Шетел инвестицияларын тарта отырып Көкшетау облысы Васильковский кен орнында өнеркәсiптiң алтын өндiру саласын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 11 сәуiр N 455. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.05. N 17 қаулысымен.

      Васильковский қымбат бағалы металдар кен орнын тиiмдi пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Көкшетау облысы Васильковский кен орнында қымбат бағалы металдар шығару, өндiру мен ұқсату жөнiнде "Пласер Казахстан Лимитед" компаниясының қатысуымен, осы мақсат үшiн арнайы құрылған "Пласер Дом Ник" (Канада) фирмасымен және басқа да шетел инвесторларымен бiрлескен кәсiпорын құру қажет деп саналсын.
      "Пласер Казахстан Лимитед" фирмасының Қазақстан Республикасының Үкiметiне шығарылған өнiмнiң 80 (сексен) миллион АҚШ доллары мөлшерiнде бонус беру туралы мiндеттемелерiне және қымбат бағалы металдар шығару жөнiндегi жоғары технологиялық өндiрiс құру үшiн кемiнде 270 (екi жүз жетпiс) миллион АҚШ долларын инвестициялауға. Васильковский кен орнында экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешуге байланысты бiрлескен кәсiпорын құру үшiн шет ел компанияларын таңдау жөнiндегi бұрын хабарланған тендерiнiң күшi жойылсын.
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан тарапымен бiрлескен кәсiпорынның қатысушыларын айқындасын. Бiрлескен кәсiпорынның қазақстандық үлесiн иелену, пайдалану және басқару Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тән деп белгiленсiн.
      2. Бiрлескен кәсiпорын құру жөнiндегi өзара құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Пласер Казахстан Лимитед" компаниясы арасындағы арнаулы келiсiммен айқындалатын болып белгiленсiн.
      Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары В.Л. Меттеге Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң атынан аталған келiсiмге қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      3. "Алтын қоры мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Васильковский қымбат бағалы металдар кен орнын игеруге және пайдалануға беруге кеткен шығыстар мен қарыздарды қайтару тәртiбiн, сондай-ақ оған тиесiлi алтынның экспорты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен немесе бiрлескен кәсiпорынның атынан және оның тапсыруы бойынша басқа өкiлеттi агентпен бiрлескен кәсiпорынның кiрiс алу тәртiбiн әзiрлесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      "Пласер Казахстан Лимитед" компаниясы немесе олар жалдаған атқарушылар жүргiзген геологиялық-барлау жұмыстарын лицензиялау жөнiнде рұқсат құжаттарын дайындасын;
      жер қойнауын пайдалануға жасалған шарттарды мемлекеттiк тiркеудi және бiрлескен кәсiпорын қызметiн лицензиялауды қамтамасыз етсiн;
      жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен өзара iс-қимыл жасау үшiн жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiнде жұмыс жүргiзудiң белгiленген тәртiбi үшiн және Көкшетау облысы Васильковский кен орнында қымбат бағалы металдар шығару кезiнде жер қойнауын қорғау мен тиiмдi пайдалану саласындағы ережелер мен нормаларды сақтау үшiн бақылау жасауды жүзеге асырсын.
      5. Көкшетау облысының әкiмi бiрлескен кәсiпорынның жұмыс iстеуiне тиiстi жағдай жасау мақсатында осы қаулының жүзеге асуына көмек көрсету, жер бөлiп беру мен жер пайдалануды бөлу, мемлекеттiк өндiрiстiк кәсiпорындар үшiн көзделген жағдайларға орай және бағалау бойынша коммуналдық қызмет көрсету мен өзге де қызметтер көрсету

жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
     6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм
iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы қаулыға
сәйкес келтiру ұсыныс әзiрлесiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi






      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады