Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан Азық-түлiк контракт комитетiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 412

      Мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан Азық-түлiк контракт комитетi құрылсын (бұдан былай - Азық-түлiк контракт комитетi).
      2. Азық-түлiк контракт комитетiне мыналар:
      мемлекеттiк ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысшы мiндетiн жүзеге асыру;
      дайындаушы ұйымдар арасында мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
      мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алуды ұйымдастыру және беруге бақылау жасау;
      мемлекеттiк ресурс астығын пайдалануды ұйымдастыру, оның қозғалысына есеп және бақылау жасауды жүзеге асыру жүктелсiн.
      3. Азық-түлiк контракт комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк ресурсқа астық көлемiн сатып алуға керектi қаражат қажеттiлiгiн белгiлесiн және аталған операцияларды қаржыландыруға тартылатын кредит бойынша берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларды жүргiзетiн болсын.
      4. Азық-түлiк контракт комитетiнiң 10 адам құрамындағы шектi саны және бiр жеңiл қызмет автомобилiне лимит белгiленсiн (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң есебiнен).
      Азық-түлiк контракт комитетiн ұстау республиканың бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын.
      5. Азық-түлiк контракт комитетiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң тиiстi категориясы үшiн белгiленгендегiдей материалдық тұрмыстық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету жағдайы жасалсын.
      6. Азық-түлiк контракт комитетi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз ету туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 309 қаулысының 2 тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакциямен берiлсiн:

 

     "Сақтауға жинақтау сәтiнен 3 класты жұмсақ бидайдың бiр

тоннасы үшiн 80-нен (сексен) аспайтын АҚШ долларына пара-пар

баға бойынша жоғарыда аталған астық компанияларымен астық сатып

алуға тиiстi шарттар жасайтын Қазақстан Республикасының Ауыл

шаруашылығы министрлiгi жанынан Азық-түлiк контракт комитетiн

құру мақсатты деп танылсын".


    Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                        Қазақстан Республикасы                 

                                        Министрлер Кабинетiнiң

                                        1995 жылғы 5 сәуiрдегi

                                          N 412 қаулысымен

                                             Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

            министрлiгi жанындағы Азық-түлiк контракт

                        комитетi туралы

                            Ереже



 
       1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы жанындағы Азық-түлiк контракт комитетi (бұдан былай - Комитет) контракттық негiзде ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен басқа да актiлерiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет заңды ұйым болып табылады, осы Ереже белгiлеген құқықтарды пайдаланады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз қызметiне байланысты мiндеттердi орындайды.
      Комитеттiң дербес балансы, банк мекемелерiнде шоты, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған белгiленген үлгiдегi мөрi болады.
      4. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      мемлекеттiк ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысшы мiндетiн жүзеге асыру;
      дайындаушы ұйымдар арасында мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
      мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алуды ұйымдастыру, беруге және оны мемлекет мұқтажы үшiн пайдалануға бақылау жасау;
      мемлекеттiк ресурс астығының қозғалысына есеп және бақылау жасау.
      5. Жүктелген мiндетке сәйкес Комитет:
      конкурстық негiзде астық сатып алу жүктелетiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтайды және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген баға бойынша мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алуға олармен шарттар жасайды;
      мемлекеттiк ресурс астығын есеп және бақылау жасайды, оларды пайдалануға жiберу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
      Астықты ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерден астық қабылдау пунктерiне дейiн жеткiзу жөнiндегi шығындар дайындау ұйымдарының (астық компанияларының) шығындарына енгiзiледi.
      Астықты сақтау мен әзiрлеу үшiн есеп айырысулар шарттарда келiсiлген баға бойынша жүзеге асырылады.
      мемлекеттiк ресурс астығының қозғалысы мен оны пайдалану жөнiнде тоқсан сайын есеп тапсырады.
      6. Комитет мемлекеттiк астық сатып алуды жүзеге асыру үшiн кредиттiк ресурстарды, шет елдiк және отандық қаржыны, басқа да қаржы ресурстарын тарта алады.
      7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттер мен қызметтердi қамтамасыз ету үшiн белгiленген тәртiппен министрлiктерден, ведомстволардан және басқа органдардан қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға құқы бар.
      8. Комитеттi ұстайтын шығындарды қаржыландыру республика бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитеттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтедi.
      9. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасы Азық-түлiк контракт комитетiне жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады