Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 желтоқсан N 1479. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.17. N 609 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу, заң мен нормативтiк базаны әзiрлеу, бұл саладағы қызметтi лицензиялау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, тұрғын үй қоры мен коммуналдық мақсаттағы объектiлердiң пайдаланылуы мен жөнделуiн, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтердiң сақталуын бақылау, iрi коммуналдық объектiлердi салуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанынан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi /одан-әрi Департамент/ құрылсын.
      2. Департамент облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын өкiмет билiгiнiң орталық атқарушы органы болып табылады.
      3. Департаменттiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 37 адам /қызмет көрсету мен үйлердi күзету жөнiндегi қызметкерлерсiз/ болып және қызмет бабында пайдаланылатын 2 автомобильге лимит белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы және Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi жанындағы бас басқармалар, комитеттер және басқа да республикалық мекемелер аппаратының басшылары, жетекшi қызметкерлерi және мамандары үшiн көзделген еңбекақы жағдайы департаменттiң қызметкерлерiне таратылсын. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың екiншi абзацы жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң
               1995.07.11. N 948 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Департамент аппаратын ұстау шығындарын қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджетiнде көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырсын.
      5. Департаменттi директор басқарады, оны Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды және лауазымынан босатады.
      Департамент директорына Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi орынбасарының мәртебесi берiлсiн және оның лауазымды оклады министрдiң орынбасары окладының деңгейiнде белгiленсiн.
      6. Департаменттiң мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленiп, ол Масанчи, 57 "А" үйдегi "Қазкоммунжобалау" институтының қызмет үй-жайы алаңында орналастырылсын.
      7. Облыстардың және Ленинск қаласының әкiмдерi "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, басқару органдарының қызметкерлерi жалпы санының және қызмет бабындағы жеңiл автомобильдерi санының лимиттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30қыркүйектегi N 1092 қаулысына сәйкес бiр ай мерзiм iшiнде тиiсiнше облыстық және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын құратын болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Департамент туралы Ереженiң жобасын әзiрлеп, оның белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      9. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және

аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, 2 айлық мерзiм iшiнде
республика Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға
сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
  
          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады