Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылдың желтоқсан айында Венгрия Республикасына ресми сапары кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 10 наурыздағы N 241

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Венгрия Республикасына ресми сапары кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан-Венгрия ынтымақтастығын дамыта түсудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы желтоқсан айында Венгрия Республикасына ресми сапары кезiнде қол жеткен Келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Республикалық "Қазақстан теледидары және радиосы" корпорациясы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, сапар кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру

барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырсын.
     4. Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының орындалу барысы
туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жылына 
кемiнде бiр рет ақпарат берiп тұрсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                    Қазақстан Республикасы   
                                    Министрлер Кабинетiнiң
                                   1995 жылғы 10 наурыздағы
                                       N 241 қаулысымен
                                          бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы
           желтоқсан айында Венгрия Республикасына ресми
             сапары кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен
           уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың
                            ЖОСПАРЫ
--------------------------------------------------------------------
N | Құжаттың аты |Шаралардың, тапсырмалардың|Қазақстан  |Орындалатын
  |              |       мазмұны            |Республика.| мерзiмi
  |              |                          |сының орын.|
  |              |                          |дауға жауап|
  |              |                          |ты министрл|
  |              |                          |iктерi мен |
  |              |                          |ведомтсвола|
  |              |                          |лары       |  
  |              |                          |           | 
--|--------------|--------------------------|-----------|------------
 1|       2      |           3              |       4   |       5
--------------------------------------------------------------------
1. Қазақстан        Қазақстан Республикасының  Сыртқы        1995 
  Республикасы мен  Жоғарғы Кеңесiнде Шартты   iстер        жылдың
  Венгрия Республи. бекiту туралы ұсыныс      министрлiгi  II тоқсаны
  касы  арасындағы  енгiзiлсiн
  ынтымақтастық пен
  достастық қатынас.
  тар негiзi туралы 
  Шарт                                                      
                    Шарт қағидаларын жүзеге   Сыртқы        1995
                    асырудың кешендi Бағдар.  iстер         жылдың
                    ламасын жасау үшiн        министрлiгi   сәуiрi
                    Қазақстан Республикасының
                    Сыртқы iстер министрлiгi,
                    Экономика министрлiгi,
                    Өнеркәсiп және сауда
                    министрлiгi, Бiлiм 
                    министрлiгi және басқа да
                    мүдделi министрлiктерi мен
                    ведомстволары өкiлдерiнен
                    жұмыс тобы құрылсын.  

                    Халықаралық қауiпсiздiк,     Сыртқы      1995
                    қорғаныс, ядролық қаруды     iстер       жылдың
                    таратпау, халықаралық        министрлiгi II тоқсаны
                    ұйымдармен одан әрi өзара    Қорғаныс 
                    iс-қимыл жасау салаларында   министрлiгi
                    екiжақты ынтымақтастықтың    Атом энергиясы
                    негiзгi бағыттары            жөнiндегi
                    белгiленсiн                  агенттiк

                    Фармацевтика,экология және   Денсаулық     1995
                    қоршаған ортаны қорғау,      сақтау        жылдың
                    энергетика, байланыс және    министрлiгi   сәуiрi
                    коммуникациялар салаларында  Экология және
                    Венгрия Жағымен бiрлесе      биоресурстар
                    отырып, ынтымақтастық        министрлiгi
                    бағдарламасы әзiрленсiн      Энергетика
                                                 және көмiр
                                                 өнеркәсiбi
                                                 министрлiгi
                                                 Көлiк және
                                                 коммуникациялар
                                                 министрлiгi
                                                  
                   Ұйымдасқан қылмыс,терроризм,   Iшкi iстер   1995
                   жасырын келу және кету,қарумен министрлiгi  жылдың
                   және есiрткiмен заңсыз сауда   Ұлттық       сәуiрi
                   жасаумен күрес салаларында     қауiпсiздiк
                   Венгрия Республикасымен        комитетi
                   ынтымақтастық нысандары мен
                   негiзгi бағыттары белгiленсiн    

                   "Икарус"автобустарын шығару,   Ауыл         1995
                   мұнай өнеркәсiбi, ауыл         шаруашылық   жылдың
                   шаруашылығы салаларында екi    министрлiгi  сәуiрi
                   жақты ынтымақтастық            Мұнай және
                   бағдарламасы пысықталсын       газ өнеркәсiбi
                                                  министрлiгi
                                                  Көлiк және 
                                                  коммуникациялар
                                                  министрлiгi

                   Қаржы және сауда-экономика     Қаржы         1995
                   салаларында Венгрия Жағымен    министрлiгi   жылдың
                   өзара iс-қимыл жасаудың        Экономика     сәуiрi
                   нақты нысандары белгiленсiн    министрлiгi
                                                  Өнеркәсiп 
                                                  және сауда 
                                                  министрлiгi
                                                  Экспорт-импорт
                                                  банкi Мемлекеттiк
                                                  Даму банкiсi

                   Мәдениет,бiлiм,спорт және     Мәдениет        1995
                   туризм салаларында ынтымақ.   министрлiгi     жылдың
                   тастықтың негiзгi бағыттары   Бiлiм           сәуiрi
                   белгiленсiн                   министрлiгi
                                                 Жастар iсi,туризм
                                                 және спорт
                                                 министрлiгi

2. Қазақстан       Қазақстан Республикасының     Қаржы          1995 
 Республикасының   Жоғарғы Кеңесiнде Конвенцияны министрлiгi   жылдың
 Үкiметi мен       бекiту туралы ұсыныс          Сыртқы iстер  II тоқсаны
 Венгрия           енгiзiлсiн                    министрлiгi
 Республикасының
 Үкiметi арасындағы
 қосарланған салықты
 жою және табыс пен 
 капиталға жол бермеу
 туралы конвенция    
                   Қазақстан-Венгрия сауда.-      Қаржы          Тұрақты
                   экономикалық ынтымақтастығы    министрлiгi    түрде
                   негiзiнде конвенция қағидалары Мемлекеттiк
                   орындалуын бақылау қамтамасыз  мүлiк жөнiндегi
                   етiлсiн және механизмi         комитет Экономика
                   әзiрленсiн                     министрлiгi
                                                  Өнеркәсiп және
                                                  сауда министрлiгi

                   Сауда-экономикалық ынтымақ.    Өнеркәсiп    1995
                   тастық жөнiндегi Үкiметаралық  және сауда   жылдың
                   комиссияның кезектi мәжiлiсiн  министрлiгi   II
                   өткiзу мерзiмi Венгрия Жағымен Экономика    тоқсаны
                   пысықталсын                    министрлiгi
                                                  Мұнай және
                                                  газ өнеркәсiбi
                                                  министрлiгi
                                                  Сыртқы iстер
                                                  министрлiгi

3. Қазақстан       Қазақстан Республикасының      Экономика    1995 
 Республикасының   Жоғарғы Кеңесiнде Келiсiмдi    министрлiгi  жылдың
 Үкiметi мен       бекiту туралы ұсыныс           Сыртқы iстер  II
 Венгрия арасындағы    енгiзiлсiн                 министрлiгi  тоқсаны
 инвестицияларды
 өзара қорғау және
 қолдау туралы 
 келiсiм

                  Инвестицияларды өзара қорғау    Экономика    1995
                  және қолдау саласында           министрлiгi  жылдың
                  ынтымақтастықтың барлық         Қаржы        сәуiрi
                  кешендi мәселелерi жөнiнде      министрлiгi
                  жұмыстарды үйлестiру үшiн       Өнеркәсiп және
                  сарапшы-консультанттар құрамы   сауда министрлiгi 
                  құрылсын                        Сыртқы iстер
                                                  министрлiгi

                                                  Мемлекеттiк мүлiк 
                                                  жөнiндегi комитет
                                                  Казпатент
                                                  Экспорт-импорт
                                                  банкi Мемлекеттiк
                                                  Даму банкi
                  Аталған келiсiмнiң қағидаларын
                  жүзеге асыру жөнiндегi  
                  ынтымақтастық бағдарламасы
                  мен негiзгi бағыттары бекiтiлсiн

4. Венгрия          Венгрия Жағымен сапарлардың    Сыртқы      1995
 Республикасының    өзара мерзiмi, келiссөздердiң  iстер       жылдың
 Президентi мен     мазмұны, қол қою жоспарланған  министрлiгi  II
 Премьер-министрiн  құжаттар пысықталсын.                      тоқсаны
 ресми сапармен
 Қазақстанға келiп
 қайтуға Қазақстан
 Республикасы 
 Президентiнiң
 шақыруы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады