Қазақстан Республикасында 1999 жылы Халық санағын жүргiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 сәуiр 1995 ж. N 389
1. Қазақстан Республикасында кезектi Халық санағы 1999 жылғы қаңтарда жүргiзiлсiн.
2. 1999 жылғы Халық санағына әзiрлiк жасау, оны өткiзу, өңдеу нәтижесiн талдап қорыту мен жариялау Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және оның аймақтық органдарына жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстанда 1999 жылы Халық санағын жүргiзуге жәрдемдесетiн Республикалық комиссия құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өтiнiмдерi бойынша 1995-2001 жылдары республика бюджетiнде Халық санағына әзiрлiк жасауды, оның өткiзудi, өңдеудi, нәтижесiн талдап қорыту мен жариялауды қаржыландыруға, сондай-ақ Халық санағын жүргiзудiң әдiснамасын жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға және техникалық құралдар мен оның материалдарын өңдеу технологиясын сатып алуға арналған қаражаттың нысаналы бөлiнуiн көздесiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз