Судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 15 ақпандағы N 160. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.26. N 85 қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N
2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
     Судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану тәртiбi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1995 жылғы 15 ақпандағы        
N 160 қаулысымен           
Бекiтiлген              

             Судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану
                          тәртiбi жөнiндегi
                              ЕРЕЖЕ <*>

      ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң
1996.08.20. N 1031 қаулысымен .
      1. Осы Ереже судың мемлекеттiк есебi мен пайдалануды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және олардың қай ведомствоға жататынына, меншiк нысанына қарамастан, барлық министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге, азаматтарға мiндеттi болып табылады.
      2. Судың мемлекеттiк есебi мен оны пайдаланудың негiзгi мiндетi - халық мұқтажы, экономика салалары мен қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау үшiн пайдаланылатын судың сапасы мен мөлшерiн анықтау болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай су қорын құрайтын барлық сулар (су объектiлерi), сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, өнеркәсiп, құрылыс, көлiк, ауыл шаруашылық және басқа да кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, жеке азаматтар пайдаланатын сулар мемлекеттiк есепке алынады.
      4. Судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалануды Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитет, жер бетi суы бойынша - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма, жер асты суы бойынша - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология бас басқармасы судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану саласында:
      а) жер бетiндегi су ресурстарын мемлекеттiк есепке алу мен олардың режимi мен сапасын бақылауды қамтамасыз етедi.
      Жер бетiндегi сулардың мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының және басқа да министрлiктер мен ведомстволар жүйесiнiң гидрометеорология орталықтары, станциялары мен постарының мемлекеттiк желiлерi арқылы басқа да ақпарат алу құралдары мен әдiстерiн тарта отырып (жасанды Жер серiгi, авиация, экспедиция және су объектiлерiн зерттейтiн басқа да әдiстер), Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы белгiлеген үлгiде, тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады;
      б) судың мемлекеттiк есебiнiң материалдары негiзiнде мүдделi кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi белгiленген тәртiппен су объектiлерi (жер асты суларынан басқа) және олардың гидрологиялық режимi жөнiндегi деректермен, сондай-ақ кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi жобалау, салу және пайдалану үшiн қажеттi гидрологиялық болжаулармен қамтамасыз етедi;
      в) физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткiштерi бойынша мемлекеттiк қызметтi ұйымдастырады және судың ластану деңгейiне бақылау мен тексерудi (жер асты суынан басқа) қамтамасыз етедi және мүдделi кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi су объектiлерiнiң (жер асты суларынан басқа) ластану деңгейi және оның шаруашылық қызмет пен гидрометеорологиялық жағдайлардың әсерiмен өзгеру мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ жер бетi суларының ластану деңгейiнiң күрт өзгерулерi туралы жүйелi әрi жедел ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
      6. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану саласында:
      жер қойнауын гидрогеологиялық зерттеу материалдарының негiзiнде жер асты суларының ресурстары мен пайдалану қорларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың статистикалық есептерiнiң негiзiнде жер қойнауынан алынатын жер асты суларының көлемiн (бiрге шығатынын қосқанда) есепке алуды;
      жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiнiң негiзiнде жер қойнауына, сулы қабаттарды қосқанда, төгiлетiн ағын және басқа сулардың, сондай-ақ ластағыш заттардың мөлшерiн есепке алуды;
      жер асты суларын алуды немесе ағын және басқа суларды жер қойнауына төгудi жүзеге асыратын барлық жер қойнауын пайдаланушыларды, сондай-ақ "Жер асты сулары" тарауы бойынша мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген су объектiлерiн тiркеудi және есепке алуды;
      мемлекеттiк меншiктер және жеке меншiктегi (жекешелендiрiлген) бақылау пункттерi торабын қамтитын жер асты суларының мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу шеңберiнде жер асты суларының режимi мен сапасына бақылауды;
      су ресурстары бас басқармасы органдарының (Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитет) келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын арнайы су пайдалануға, пайдалану және су соратын құбырлар мен құдықтарды бұрғылауға, сондай-ақ жер асты суларының жай-күйiне ықпал ететiн жер асты құрылыстарын салу орны мен оның жобасын келiсуге заңда белгiленген тәртiппен рұқсат беру мен жоюды;
      жер қойнауы суларын пайдаланушы ұйымдардың меншiктi (жекешелендiрiлген) бақылау пункттерi торабында атқарылған жер асты суларының режимi мен сапасын зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуiн тексерудi;
      алынатын жер асты суларының, сондай-ақ жер қойнауына төгiлетiн сулардың көлемiн алғашқы есепке алудың дұрыстығын тексерудi;
      жер асты суларын мемлекеттiк есепке алудың және оны пайдаланудың автоматтандырылған мәлiметтер қорын жетiлдiру мен тиiмдi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды;
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң нұсқаулары мен әдiстемелiк тапсырмаларында белгiленген жер асты сулары мен оларды пайдаланудың үлгiлерi мен мерзiмiне байланысты мемлекеттiк есепке алу материалдарын пысықтауды;
      жер асты сулары мен оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiне қатысты нұсқауларды, әдiстемелiк тапсырмаларды және басқа нормативтi құжаттарды әзiрлеудi;
      жер асты сулары мен олардың пайдаланудың мемлекеттiк есебiн жүргiзудегi жалпы принциптердi әзiрлеудi;
      мемлекеттiк органдармен ведомствоаралық хабарлар алмасуды;
      Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетке белгiленген тәртiппен жер асты сулары мен оларды пайдалану есебi жөнiндегi жиынтық мәлiметтердi берудi жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитет судың мемлекеттiк есебi және оны пайдалану саласында:
      а) суды пайдаланатын кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелерде су объектiлерiнен алынатын және соған құйылатын сулардың алғашқы есебiнiң дұрыстығына, суды пайдалану, қайта құю есебiне арналған жабдықтар мен аппараттардың мемлекеттiк аттестациялануының белгiленген мерзiмiн сақтауға бақылауды қамтамасыз етедi;
      б) суды пайдаланушылардың есеп беруi негiзiнде пайдаланатын суды есепке алуды жүзеге асырады;
      в) суды пайдаланудың есебi жөнiндегi қорытындыланған мәлiметтердi (тiкелей су объектiлерiнен алынған су көлемi, сондай-ақ оларға қайта құйылған сулардың көлемi мен құрамы) Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасына, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне және оларға бағынысты органдарға заңда белгiленген тәртiппен табыс етудi қамтамасыз етедi;
      г) суды пайдалануды тiркеудi жүзеге асырады.
      8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасымен бiрлесе отырып, судың есебi мен пайдалану туралы статистикалық есеп берудiң үлгiлерiн әзiрлеп, тапсыру мерзiмi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларды толтыру жөнiндегi нұсқауларды белгiлейдi және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бекiтуге ұсынады.
      9. Суды пайдаланушы, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ азаматтар:
      а) Қазақстан Республикасының жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасымен ("Жер бетiндегi сулар" тарауы) және Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен ("Жер асты сулары" тарауы) келiсiм бойынша белгiленген тәртiпте және мерзiмде су объектiлерiнен алынатын және соған қайта құйылатын сулардың алғашқы есебiн жүргiзедi;
      б) судың шығыны мен деңгейiн өлшейтiн құралдармен су алатын және қайта құятын құрылыстарды жабдықтайды, сондай-ақ суы өздiгiнен шығатын скважиналарға реттегiш қондырғыларды орнатады.
      Аталған жабдықтар жоқ болған жағдайда кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер және басқа да суды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жүйесiнiң жергiлiктi органдарынан суды пайдалануға уақытша рұқсатты рәсiмдеуi тиiс және бақылау-өлшеу құралдарын қондырғанға дейiн, алынатын және қайта құйылатын судың мөлшерiн есепке алуды технологиялық жабдықтардың белгiленген көрсеткiштерi бойынша және басқа да мүмкiн болатын өлшеу әдiстерiн қолдана отырып, жүргiзедi;
      в) өз лабораториясында немесе мемлекеттiк аттестациясы бар басқа да кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер лабораторияларында қайта құрылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етедi;
      г) Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтетiн үлгiлер бойынша және нұсқауларға сәйкес, су пайдаланғаны жөнiнде есеп тапсырады;
      д) Қазақстан Республикасының Гидрометеорология бас басқармасының Қазақстан Республикасының жанындағы Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң (жер асты сулары бойынша) және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң жергiлiктi органдарына апат салдарынан ластағыш заттардың тасталуы, сондай-ақ су объектiлерiнен су алу мен оған қайта құюдың белгiленген режимiнiң бұзылуы туралы шұғыл хабарлар бередi.
      10. Суды пайдалануға байланысты объектiлердi жобалау және салу барысында министрлiктер, ведомстволар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, қажет болған жағдайда, уақытша ведомстволық гидрометеорологиялық станциялар мен постыларды, сондай-ақ режимдiк бақылау пункттерiн ұйымдастырады. Аталған станциялар мен постыларды, режимдiк бақылау пункттерiн ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң жергiлiктi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады, ал мүдделi ұйымдарға бақылау жүргiзу және материалдарды беру аталған бас басқарма мен министрлiк белгiлеген үлгi, тәртiп пен мерзiм бойынша жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады