Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 878. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1556 қаулысымен. ~P971556

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377  U973377_ Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 23 мамырдағы
                                           N 878 қаулысымен
                                             бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет
            министрлiгi (Бiлiм және мәдениетминi) туралы
                                ЕРЕЖЕ

                           I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
      Министрлiк бiлiм, мәдениет, туризм, спорт, жастар саясаты салаларында басшылықты, ұлтаралық қатынастар, тiл және дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты үйлестiрудi жүзеге асырады, осы мақсатта заңдарға сәйкес салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады. 
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Министрлiк Қазақстан Республикасы бiлiм, мәдениет, тiл саясаты, туризм және спорт органдарының бiртұтас жүйесiн құрайтын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды басқарады. 
      4. Министрлiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттегi орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. 
      5. Министрлiктiң құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 
      6. Министрлiк пен оның аумақтық органдары заңды тұлғалар (мекемелер) болып табылады және банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады. 

           II. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, қызметi және                                құқықтары 

      7. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 
      бiлiм, мәдениет, туризм, спорт, тiл жастар саясаты және дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және оны жүзеге асыру; 
      мемлекеттiк қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясатты жасауға және оны жүзеге асыруға қатысу және бiлiм, мәдениет, туризм және спорт саласында жекешелендiру бағдарламасына қатысу; 
      ұлттық татулықты, әртүрлi дiни сенiмдегi дiни бiрлестiктердiң арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзушiлiктi нығайтуға, мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуге және Қазақстан халықтарының тiлдерiн дамытуға ықпал ету; 
      азаматтардың тегiн мiндеттi орта бiлiм, республиканың мемлекеттiк оқу орындарында конкурстық негiзде жоғары бiлiм алуын қамтамасыз ету, бiлiктi мамандар даярлау жөнiнде шаралар қабылдау; 
      меншiк нысандарына қарамастан бiлiм мекемелерiнiң қызметiне баға берудiң бiрыңғай жүйесiн құру; 
      ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдардың материалдық-техникалық және ғылыми-өндiрiстiк базасын дамыту; 
      кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау; 
      министрлiк құзыретiнiң шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. 
      8. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      әлеуметтiк жүйе салаларын дамытудың тұжырымдамасы мен мемлекеттiк бағдарламасын жасайды; 
      мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi жоспарларды жасауға қатысады; 
      белгiленген тәртiппен шетелдiк кепiлдiктердi, несиелердi және инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 
      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзге де мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi; 
      басқарудың тиiмдi ұйымдастыру нысандарын әзiрлеудi және енгiзудi жүзеге асырады; 
      өз қызметiнiң аясында заңдардың қолданылуын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзедi; 
      институционалдық реформалар саласындағы мемлекеттiк саясатты айқындауға, мемлекеттiк халықаралық және өзге де бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысады; 
      бiлiм, мәдениет, туризм, спорт, тiл, жастар саясаты және ұлтаралық қатынастар саласындағы халықаралық шарттармен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
      Үкiметтiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының бiлiм, мәдениет, туризм, спорт, тiл, жастар саясаты және ұлтаралық қатынастар саласындағы халықаралық шарттарына қол қояды; 
      өз қызметiнiң аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады; 
      өнер туындыларын жасауға мемлекеттiк әлеуметтiк-шығармашылық тапсырыстарды қалыптастырады және оларды конкурстық негiзде орналастырады; 
      халықтың рухани ұлттық байлығы мен мәдени мұрасының бөлiгi ретiнде өнер туындыларының қорларын iрiктеу, жинақтау және сақтау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтердi жүзеге асырады; 
      орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың тiлдер және дiндер саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiредi. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды; 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың республикадағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстар мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; 
      мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп бiлiмнiң баршаға мiндеттi стандарттарын жасайды және оларды бекiтедi; 
      мектепке дейiнгi, мектептен тыс, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм берудiң мазмұнын айқындайды; 
      республиканың мүдделi орталық атқарушы органдарымен бiрлесiп кәсiптiк-техникалық мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мамандар даярлау жүргiзiлетiн мамандықтардың (кәсiптердiң) жүктемелерiн (тiзбелерiн), олардың оқу орындарындағы қолданылу тәртiбiн айқындайды; 
      оқыту технологиясы саласында бiлiмнiң тиiмдiлiгiн арттыруға педагог қызметкерлердiң, оқушылар мен студенттердiң шығармашылық белсендiлiгiн дамытуға бағытталған инновациялық саясатты жүргiзедi; 
      белгiленген тәртiппен өз саласының қызметкерлерiн аттестациялауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады; 
      бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, оқулық әдебиеттердi шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
      меншiк нысанына қарамастан кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу орындары мен бiлiм мекемелерiне аттестациялау, тiркеу жүргiзуге арналған нормативтер мен үлгi ережелер (нұсқаулықтар, регламенттер) әзiрлейдi және оларды заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтедi; 
      меншiк нысандарына қарамастан белгiленген тәртiппен республиканың жоғары және арнаулы орта оқу орындарын лицензиялауды, мемлекеттiк аттестациялауды, тiркеу, сондай-ақ туристiк қызметтердi, археологиялық және тарихи және мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру жұмыстарын лицензиялауды жүзеге асырады; 
      бiлiм, мәдениет, туризм, дене тәрбиесi және спорт салаларында республикалық нормативтер жасау, қаржыландыру, еңбектi ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу, салық салу жүйесiн, шаруашылық тетiктерiн, қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi жұмысқа қатысады; 
      бiлiм процесiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiнiң мемлекеттiк нормативтерiн жасайды; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика және сауда министрлiгiмен, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын арнаулы орта және жоғары оқу орындарында (әскерилерден басқа) оқитындардың барлық санаттарына мемлекеттiк тапсырысты белгiлейдi; 
      мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiлiм мекемелерiне, аспирантура мен докторантураға азаматтарды қабылдаудың жалпы тәртiбiн белгiлейдi; 
      меншiк нысандарына қарамастан оқу орындарына арналған жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта, жоғары, жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың баламалылығын айқындайды, халықаралық шарттардың негiзiнде Қазақстан Республикасының аумақтарында тиiстi бiлiм деңгейi туралы шетелдiк құжаттарды тану мәселелерiн шешедi; 
      бiлiм беру мекемелерiндегi дене тәрбиесi - спорт процесiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, мүдделi орталық атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп мектептен тыс мекемелерде, спорттағы талапты балаларға арналған оқу-жаттықтыру орталықтарында, клубтарында, оқу орындарында спорттық резервтермен халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады, республикалық, халықаралық жарыстар мен кешендi шаралар өткiзудi қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға, әлем, Азия чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз етедi; 
      спорттық шаралардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын, спорттық жарыстар мен жиындарды өткiзудiң тәртiптерiн, спорт түрлерiнiң спорттық жiктемелерiн, спорттық және туристiк шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етудiң нормативтерiн бекiтедi; 
      белгiленген тәртiппен бiлiмдi, мәдениеттi, туризмдi, дене тәрбиесiн және спортты дамытуға айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлердi Қазақстан Республикасы Бiлiм және Мәдениет министрлiгiнiң құрмет белгiлерiмен және грамоталарымен марапаттауды, сондай-ақ мемлекеттiк марапаттар мен атақтарға ұсынуды жүзеге асырады; 
      министрлiк қызметiнiң аясында республикалық және мемлекеттiк бюджеттердi қалыптастыруға қатысады; 
      бiлiм, мәдениет, туризм, дене тәрбиесi және спорт жүйесiнде табиғатты қорғау жөнiндегi шараларды даярлауға және жүзеге асыруға қатысады. 
      9. Министрлiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындауы кезiнде: 
      өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; 
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және оны алуға; 
      заңдарда белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру мекемелерiнiң қызметiн лицензиялауды жүзеге асыруға; 
      заңдарда белгiленген тәртiппен орта, арнаулы жоғары оқу орындары мен басқа да бiлiм беру мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiне кәсiпорындар құру, қайта ұйымдастыру және оларды тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге, олардың жұмыс iстеуiне қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыруға; 
      заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бағыныстағы жоғары оқу орындарының басқа да ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметiнен босатуға, сондай-ақ облыстық бағыныстағы бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларын тағайындауға және босатуға келiсiм беруге; 
      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бiлiм, мәдениет, туризм және спорт мекемелерi мен ұйымдарын, олардың жергiлiктi құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда қаражаттың пайдаланылу тиiмдiлiгiне тексеру жүргiзуге;
      заңда белгiленген тәртiппен журналдар, газеттер және басқа да баспасөз басылымдарын шығаруға;
      өзiнiң аясындағы мәселелердi шешу үшiн уақытша шығармашылық ұжымдар ұйымдастыруға;
      жедел басқару құқығымен берiлген мүлiк кешенiн пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.

             III. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      10. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады. Министрдiң өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары (вице-Министр) болады. 
      11. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз жұмысын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 
      12. Осы мақсаттарда Министр: 
      вице-Министрдiң, департаменттер директорларының, министрлiк құрылымдық бөлiмшелерiнiң басқа да басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды; 
      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi; 
      шығыстары, бекiтiлген адам саны және жалақы қоры лимитiнiң шектерiнде Министрлiктiң орталық аппараты шығыстарының сметасы мен штаттық кестесiн бекiтедi; 
      министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi; 
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды. 
      13. Вице-Министр Министр болмаған кезде оны алмастырады, министрлiктiң құрамына кiретiн департаменттер мен құрылымдардың қызметiн үйлестiредi, Министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      14. Министрлiктiң орталық аппараты Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен дербес құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң құрамындағы Мәдениет, Туризм және спорт департаменттерi заңды тұлғалар болып табылады.
      15. Министрлiк құрамындағы заңды тұлға құрусыз Департамент пен оның құрылымы туралы Ереженi Департамент директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтедi.
      16. Қызметтi ұйымдастырудың тәртiбi, министрлiкте iс жүргiзудi жүзеге асыру Министр бекiткен Министрлiк жұмысының регламентiмен айқындалады.
      17. Министрлiкте Министрдiң, вице-Министрдiң және департамент директорларының құрамында алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де адамдар кiре алады. Алқаның шешiмi хаттамаларымен және қаулылармен ресiмделедi.
     Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi.
     Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
     18. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Министрлiктiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдары үшiн мiндеттi шешiм қабылдайды.
     Министрлiк қабылдаған шешiм бұйрықтармен және өкiмдермен ресiмделедi. 
     19. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 23 мамырдағы
                                         N 878 қаулысына
                                             қосымша

            Қазақстан Республикасының кейбiр күшi жойылған
                    шешiмдерiнiң тiзбесi
 
        1. "Қазақстан Республикасы мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 маусымдағы N 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 23, 365-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115-қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 11, 26-тармақтары. 
      3. "Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 113  P950113_ қаулысының 2, 6-тармақтары. 
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 ақпандағы N 1033  P961033_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 329-құжат) 3-тармағы. 
      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 сәуiрдегi N 484  P950484_ қаулысы. 
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 сәуiрдегi N 519  P960519_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 150-құжат). 
      7. "Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 қыркүйектегi N 1263 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 379-құжат). 
      8. "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 759  P960759_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 250-құжат). 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады