1. Қазақстан Республикасының мемлекенттiк Қалыпқа келтiру
банкi (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкi) төрт жылдан аспайтын мерзiмге құрылсын. Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкiсiне республикалық бюджет есебiнен 7000000 мың теңге, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң кредиттерi есебiнен 3000000 мың теңге сомасында шығын көзделгенi ескерiлсiн. 2. <*> 3. <*> 4. <*> ЕСКЕРТУ. 2,3 және 4-тармақтарының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.29. N 394 қаулысымен. P980394_ 5. <*> Ескерту. 5-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.06.08. N 800 қаулысымен. P950800_ 6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкiне банкiлiк қызмет көрсетуге берiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қалыпқа келтiру банкiнiң аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласынан үй-жай бөлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары