Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 ақпан N 128. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.11. N 948 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процесiнде мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 Жарлығын орындау үшiн және шет елдiк инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiндегi саясатты жүргiзу саласында мемлекеттiк органдардың қызметтерi мен өкiлеттiктерiн нақтылауға байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 50 адам болып белгiленсiн (ғимаратты күзету және оған қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлердi қоспағанда). Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" 1994 жылғы 4 қазандағы N 1108 (1 кесте) және "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы" 1994 жылғы 20 желтоқсандағы N 1426 қаулыларында көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары Агенттiктiң қызметкерлерiне қолданылсын. Қазақстан Республикасының Экономика Министрi Агенттiктiң құрылымы мен штаттық кестесiн бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiктiң аппаратын ұстауға қажеттi қаржы бөлудi көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң мәселелерi" туралы 1992 жылғы 23 желтоқсандағы N 1073 қаулысы бойынша:
      қаулы тексiнен "инвестициялық" сөзi алынып тасталсын;
      6, 8-тармақтардың және 11 - тармақтың екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 19 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 7-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк туралы Ереже бойынша;

 

     1-тармақтан, 4-тармақтың төртiншi абзацынан, 5-тармақтың

алтыншы абзацынан "инвестициялық", "инвестициялы" сөздерi алынып

тасталсын;

     3-тармақтың екiншi абзацынан "инвестицияларды және" және

сөзi алынып тасталсын.

     8-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Премьер-министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады