"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржы жағдайын жақсарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 1463 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) 1993 жылғы қарашада - 1994 жылғы мамырда көмiр өнiмiн сатуды ұдайы өндiру процесiн және бюджетке салық төлеудi қамтамасыз етпейтiн кесiмдi баға бойынша жүргiздi. 
      Қажеттi айналым қаражатының болмауына байланысты Компания жоғары есептеу ставкасындағы банк кредитiн пайдаланды, соның салдарынан кредит, сол бойынша процент және салық жөнiндегi жалпы берешек 2,5 млрд. теңгенi құрайды. Компанияның 3,1 млн. американ доллары сомасындағы валюта қаражатының 1992-1993 жылдар iшiнде КСРО Сыртэкономбанкiнде кiдiрiлуi нәтижесiнде валюта салығы мен айыппұлдарды төлеуiне мүмкiндiгi болмады. 
      Компанияның қаржы-экономика жағдайын тұрақтандыру және жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының жарамсыз мемлекеттiк кәсiпорындарын сауықтыру және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссия 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының, Ұлттық Банктiң және басқа мүдделi ұйымдардың мамандарын тарта отырып, Компанияның қаржы жағдайын зерделеу әрi бағалау және оны қаржы жағынан сауықтыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу үшiн жұмыс тобын құрсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Компанияның бюджетке төлем жөнiндегi, экспортқа салық пен 1992-1993 жылдар үшiн есептелген айыппұл санкциялары жөнiндегi, келiп үлгермеген валюталық түсiм үшiн дебиторлық берешек жөнiндегi борыштарын бюджеттiк ұйымдардың берешек сомасынан асырмай, 1995 жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн ұзартсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсе отырып, 1995 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Көмiр шахталарын оңалту қорын құру мен пайдаланудың тәртiбi туралы ұсыныс енгiзсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қарағанды облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, шахтерлардың қалалары мен поселкелерiндегi әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi әкiмшiлiктiң балансына берудiң кезеңдiк графигiн әзiрлесiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде республикааралық көмiр тасымалдауға арналған темiр жол тарифiн республиканың өз iшiндегi тасымалдау тарифiнен 2 еседен аспайтындай мөлшерде белгiлесiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады