Қазақстан Республикасынан Экономикалық одақтың мемлекетаралық экономикалық комитетi алқасының құрамындағы өкiлеттi өкiл туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 3 қаңтар N 2

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 2 желтоқсандағы N 1970 Жарлығын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының құрамындағы Өкiлеттi өкiлiнiң жұмысын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасынан Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының құрамындағы Өкiлеттi өкiлдiң жұмысы туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасынан Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының құрамындағы Өкiлеттi өкiлдiң мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың басшыларымен келiсе отырып, Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасы жиналысының қарауына енгiзiлген құжаттар мен шешiмдердiң жобаларын пысықтау, консультация беру және сараптама жүргiзу үшiн мамандар, сарапшылар мен ғалымдар тартуға құқы бар деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасынан Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының құрамындағы Өкiлеттi өкiл медициналық тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiкпен қызмет көрсету шарттары жөнiнен Қазақстан Республикасының министрiне теңестiрiлсiн.
      Қазақстан Республикасынан Өкiлеттi өкiлдi зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттiк қызметкерлер үшiн заңмен белгiленген тәртiппен және шартпен жүзеге асырылады. Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының құрамында қызмет iстеген уақыт мемлекеттiк қызметшi ретiндегi жұмыс стажына есептеледi.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы аппаратта Қазақстан Республикасынан Өкiлеттi өкiлдiң Қазақстан Республикасындағы қызметi /iссапары/ кезiндегi тұрақты жұмыс орнын белгiлесiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi



                                      Қазақстан Республикасы 



                                      Министрлер Кабинетiнiң

                                      1995 жылғы 3 қаңтардағы

                                       N 2 қаулысына

                                           Қосымша



 
 
               Қазақстан Республикасынан Экономикалық одақтың
              Мемлекетаралық экономикалық Комитетi алқасының
                құрамындағы Өкiлеттi өкiлiнiң жұмысы туралы
                               ЕРЕЖЕ
              I. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi /бұдан әрi - Өкiлеттi өкiл/ өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, басқа да нормативтi актiлердi басшылыққа алады және Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi /бұдан әрi - МЭК/ алқасының құрамындағы өзiнiң жұмысын қатысушы мемлекеттер басшыларының Экономикалық одақ құру туралы Шартымен бекiтiлген Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетi туралы Ережесiне, МЭК алқасы жұмысының регламентi мен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Өкiлеттi өкiлдi Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi өз қызметi жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп бередi.
 
               II. Өкiлеттi өкiлдiң қызметi мен
                   функциясының негiзгi бағыттары
 
      2. Өкiлеттi өкiл Қазақстан Республикасының еркiн бiлдiредi және экономикалық мәселелер жөнiнде МЭК органдарында, сондай-ақ мемлекетаралық және үкiметаралық үйлестiру - консультациялық органдарда, МЭК алқасының жиналысында оларды талқылаған және дауыс берген кезде өз өкiлдiктерiн бiреуге беру құқығынсыз оның мүддесiн қорғайды.
      3. Өкiлеттi өкiлдiң негiзгi функциялары:
      интеграциялық процестерге, өндiрiстiк-технологиялық байланыстарды жетiлдiруге және Экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердiң бiрлескен инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағытталған қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту бағдарламаларына сәйкес ұсыныстар әзiрлеп, енгiзу;
      өнеркәсiп, ауыл шаруашылығын және экономиканың басқа салаларын дамыту жөнiндегi көпжақты келiсiмдер шегiнде бiрлескен бағдарламаларды әзiрлеу мен талқылауға қатысу;
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ұлтаралық сипаттағы (энергожүйе, көлiк, байланыс, газ және мұнай құбыры, т.б.) объектiлерi мен салаларының және мемлекеттердiң бiрлескен меншiк объектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      Экономикалық одақ шегiнде Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық жағынан қайта құру мақсатындағы интеграциялық процестердi дамытуда көмек көрсету;
      Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтай отырып, келiсiлген, ақша-кредиттiк, бюджеттiк, салықтық, бағалық, сыртқы экономикалық, кедендiк өтем жүйелерiн және валюта саясатын құру мен оның жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
      МЭК-ке квоталық және контрактiлiк негiзде қызметке қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын департамент басшылары мен олардың орынбасарларының қызметiн үйлестiру.
      4. Өкiлеттi өкiл өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      МЭК алқасы жиналысының қарауына енгiзiлетiн жалпы экономикалық мәселелер жөнiндегi құжаттар жобаларын Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктермен және ведомстволарымен бiрлесе отырып пысықтайды;
      қажеттi жағдайларда МЭК алқасының мәжiлiсiнде қарау үшiн дайындалған келiсiмдер, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларына сараптау ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының тиiстi басқару органдарынан елiмiз қабылдаған және мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпаратты сұратады;
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық және үкiметаралық органдарымен ынтымақтастықта Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарына көмек көрсетедi;
      халықаралық шараларға өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде қатысады.
 
              III. Өкiлеттi өкiлдiң Қазақстан Республикасының
                     басқару органдарымен өзара байланысы
 
      5. Өкiлеттi өкiл Қазақстан Республикасының басқару органдарымен өзара байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлеуi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен және басқа құрылымдармен ынтымақтастық мәселелерi үшiн жауапты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жүзеге асырады.
      6. Өкiлеттi өкiл МЭК алқасы мәжiлiстерiнде шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен және ведомстволарынан қажеттi статистикалық және анықтамалық материалдар, елiмiздiң экономикалық жағдайы туралы экономикалық шолу, қорытындылар мен ұсыныстар сұратуға және алуға хақылы.
      7. Өкiлеттi өкiлдiң Алматыға iссапары кезiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аппаратында тұрақты жұмыс орны болады және ол министрлер Кабинетiнiң мәжiлiстерiне, ал жекелеген жағдайларда экономиканы дамыту, Достастық мемлекеттерiмен экономикалық ынтымақ және өзара қарым-қатынас бағдарламаларына, қатысты мәселелердi қараған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесiнiң мәжiлiсiне қатысады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады