Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қызметiнiң мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 8 маусым 1995 ж. N 800

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154 K952154_ қаулысына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 359 қаулысына P950359_ сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң жарғылық қорына (бұдан әрi - Медетшi банк) екiншi тоқсан iшiнде 100 (жүз) млн. теңге мөлшерiнде жарна енгiзсiн;
      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Жарлығында U952120_ көзделген мөлшерде Медетшi банкiн қаржыландыруға қажеттi қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
      2. Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсiп, Қазақстан Республикасының акционерлiк банкiмен агенттiк келiсiмi негiзiнде, акцияларының бақылау пакетi мемлекетте болатын төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды кредиттеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 359 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Медетшi банкi бюджетке директивтiк кредиттер, бюджеттiк несиелер және мiндеттемелердiң басқа да түрлерi бойынша берешектерге қызмет көрсетудi берудiң тәртiбiн әзiрлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша Экономика министрлiгiне және Медетшi банкiне жүктелсiн.
      4. Бекiтiлген тiзбеге сәйкес Медетшi банкiнiң банктiк қызмет көрсетуге берiлетiн кәсiпорындар есеп айырысу шоттарын Медетшi банкiнiң банк-агентiне аударуды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Медетшi банкiнiң санациялауына және құрылымын қайта құруына берiлетiн кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiн медетшi банкiнiң басқаруына табыс етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Медетшi банкiне осы банктiң қызмет көрсетуiне тексеру нәтижесiнде берiлетiн кәсiпорындар жөнiндегi қолда бар ақпаратты оның (Медетшi банкiнiң) сұрау салуы бойынша табыс етсiн, сондай-ақ аталған кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн бiрлесiп тексерудi жүргiзсiн.
      7. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қарауына бекiтiлген тiзбе бойынша Медетшi банкiнiң банктiк қызмет көрсетуiне берiлетiн кәсiпорындар кiретiн министрлiктер мен ведомстволар оларды (кәсiпорындарды) қаржылық сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруда Медетшi банкiне жәрдем көрсететiн болсын.
      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.18.
               N 68 қаулысымен. P960068_
      9. Медетшi банкi Кеңесiнiң құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      10. Медетшi банкi Басқармасының құрамы бес адам болып белгiленсiн. Медетшi банкi Басқармасының төрағасы банк Басқармасының дербес құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      11. Медетшi банкiне Басқарма төрағасының бiр бiрiншi орынбасары және екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.18.
               N 913 қаулысымен. P960913_
      12. Медетшi банкi Басқармасы төрағасының лауазымы медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету шарттары бойынша министр лауазымына, Басқарма төрағасы орынбасарының лауазымы министр орынбасарының лауазымына теңестiрiлсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Медетшi банкi Басқармасының төрағасы және оның орынбасарларын үкiметтiк байланыс арналарымен, сондай-ақ қажеттi көлемде халықаралық факсимиль, телекс, телефон байланыстарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн.
      14. Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154 қаулысымен және осы қаулымен сәйкестендiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      15. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 359 қаулысындағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң адам санын және оны (банктi) ұстауға арналған шығысты анықтайтын бөлiгiндегi 5-тармақтың күшi жойылған деп танылсын.

             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысына қосымша


             Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi

                   банкi Кеңесiнiң құрамы
Павлов А.С.       - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы
                    министрi, Кеңес төрағасы
<*>

Қалмырзаев С.С.   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                    Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару
                    департаментiнiң директоры 
<*>

Әшiмов Н.С.       - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
                    министрiнiң вице-министрi
<*>

Тәжияқов Б.Ш.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы
                    төрағасының орынбасары
<*>

Оспанов Х.А.      - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
                    министрi, Кеңес төрағасының орынбасары
<*>

Руденко Ю.С.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 
                    Материалдық өндiрiс департаментiнiң бастығы
<*>

Манақбаев Т.М.    - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
                    банкi Басқармасының төрағасы
<*>


     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi -  ҚРҮ-нiң 1996.07.18.
              N 913 қаулысымен. 

P960913_

               
     Ескерту. Кеңес құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.06.
              N 1496 қаулысымен. 

P961496_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.17. N 586
              қаулысымен.  

P970586_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады