Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң қалпына келтiру заемына қатарлас Жапон Экспорт-Импорт Банкiнiң заемын пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 13 сәуiр 1995 ж. N 470

      Жапон Экспорт-Импорт Банкiнiң Қазақстан Республикасына берiлген заем қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жапон Экспорт-Импорт Банкi заемы қаражатының түсуi мен пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      осы заемды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдан бастап жыл сайынғы бюджеттердiң жобаларында проценттердi төлеу, ал 2000 жылдан бастап проценттер мен негiзгi борышты өтеу үшiн қажеттi қаражат бөлiнуiн көздеп отырсын;
      1995 жылдан бастап жыл сайын бюджет жобаларында аталған заем қаражатының пайдаланылуын тексеру жөнiндегi тәуелсiз халықаралық аудиторлық фирманың қызмет көрсетуiне ақы төлеу үшiн қажеттi қаражат көздесiн;
      он күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетпен 75 (жетпiс бес) миллион АҚШ доллары мөлшерiндегi заемды пайдалану тәртiбi туралы келiсiм жасайтын болсын;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiне 1993-1995 жылдардағы кеден декларациялары мен басқа да iлеспе құжаттарды тапсырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Шетел

капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi:
<*>

     заем қаражатын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн, сондай-ақ Жапон
Экспорт-Импорт Банкi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму
Банкiне осы мәселе бойынша есептер берiп отырсын;
     Лондон мен Токиодағы ресми агенттерiнiң қызмет көрсетуiне
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек
заемының қаражатынан ақы төлеп отырсын.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1031 қаулысымен.  

P961031_

 

            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады