Әлеуметтiк жәрдемақы, балалы отбасыларға өтемақы төлеу және алимент төлеу саласындағы азаматтардың құқықтық кепiлдiктерi туралы Келiсiмдi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 ақпан N 202

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Россия Федерациясы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина Үкiметтерi жасасқан, Москва қаласында 1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған Әлеуметтiк жәрдемақы, балалы отбасыларға өтемақы төлеу және алимент төлеу саласындағы азаматтардың құқықтық кепiлдiктерi туралы Келiсiм Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                                       Жоба
             Балалы отбасыларына әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақылар
             мен алименттер төлеу саласындағы азаматтардың құқына
                           кепiлдiк туралы
                              Келiсiм
      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, өз Үкiметтерiнiң атымен осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер,
      әрбiр Тараптың балалы азаматтарға кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыру тиiстiгiн мойындай отырып,
      балалы және осы Келiсiмге қол қойған мемлекеттердiң аумағында тұратын азаматтардың құқын қорғаудың қажеттiгiн негiзге алып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                              1-бап
      Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн қолданылған төмендегi терминдер мынадай мағыналарды білдiредi:
      "азаматтар" - Тараптардың бiр мемлекетiнiң азаматы, қандай да бiр болмасын Тараптың аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар және шет ел азаматтары;
      "балалы азаматтарға кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк көмек" - Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес балалы азаматтарға мемлекеттiк, әлеуметтiк жәрдемақы мен өтем ақылар тағайындау және төлеу;
      "ұлттық заңдар" - қандай да бiр болмасын Тарап аумағында қолданылып жүрген балалы отбасыларына мемлекеттiк әлеуметтiк көмектер мен алименттер саласындағы мемлекеттiк жоғары өкiметтiң жоғары органдарының заңдары, жарлықтары, қаулылары, сондай-ақ нормативтiк-құқықтық актiлер;
      "құжаттар" - әлеуметтiк жәрдемақы мен өтем ақылар және алимент тағайындау мен төлеу үшiн ұлттық заңдарда қарастырылған туғаны туралы куәлiк, тұратын жерiнен анықтама, жұмыс орнынан анықтама және басқа да құжаттар;
      "белгiленген тәртiп" - балалы отбасыларына әлеуметтiк жәрдемақы мен өтем ақылар және алименттер тағайындау мен төлеудiң ұлттық заңдармен белгiленген мөлшерi мен шарттары.

                              2-бап
      Осы Келiсiм ұлттық заңдармен белгiленген немесе қабылданатын балалы отбасыларына кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк көмектер мен алименттер төлеудiң барлық түрлерiне қолданылады.
      Әрбiр Тарап өзiнiң аумағында балалы адамдардың кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк көмек алуына қандай да бiр болмасын азаматтық белгiсi бойынша шектеу қоймайды.

                              3-бап
      Балалы азаматтарға кепiлдi мемлекеттiк әлеуметтiк көмек бала ата-анасының бiреуi мен (оның орнындағы адам) тұрып жатқан аумақтағы Тараптың ұлттық заңдары белгiлеген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      Басқа Тараптың аумағында тұрып жатқан бiр Тараптың әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiнiң арасындағы балалы отбасыларына әлеуметтiк жәрдемақылар мен өтемақылар тұрған Тарабының заңдарында көзделген мөлшерлер мен шарттарда әскер құрамалар қарайтын Тараптың бюджетiнен бөлiнген қаражат есебiнен жұмыс (қызмет) орны бойынша төленетiн болған жағдайларда, ал өзге реттерде - келген Тарабының азаматтарына көзделген тәртiппен белгiленедi.

                              4-бап
      Осы Келiсiм бойынша өз мемлекеттерiнiң шекараларынан тысқары жерлерде жұмыс iстейтiн азаматтардың еңбек қызметi мен әлеуметтiк қорғалуы туралы екiжақты келiсiмдерде өзгеше ештеңе қарастырылмаса, осы Келiсiм бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөнiндегi шығындарды аумағында балалы азаматтар тұрақты түрде тұратын Тарап өзара есеп айырысуларсыз өз мойнына алады.

                              5-бап
      Тараптардың азаматтарына алименттер белгiлеу мен өндiрiп алу (төлету) олар тұрған аумақтағы Тараптың ұлттық заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

                              6-бап
      Тараптар алименттiк iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн мойындайды және орындалуын қамтамасыз етедi.

                              7-бап
      Тараптар өздерiнiң аумағына тұрақты немесе уақытша келген жеке адамдардың алименттерi, балалы отбасыларының әлеуметтiк жәрдемақылары мен өтемақылары бойынша ақша қаражаттарын банк және (немесе) почта байланысы мекемелерi арқылы еркiн аударуды және төлеудi басым тәртiппен қамтамасыз етедi.
      Балалы отбасыларына алименттер мен басқа да өтемақылар төлеу бойынша ақша қаражатын аудару әлеуметтiк мәнi бар саудасыз төлемдер бойынша азаматтарға ақша қаражатын аудару туралы үкiметаралық келiсiммен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

                              8-бап

     Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар:
     ұлттық заңдарды ынтымақтастық жолымен жақындастыру саясатын
жүргiзетiн;
     өз мемлекеттерiнде қолданылып жүрген әлеуметтiк заңдар мен
олардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiн, оның iшiнде Еңбек, көшi-қон  
және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi консультативтiк кеңес 
арқылы да хабарландыратын болады.

                             9-бап
     Белгiленген тәртiппен бiр Тараптың аумағында осы Келiсiмдi 
жүзеге асыру мақсатында берiлген құжаттар немесе олардың 
куәландырылған көшiрмелерi басқа Тараптың аумағында ресмилендiрiлмей 
қабылданады.

                             10-бап


      Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар мүдделi Тараптардың келiссөздер жүргiзуi жолымен және Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша құрылған келiстiрушi комиссияны қоса алғанда, басқа да жалпы танылған құралдармен шешiледi.

                              11-бап
      Өзара уағдаластық бойынша Тараптар осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгертулер енгiзе алады, олар тиiстi хаттамалармен рәсiмделiп, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

                              12-бап
      Осы келiсiм қатысушы-мемлекеттердiң қажеттi мемлекетiшiлiк процедуралардың орындалғанын растайтын жазбаша хабарламаларын үш Тарап депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.

                              13-бап
      Осы Келiсiм оған қосылғысы келген, оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттер үшiн осылай қосылуы туралы құжаттарды депозитарийге өткiзуi арқылы ашық.

                              14-бап
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалып, әр кез сайын өзiнен-өзi бiр жылға ұзартылатын болады. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен өзiнiң шығатындығы туралы ниетiн тиiстi кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша түрде хабарлау жолымен өтiнiш жасай алады.

                              15-бап

     Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес туындаған балалы 
     азаматтардың әлеуметтiк құқықтары әлдебiр Тарап Келiсiмнен
шыққан жағдайда да өз күшiн жоймайды.
     Осы Келiсiмге қатысу кезеңiнде туындаған балалы отбасыларына
әлеуметтiк жәрдемақылар, өтем төлемдерi мен алименттер төлеу 
жөнiндегi Тараптардың мiндеттемелерi әлдебiр Тарап одан шыққан 
жағдайда толық орындалғанша өз күшiн сақтайды.
     1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында орыс тiлiнде бiр 
түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Беларусь Республикасы 
Үкiметiнiң Архивiнде сақталады, оның куәландырылған көшiрмесiн
ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiбередi.
   
     Әзiрбайжан Республикасының           Молдова Республикасының
          Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн

     Армения Республикасының              Россия Федерациясының
          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

     Беларусь Республикасының             Тәжiкстан Республикасының
          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

     Грузия Республикасының            Түрiкменстан Республикасының
         Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн
 
     Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
         Үкiметi үшiн                           Үкiметi үшiн

     Қырғыз Республикасының                Украина Үкiметi үшiн
        Үкiметi үшiн 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады