице-президентi
          Ескерту. Комиссия құрамына өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
                   1995.05.19. N 712 қаулысымен.                           
     


      9. Облыс әкiмдерi жергiлiктi жерлердегi аталған министрлiктердiң, ведомстволар мен биржалардың өкiлдерiнен осындай облыстық /аймақтық/ баға комиссияларын құрсын.
      10. Республикалық баға комиссиясының төрағасы 5 күндiк мерзiмде Республикалық баға комиссиясы туралы Ереженi әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      11. Республикалық баға комиссиясының мәжiлiсi қажет болуына қарай, бiрақ аптасына кемiнде бiр рет өткiзiлсiн. Республикалық баға комиссиясының мәжiлiсi өтетiн орын - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы. Аталған комиссия облыстық /аймақтық/ баға комиссияларының қызметiн үйлестiредi.
      12. Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы:
      Республикалық баға комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзу үшiн үй-жай берсiн және оны қажеттi ұйымдастыру iсiнiң техникасымен және байланыспен қамтамасыз етсiн;
      республикалық баспасөзде биржалық бағалардың бағамын, сатуға шығарылған тауарлардың тiзбесiн және олардың алғашқы бағасын жүйелi түрде жариялап тұрсын.
      (13-тармақ) <*> .
      Ескерту. 13-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.04.21.
               N 535 қаулысымен.
      14. "1994 жылы экспортқа астық шығару құқына рұқсат алуды Қазақстан Республикасының тауар биржаларында сату туралы" Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 мамырдағы N 572 қаулысының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 сәуiрдегi N 435 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 шiлдедегi N 597 қаулысының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 сәуiрдегi N 435 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 қазандағы N 1134 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады