Мамандандырылған қой өсiрушi шаруашылықтарды мемлекеттiк қолдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 наурыздағы N 246

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, әсiресе, республиканың шалғайдағы шөлейт, жартылай шөлейт және таулы аудандарда орналасқан мамандандырылған қой өсiрушi шаруашылықтардың экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде өте қиын қаржы-экономикалық және әлеуметтiк жағдайда қалып отырғандығын атап өтедi. Бұл шаруашылықтарда қой басы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 40-50 процентке қысқарды, залалдылығы 50 проценттен астам болып отыр. Қой шаруашылығында еңбек қызметкерлердiң өмiр сүру деңгейi төмендедi, еңбекақы беруде де айтарлықтай iркiлiстерге жол берiлдi, малшылардың әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелерi нашар шешiлуде.
      Қой шаруашылығын одан әрi дамытудың ерекше маңыздылығын ескере отырып және мамандандырылған қой өсiрушi шаруашылықтарды қалыптасқан күрделi қаржы-экономикалық жағдайдан шығару үшiн қажеттi шарттар жасау, өндiрiстiң құлдырауын тоқтату және оны бiртiндеп ұлғайту, қой өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен өнiмдi сату, осы сала еңбеккерлерiнiң өмiр сүру деңгейiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қордың Республикалық ведомствоаралық кеңесi мұнай өнiмдерi мен электр энергиясына төлем жасау жөнiндегi шығындардың iшiнара орнын толтыру үшiн 1995 жылғы арналған қаржы бөлудi көздесiн және оны мамандандырылған қой өсiрушi шаруашылықтарға жiберу тәртiбiн белгiлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, 1995 жылдың соңына дейiн мамандандырылған қой өсiрушi шаруашылықтардың балансындағы денсаулық сақтау, бiлiм мен мәдениет мекемелерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, "Жеңiл өнеркәсiп" мемлекеттiк холдинг компаниясымен, "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен және "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдингтiк компаниясымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Агроөнеркәсiптiк кешен кеңесi мақұлданған (1994 жылғы 10 наурыздағы N 1 хаттама) Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайында қой шаруашылығын тұрақтандырудың 1994-2000 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес, шет ел технологияларын пайдалана отырып, қылшық жүндi ұқсату және одан халық тұтынатын тауарлар дайындау (ковролан түрiндегi осы заманғы қабырғаға iлетiн және еденге төсейтiн бұйымдар, жүн жамылғысы, пима аяқ киiмi, киiз және басқалар) жөнiнде 1995-1996 және одан кейiнгi жылдары 30 шаруашылықаралық, ауданаралық кәсiпорындарды жоспарлау, салу үшiн қажеттi қаржы iздестiрсiн.
      Бұл мақсаттар үшiн өнеркәсiп орындарының, коммерциялық құрылымдар мен шет ел инвесторларының қаржысын тарту ұсынылады.
      4. "Қазагрожөнмаш-холдинг" және "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен бiрлесе отырып:
      1995-1998 жылдар iшiнде машиналар мен жабдықтардың жаңа, оның iшiнде энергия көздерiнiң дәстүрлi емес түрлерiн (су, жел, күн, биоэнергия), сондай-ақ арба сүйрейтiн малдарды пайдалана отырып, аз энергиялы конструкторларын әзiрлеп, жасап шығарсын;
      нарықтық қатынастар жағдайында қой шаруашылығында агроқызмет жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi республиканың басқа мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен және компанияларымен бiрлесе отырып, осы қаулының 3 және 4 тармақтарында көрсетiлген шараларды кредиттеу мәселелерiн шешетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы облыстар мен аудандардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, тұқымдық аудандастыруды, қылшық жүндi қой жүнiн жаңғыртуды қайта қарау негiзiнде қой өсiрушi шаруашылықтарды қайта мамандандыруға, австралия мериностарын пайдалануға, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы және ет беретiн мал шаруашылығы табындарымен ұштастыра отырып, қой басын оңтайландыруға, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстанда қой шаруашылығын тұрақтандыру жөнiнде республикалық органдар дайындаған Бағдарламаға сәйкес, селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргiзу деңгейiн арттыруға бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асырсын.
      7. Облыстардың әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның жергiлiктi органдарымен бiрлесе отырып, дағдарыстан шығу және мамандандырылған

қой өсiрушi шаруашылықтардың экономикасын тұрақтандыру мақсатында 
ұқсатушы және өнеркәсiп органдарының, коммерциялық, жекеменшiк
құрылымдардың қатысуымен оларды реформалау, акционерлендiру және 
жекешелендiру жөнiндегi жұмыстарды 1995 жылдың соңына дейiн
аяқтайтын болсын.
   
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады