Су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалану тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 30 желтоқсан N 1491. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Су Кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1483 қаулысымен бекiтiлген су тоғандары жеке пайдалануға беру тәртiбi жөнiндегi Нұсқаудың күшi су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалануға қолданылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, меншiк нысанына қарамастан, барлық министрлiктер, ведомстволар мен заңды ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын су тоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтажы үшiн пайдалану Ережесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiскен соң бекiтетiн болсын. 

    Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады