Юбилейное кен орнын Қазақстан-Француз "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорнына пайдалануға беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 ақпандағы N 413 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Шетел инвестицияларын Қазақстан тарапына мейлiнше тиiмдi жағдайда тартып, Юбилейное кен орнын игерудi шапшаңдату үшiн Қазақстан Республикасының Премьер-министрi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 23 желтоқсандағы N 584 өкiмiнiң Юбилейное кен орны бойынша тендер өткiзу бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын. 
      2. "Кожема" фирмасының N 2 қосымшасындағы өзiнiң барлық құқын Қазақстан-Француз "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорнына беруге мiндеттенгенi жөнiндегi өз ұсыныстарын ескерiп, Юбилейное алтын рудалары кен орнын Француздың "Кожема" фирмасына пайдалануға берсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорны үшiн аталған кен орнын одан әрi барлауға және пайдалануға белгiленген тәртiппен лицензия ресiмделсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Юбилейное алтын рудалары кен орнын пайдалану туралы "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорнымен контрактiге үкiмет атынан қол қою құқығы берiлсiн. 
      5. "Кожема" фирмасы "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорнына 

 

толық техникалық-экономикалық негiздеме (бизнес-жоспар) беретiнi

назарға алынсын және бұл техникалық-экономикалық негiздеменi

(бизнес-жоспар) "Кожемалтын" бiрлескен кәсiпорны мақұлдағаннан 

кейiн "Кожема" фирмасы 48 сағаттың iшiнде Қазақстан Республикасының

бюджетiне 2 (екi) миллион АҚШ доллары мөлшерiнде бонус төлеуге

мiндеттенедi.

 

     Қазақстан Республикасы

      Премьер-министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

 

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады