Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 наурыз N 369. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.17. N 609 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшiн бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанынан республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы (Мемсаудаинспекция) құрылсын.
      Мемсаудаинспекциясы аппаратының шектi саны Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының адам санын тиiсiнше қысқарту есебiнен 14 адам болып бекiтiлсiн.
      Мемсаудаинспекциясының бастығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
      2. Мемсаудаинспекциясы тиiстi әкiмдерге бағынысты облыстардың және Алматы қалалық сауда инспекцияларына ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
      Облыстардың, Алматы қалалық сауда инспекцияларының бастықтарын тиiстi әкiмдер тағайындайды.
      3. Республикалық, облыстық, қалалық сауда инспекцияларына "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi талаптардың, сауда ережелерi мен тәртiбiнiң, баға тәртiбiнiң сақталуын, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметiн және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сауда жүйесiне сапасыз бұйымдар түсiруiне

жол бермеуiн бақылау жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 
екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы
Ережесiнiң жобасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрiнiң
              бiрiншi орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады