"Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 ақпандағы N 157

      Үкiметтiң реформаларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимылының бағдарламасына сәйкес және балық саласын басқаруды жетiлдiру, монополиясыздандыру, бәсекелестiктi дамыту әрi жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына 1 қосымшаға сәйкес берiлген акционерлiк қоғамдардың және аумақтық акционерлiк компаниялардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерi керi алынсын;
      аталған акционерлiк қоғамдардың және аумақтық акционерлiк компаниялардың мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өткiзiлетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлiктi анықтасын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкіметінiң 1996.05.17.
               N 609 қаулысымен. P960609_
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң саны, оны материалдық қамтамасыз ету және қызметiнiң басқа да мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанынан балық шаруашылығы жөнiндегi комитет құру туралы" 1992 жылғы 26 ақпандағы N 159 қаулысының, "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1994 жылғы 4 мамырдағы N 472 қаулысының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 21, 209-бап) және
"Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi және
Байқаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 19 мамырдағы N 539 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                      Министрлер Кабинетiнiң
                                      1995 жылғы 14 ақпандағы
                                        N 157 қаулысына
                                        N 1 Қосымша

           Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Балық"мемлекеттiк
           акционерлiк компаниясынан керi алынатын акционерлiк
            қоғамдар мен аумақтық акционерлiк компаниялардың
                             ТIЗБЕСI
 
     "Аралбалықөнеркәсiп" АҚ, Қызылорда облысы
     "Балық" АҚ, Қызылорда облысы
     "Нұртуған" АҚ, Қызылорда облысы
     "Қазақбалықфлот" АҚ, Маңғыстау облысы
     "Балық" АҚ, Батыс Қазақстан облысы
     "Қостанай балық зауыты" АҚ, Қостанай облысы
     "Балық" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы
     "Қазбалықшардың 3-МЖК" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы
     "Ақмола балықшысы" АҚ, Ақмола облысы
     "Шымкентбалық" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы
     "Құрылысбалық" АҚ, Оңтүстiк Қазақстан облысы
     "Толқын" АҚ, Семей облысы
     "Алтынбалық" АҚ, Жамбыл облысы
     "Балқашбалық" АҚ, Жезқазған облысы
     "Өскементоғаншары" АҚ, Шығыс Қазақстан облысы
     "Атыраубалық" ТАК, Атырау облысы


                                     Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 ақпандағы N 157 қаулысына 2 Қосымша


             Жекешелендiруге жатпайтын, қызметiн реттеудi

            Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүзеге асыратын 
            кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң
<*>

                             ТIЗБЕСI

     Майбалық балық питомнигi, Ақмола облысы
     Қазақ өндiрiстiк жерсiндiру станциясы, Алматы облысы
     Қапшағай уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Алматы облысы
     Балық өнеркәсiбi флотының теңiзде жүзу қауiпсiздiгi және
     порттық қадағалау Қазақ мемлекеттiк инспекциясы, Алматы облысы
     Атырау теңiз балық шаруашылығы техникум, Атырау облысы
     Бұқтырма уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Шығыс Қазақстан
     облысы
     Жезқазған балық питомнигi, Жезқазған облысы
     Қамыстыбас балық питомнигi, Қызылорда облысы
     Зерендi балық питомнигi, Көкшетау облысы
     Жоғарғы тобыл балық питомнигi, Қостанай облысы
     Качир балық питомнигi, Павлодар облысы
     Шiдертi уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Павлодар облысы
     Петропавл балық питомнигi, Солтүстiк Қазақстан облысы
     Шардара балық питомнигi, Оңтүстiк Қазақстан облысы
     Түрген бақтақ балық шаруашылығы, Алматы облысы
     Ескерту. 2-қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң
              1996.05.17. N 609 қаулысымен. 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады