Қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты жарақаттануынан, кәсiби науқасынан немесе денсаулығына өзгедей зақым келгендiгi шеккен зиянды алуға құқылы екенiн өзара тану туралы Келiсiмдi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 ақпандағы N 201

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Россия Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина Үкiметтерi жасасқан, Москва қаласында 1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты жарақаттануынан, кәсiби науқасынан немесе денсаулығына өзгедей зақым келгендiгi шеккен зиянды алуға құқылы екенiн өзара тану туралы Келiсiм Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                               Жоба



                Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                              Қаулысы

      Қызметкерлерге олардың еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақаттанудан, кәсiби аурудан немесе денсаулығының басқа да зақымдануынан болған зияны орнын толтыру құқықтарын өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы.

               Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi
                        Қаулы етедi:

      Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдава Республикасы, Россия Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина үкiметтерiнiң арасында жасалып, 1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында қол қойылған қызметкерлерге олардың еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақаттанудан, кәсiби аурудан немесе денсаулығының басқа да зақымдануынан болған зиянның орнын толтыру құқықтарын өзара тану туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасы 
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы



      Қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға кәсiби аурудан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келген зиянды өтеу құқықтарын өзара мойындау туралы
                       Келiсiм

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Осы Келiсiмге Үкiметтерiнiң атымен қатысушы мемлекеттер,
      өздерiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты еңбек жарақатын алған, кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген адамдарды әлеуметтiк қорғаудың айрықша маңызын мойындай отырып,
      өз мемлекеттерiнiң азаматтарын әлеуметтiк қорғау саласындағы мәселелердi реттеу қажеттiгiн негiзге алып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

               1-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың (оның iшiнде бұрынғы КСРО Одағының) меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындарына, мекемелерi мен ұйымдарына (бұдан әрi - кәсiпорындар) қолданылады.
      Қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты алған жарақаттан, кәсiптiк аурудан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан оларға келген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдер (бұдан әрi - зиянды өтеу) қызметкерлерге, ал олар қайтыс болған жағдайда - кез келген тараптың азаматы болып табылатын және олардың аумағында тұрақты мекен-жайы бар, зиянды өтеу құқына ие адамдарға оның бұрын жұмыс iстеген кәсiпорындарында берiледi.
      Чернобыль АЭС-i апатының және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан қызметкерлерге келген зиянды өтеу қабылданған ұлттық заңдар мен арнаулы келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

               2-бап

      Қызметкерге еңбек жарақатынан денсаулығының басқадай зақымдануы (оның iшiнде қызметкерлер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өндiрiстегi бақытсыз жағдайдың салдарынан зардап шегушi басқа Тараптың аумағында өткен соң еңбек қабiлетiн жоғалтуы), өлiмi бойынша оған келген зиянды жарақат алған, денсаулығының басқадай зақымданған, өлген сәтiнде қызметкерге заңы қолданылған Тараптың жұмыс берушiсi өтейдi.
      Келген зиян үшiн жауапты жұмыс берушi оны өтеудi өзiнiң ұлттық заңына сәйкес жүргiзедi.

              3-бап

      Егер аталған ауру алғаш рет басқа Тараптың аумағында анықталған жағдайда, зиянды өтеудi қызметкерге оның еңбек ету кезiнде кәсiби ауруға ұшырағанда заңдары қолданылған Тараптың жұмыс берушiсi жүзеге асырады.
      Кәсiби ауруға шалдыққан қызметкер кәсiби ауру туғызатын қызмет жәйттерi мен салаларында бiрнеше Тараптың аумағында жұмыс iстеген жағдайларда, зиянды өтеудi көрсетiлген жұмыс соңғы рет аумағында атқарылған Тараптың жұмыс берушiсi жүзеге асырады.

             4-бап

      Қызметкердiң еңбек жарақаты мен кәсiби ауруының ауырлық дәрежесiн қайта қарау ол өз аумағында тұратын Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

             5-бап

      Тараптардың бiрiнiң аумағында осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен берiлген құжаттарды немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн басқа Тараптар ресмисiз қабылдайды.
      Процентке шаққандағы кәсiби еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi мен қосымша көмек түрлерiнiң қажеттiгi туралы кез келген Тараптың тиiстi медициналық сараптау комиссиясының шешiмi қызметкердiң денсаулығына келген зиянды өтеу үшiн оның тұратын жерiне осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың аумағында заңдық күшке ие.

            6-бап

      Тараптар өз аумақтарына тұрақты немесе уақытша келген қызметкерлерге (ал олар қайтыс болған жағдайда - зиянның өтеуiн алуға құқы бар адамдарға) зиянды өтеу жөнiндегi өкiмет қаражаттарын еркiн аудару және төлеудi банктер мен (немесе) почта байланысы мекемелерi арқылы басым тәртiппен қамтамасыз етедi.
      Зиянды өтеу жөнiндегi ақша қаражатын аудару әлеуметтiк мәнi бар саудасыз төлемдер бойынша ақша қаражатын аудару туралы үкiметаралық Келiсiммен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

            7-бап

      Қызметкерлерге келген зиян үшiн жауапты кәсiпорын жойылған

және оның құқықтық мұрагерi болмаған жағдайда, аумағында
кәсiпорын жойылған Тарап осы қызметкерлерге келген зиянды ұлттық
заңдарына сәйкес өтеуге кепiлдiк бередi.

            8-бап

     Осы Келiсiмде көзделген iстер жөнiнде зардап шегушiнiң 
таңдауы бойынша зиянды өтеу туралы шешiм шығаруға негiз болған
аумағында iс-әрекет орын алған Тараптар соты немесе аумағында
зиянның өтеуiн алуға құқы бар адамдар тұратын Тараптың соты
құзырлы.

            9-бап

     Өзара уағдаластық бойынша Тараптар осы Келiсiмге қажеттi
толықтырулар мен өзгертулер енгiзе алады, олар тиiстi 
хаттамалармен рәсiмделiп, осы Келiсiмнiң ажырағысыз бөлiгi болып
табылады.

            10-бап

     Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар
мүдделi Тараптардың келiссөздер жүргiзуi жолымен және Тараптардың
бiрiнiң өтiнiшi бойынша құрылған келiстiрушi комиссияны қоса
алғанда, басқа да жалпы танылған құралдар арқылы шешiледi.

            11-бап

     Осы Келiсiммен реттелмеген, сондай-ақ оны қолдануға 
байланысты мәселелердi Тараптардың өкiлеттi органдары қарайды.

            12-бап

     Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар:
     ұлттық заңдарды ынтымақтастық жолымен жақындастыру саясатын
жүргiзетiн;
     өз мемлекеттерiнде қолданылып жүрген әлеуметтiк заңдар мен
олардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн, оның iшiнде Еңбек, 
көшi-қон және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi консультативтiк
Кеңес арқылы да хабарландыратын болады.

             13-бап

     Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қатысушы-мемлекеттердiң
қажеттi мемлекетiшiлiк процедуралардың орындалғанын растайтын
хабарламаларды үш Тарап депозитарийге өткiзген күннен бастап
күшiне енедi.
          
            14-бап



      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа да мемлекеттердiң қосылуы туралы құжаттарды депозитарийге өткiзу жолымен оған қосылуына ашық.

             15-бап

      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және әр кез сайын өзiнен-өзi бiр жылға ұзартылады. Әр Тарап осы Келiсiммен өзiнiң шығатындығы туралы ниетiн тиiстi кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын депозитарийге бұл туралы жазбаша түрде хабарлау жолымен өтiнiш жасай алады.

              16-бап

     Тараптың осы Келiсiмге қатысқан кезеңiнде адамдарға зиянды
өтеу үшiн тағайындалған төлемдер Тарап одан шығып кеткен соң
да өзiнiң күшiн сақтайды.
     1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында орыс тiлiнде бiр
түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Беларусь Республикасы
Үкiметiнiң Архивiнде сақталады, оның куәландырылған көшiрмесiн
ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiбередi.

     Әзербайжан Республикасының         Молдова Республикасының
             Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн
     Армения Республикасының           Ресей Федерациясының
          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн
     Беларусь Республикасының          Тәжiкстан Республикасының
         Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн
     Грузия Республикасының            Түркменстан Республикасының
          Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн
     Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн
     Қырғыз Республикасының            Украина Республикасының
        Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн
     
     Москва - 09.09.94
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады