"Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 наурыздағы N 259

      Реформаны жеделдету және 1994-1995 жылдары экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi Үкiмет Бағдарламасына және Iс-қимыл жоспарына сәйкес, нарықтық қатынастарды қалыптастыру, бәсекелестiктi дамыту және жекешелендiру процесiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн керi шақырып алсын;
      "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамының шығарылған акционерлiк қоғамдарға акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстарды нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына және басқа қолданылып жүрген нормативтi актiлерге сәйкес, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң бiрыңғай технологиялық жүйесiн жасау мақсатында акционерлiк қоғамдардың кадрлық құрамына кiретiн заңды ұйымдарға, отандық және шет ел инвесторларға, аралас жұмыс атқарушылар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатуды ұйымдастырсын;
      бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, асыл тұқымды шаруашылықтар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар қызметiн мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi мәселенi шешетін болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi жөнiндегi заңды мұрагерлердi анықтасын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы 1993 жылғы 8 қыркүйектегi N 844 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 36, 417-бап) және "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi және Байқау кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 804 қаулылары күшiн жойған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi    


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады