1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Бiлiм министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен келiсiлген Республикалық мәдениет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтының, Республикалық халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметi орталығының, Мәдениет пен өнер оқу орындары жөнiндегi республикалық әдiстемелiк кабинеттiң негiзiнде Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
Орталықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне жоғарыда аталған мекемелердi ұстауға бөлiнген қаржы және материалдық ресурстар негiзiнде жүргiзiлсiн.
Халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметiнiң облыстық орталықтары аймақтарда көркем шығармашылық пен мәдениет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк шараларды жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23.
N 878 қаулысымен. P970878_
3. Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:
мәдениеттану зерттеулерiн ұйымдастыру, мәдениет саласында әлеуметтiк-экономикалық саясаттың маңызды мәселелерiн талдау;
ұлттық мәдениеттiң қайта өрлеу бағдарламаларының жобаларын әзiрлеу, мәдениет процестерiнiң динамикасын зерттеу мен болжау;
мәдениет пен өнер мекемелерi жұмысының қазiргi кездегi нысандары мен әдiстерiн анықтау және iс жүзiне енгiзу;
халық шығармашылығын дамыту;
мәдениет және өнер мекемелерi мен оқу орындарын ғылыми-әдiстемелiк әдебиетпен және оқу әдебиетiмен қамтамасыз ету; кадрларды қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру.
4. Басшы қызметкерлерге, құрылымдық бөлiмшелер басшыларына, ғылыми қызметкерлерге, профессорлық-оқытушы құрамға жоғары оқу орындарына белгiленген еңбек ақы төлеу шарттары;
мамандарға, методистерге және қызмет етушi құрамға
мәдени-ағарту мекемелерi қызметкерлерiне белгiленген еңбек ақы төлеу шарттары қолданылсын. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығының құрылымын бекiтсiн. 6. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 878 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi