Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 мамырдағы N 609 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 17 мамырдағы
                                      N 609 қаулысымен
                                         бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне
                     енгiзiлетiн өзгертулер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 68 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 68 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 ақпандағы N 157 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,N 7, 73-бап):
      2-қосымшаның атауындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.30 N 689 қаулысымен.

                                   Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                  1996 жылғы 17 мамырдағы
                                      N 609 қаулысына
                                            қосымша

           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                      кейбiр шешiмдерiнiң
                           Тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1992 жылғы 6 мамырдағы N 112 өкiмi.
      2. "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 мамырдағы N 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 20, 320-бап).
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегi N 139 өкiмi.
      4. "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 желтоқсандағы N 1479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 49, 555-бап).
      5. "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 ақпандағы N 157 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 7, 73-бап).
      6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы N 369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 11, 127-бап).
      7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 205-бап).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 948 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар деген 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1995 ж., N 24, 271-бап).
      9. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 шiлдедегi N 1013 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 293-бап).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады