1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы қыркүйекте Сауд Аравиясы Корольдiгiне ресми сапары кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi жоспарда көзделген шараларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп, сапар кезiнде қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтардың жүзеге асуының барысын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсететiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кемiнде жылына бiр рет мәлiмдейтiн болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
N 408 Қаулысымен бекiтiлген 5 сәуiр 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
Сауд Арабиясы Корольдiгiне (САК) 1994 жылдың қыркүйегiндегi ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары (Үзiндi) ------------------------------------------------------------------- Құжаттың аты |Ынтымақ.|Шаралардың|Атқаруға|Аяқтау |Орындау |тастық | мазмұны |жауапты.|нысаны |мерзiмi | саласы | | лар | | -------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасының ҚР Минис.- Сыртқы.- ҚР 1995 Үкiметi мен Сауд Арабиясы трлер Каби.- iсминi Министр. жылдың Корольдiгiнiң Үкiметi нетiнiң лер 1 арасындағы сауда-эконо.- бекiтуiне Кабинетi. тоқсаны микалық, инвестиция, енгiзу нiң бекi. техника және мәдениет туi салаларындағы, сондай-ақ спорт саласындағы және жастар iстерi жөнiндегi ынтымақтастық туралы Бас келiсiм -------------------------------------------------------------------- Iс-әрекет Сыртқыiс. Шаралар тұрақты тетiгiн минi, жоспары түрде жасау және Эконом. осы Бас ке. минi, лiсiмнiң Сауда- орындалуына өнеркәсiп. бақылау минi жасауды қам. тамасыз ету