Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитет туралы<*> Ескерту. Қаулының атауында және мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.07. N 939 қаулысымен. ~P950939

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 371

      Жұмысшы кадрларын даярлауды жетiлдiру, жұмыстан босаған қызметкерлер мен жұмыспен қамтылмаған халық арасынан жұмысшылар мен мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, кәсiптiк-техникалық училищелер базасын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанынан Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитет құрылсын, оның қарамағына барлық кәсiптiк-техникалық оқу орындары және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүйесiндегi оларға қызмет көрсететiн мекемелер берiлсiн. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитеттiң қызметкерлерi штатының саны (күзетсiз, қызмет көрсететiн адамдарсыз) 20 адам болып белгiленсiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппаратындағы қызметкерлердi 11 адамға, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппаратындағы қызметкерлердi 3 адамға қысқарту есебiнен алынсын.
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитеттi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын төраға басқарады. <*>
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитетке Комитет төрағасының I орынбасарын, сондай-ақ құрамы 7 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитетке қызмет бабындағы 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*>
      3. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарын және оларға қызмет көрсететiн мекемелердi қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталсын.
      Жұмыссыз жүрген адамдарды қайта оқыту Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi мемлекеттiк қоры есебiнен жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитет төрағасына Комитеттiң орталық аппаратының штаттық кестесiн қызметкерлердiң белгiленген саны және еңбек ақы қоры шегiнде бекiту құқы берiлсiн. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратына жұмсалатын қажеттi қаржы қарастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi жанындағы Кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi комитет туралы Ереже әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын. <*>
      Ескерту. 6-тармақта сөздер ауыстырылған - ҚРМК-нiң 1995.07.07.
               N 939 қаулысымен.
      7. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi құрылатын бiлiм департаменттерi құрамында кәсiптiк-техникалық оқу орындарын және оларға қызмет көрсететiн мекемелердi басқаратын қаржылық және шаруашылық дербестiгi бар тиiстi басқармалар ұйымдастырсын <*>
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               1995.07.07. N 939 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитет өзiне бағынысты кәсiптiк-техникалық оқу орындарында жұмысшылар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды шарттық негiзде еңбек рыногының қажетiне сәйкес, сонымен бiрге осы оқу орындарындағы даярлық нышанын, сондай-ақ олардың жұмысшы кадрлары арнайы әзiрленiп жатқан кәсiпорындармен және ұйымдармен байланысын сақтай отырып қамтамасыз етсiн. <*>
      Жергiлiктi өкiмет пен басқару органдары, кәсiпорындар мен ұйымдар кәсiптiк-техникалық оқу орындарын материалдық ресурстармен, жер учаскелерiмен және басқа оқыту құралдарымен қамтамасыз етудi көздесiн, сондай-ақ осы оқу орындарының оқушылары өндiрiстiк практикадан өтуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайтын болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитеттiң өтiнiмi бойынша өндiрiстiк оқыту шеберлерiн, арнайы, жалпы техникалық және жалпы бiлiм беру пәндерiнiң оқытушыларын даярлауды өрiстетсiн. <*>
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитеттi қажеттi қызметтiк үй-жаймен және мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жанындағы Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жөнiндегi комитетке оның өтiнiмi бойынша қажеттi телефон номерлерi мен үкiметтiк байланыс номерлерiн бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады