Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының банк қызметiмен байланысты дауларды шешуi кезiнде заңдарды қолдануы туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 8 ақпан N 4. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының банк қызметiмен байланысты дауларды шешуi кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесiн талқылап, осы санаттағы дауларды шешу кезiнде кемшіліктер жiберiлгендiгiн атап өтедi.

      Iстердi тыңдауға тиiстi түрде дайындамау, iс-жағдайларын толық зерттемеу, соттардың азаматтық заң нормаларын, сондай-ақ есеп айырысу-несие қатынастарын заемды, кепiлдiктi, сақтандыруды реттейтiн жергiлiктi нормативтік актiлердi дұрыс қолданбауы бiр қатар сот iсiндегi қателiктердiң себебi болған.

      Жекелеген iстер бойынша шешiмдер заңға сiлтемесiз баяндалды.

      Осы санаттағы даулар бойынша алдын алу жұмыстары тиiмділікпен жүргізiлмейдi.

      Сот-төрелiк тәжiрибесiнiң бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" Заңының 26 бабын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы

      қаулы етедi:

      Төрелiк соттарға мынадай түсiнiктемелер берiлсiн:

      1. Есеп айырысу-несие қатынастарының бұзылуына байланысты соның iшiнде тараптардың бiрi банкi болғанда, сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды қарау барысында, соттар "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Z952155_ , "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" Заңдарды, Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейтiн КСР Одағы Азаматтық заң негiздерiнiң тиiстi нормаларын және 01.01.90 жылдан кейiн қабылданған заң актiлерiн басшылыққа алуы тиiс.

      Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң 30.01.93 N 1948-ХII "Экономикалық реформалар жүргiзу кезеңінде азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеу туралы" қаулысына сәйкес 28.12.63 жылғы Қазақ КСР Азаматтық кодексi нормалары Азаматтық заң негіздерiне қайшы келмейтiн реттерiнде қолданылады.

      Банк пен дербес шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында туындайтын кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттер жөнiндегi дауларды қараған кезде соттар "Кепiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн қолданғаны жөн.

      Сақтандыру саласындағы тараптардың қатынастары "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Заңымен, "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдастыру-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 16.04.94 жылғы Жарғысымен, Қазақстан Республикасында банктердiң заңды және жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) сақтандыруы ережелерiмен реттеледi.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Заңмен берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде банк қызметi мәселелерiн, есеп айырысу-несие құқықтық қатынастарын, валюталық операцияларды реттейтiн және республика аумағында орындалуға мiндеттi бiр қатар жергiлiктi заң актiлерiн қабылдады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қабылдаған нормативтiк актiлер тiзiмi осы қаулының N 1 қосымшасында көрсетiлген.

      2. Банк басқармасы Ұлттық банктiң банк қызметiн жүзеге асыруға (банк ашуға) рұқсат қағазды қайтару туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Заңының 34 бабына сәйкес шешiм алынған сәттен бастап 10 күннiң iшiнде төрелiк сотқа шағым жасауға құқылы. Бұл жағдайларда төрелiк сотқа дейiнгi реттеу тәртiбiн сақтаудың қажетi жоқ ("Кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң талаптар қоюы мен оны қарау және шаруашылық шарттары жөнiндегi келiспеушiлiктердi реттеудiң тәртiбi туралы" Ереженiң 2 тармағы). Соттар аталған мерзiмдi процессуалды мерзiм ретiнде бағалап, оған "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Заңының 61-65 баптарының талаптары таралады. Бұндай iстердiң сотқа қарастылығы аталған Заңның 18 бабымен анықталады.

      3. Банк қызметiнен туындайтын дауларды шешу барысында төрелiк соттар мынаны ескеруi керек: "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы" Заңның 1 бабына сәйкес, бiр де бiр заңды тұлға, егер ол банктiң ресми мәртебесiне ие болмаса, банк деп аталынбайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысады деп сипаттай алмайды.

      Банктiң ресми мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң банк ашуға рұқсатымен және банк операцияларын жүргiзуге рұқсат қағазы болуымен анықталады.

      Осы санаттағы дауларды шешу барысында төрелiк соттар дербес шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рұқсат қағазынсыз жасаған қызметтерiнiң фактiлерi бойынша келiсiм субъектiлерiнiң құқықтылығын тексеруi, жасалған мәмілелерге баға беруге тиiс.

      Бұл ретте мамандандырылған мемлекеттiк инвестициялық банктерден басқа банктер мен олардың филиалдарына материалдық өндiрiс, материалдық құндылықтармен сауда жасау саласында, ақша және несие тәуекелдерiн сақтандырудан, банктер құрудан басқа, жарғы капиталы мен сақтандыру қызметiнде жұмыс iстеуге тыйым салынатындығын ескеру керек.

      4. Филиалдардың қатысуымен дауларды қарау барысында соттар "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Заңының 25 бабын басшылыққа алғаны жөн. Оған сәйкес құрылым бiрлiгі iс бойынша тарап ретiнде төрелiк процеске қатысуға құқылы. Филиалдардың ондай құқықтылығын анықтау үшiн соттар филиалдың мәртебесiн айқындайтын құжаттарды бас банкiнiң (бiр жолғы немесе тұрақты) сенiм хатын талап еткенi жөн.

      5. Төрелiк соттар "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы" Заңының 3 бабына сәйкес Ұлттық банк пен оның мекемелерi салық пен алымдардың барлық түрiнен, соның iшiнде төрелiк сотқа шағымданған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылатынын ескеруi керек. Бұл норма коммерциялық банктерге таралмайды.

      6. Соттар несие шарттарын және қаржыларды депозит бойынша орналастыру тиiстi түрде орындамаған кезде туындайтын дауларды қарау барысында салымшылардың салымдарды беру туралы банкке деген талаптарына және банктердiң берiлген несиелер мен қаржыларды бергендiгі мен қаржыларды пайдаланғаны үшiн төлем (процент) жөнiндегi талаптарына iстiң ескiргендiгi таралмайтындығын ескеруi тиiс.

      Шығындардың орнын толтыру және санкцияны өндiрiп алу туралы даулар ескiргендiк мерзiмi шеңберiнде қаралады.

      Тараптар қарызды пайдаланғаны және банкi шоттарында қаржыларды сақтағаны үшiн проценттердi, оларды есептеу және өндiрiп алу тәртiбiн несие шарттарында және банкi салымы шарттарында қарастырады. Ақы мөлшерi нақты және еркiн болуы мүмкiн және ол шартта көрсетiлуi керек. Егер несиегердiң бiр жақты түрде проценттiк ақыларды өзгерту туралы құқының шарттары көрсетiлмесе, олардың арттырылуын жалпы тәртiп бойынша, яғни тараптардың келiсiмiмен шартқа өзгерiстер енгiзу арқылы банк жүргiзуi тиiс. Мерзiмi өтiп кеткен қарызды ықтиярсыз өтеу туралы iстердi қараған кезде төрелiк соттар несиенi пайдаланғаны үшiн проценттi қайтару жөнiндегi қарыздар мiндетi негiзгi мiндет болып табылатындығын, ал өсiм ретiндегi айыптарды төлеу қосымша мiндет болып саналатындығын ескеру керек.

      Проценттер қарызға алынған қаржыларды пайдаланғаны үшiн төлем болып табылады. Ал ол, әдетте нақты берiлген қарыз ақшалардан өндiрілiп алынады. Экономиканы қысқа мерзiмдiк несиелеу ережесiне сәйкес проценттердi аванспен алу тек тараптардың келiсiмi бойынша көзделуi мүмкiн.

      Тараптар шартында несие қайтарудың уақытын өткiзiп алғаны үшiн алынатын санкциялардың тұрақты сомасы (бiр жолғы айып, айып пұл) және ағымдағы (өсiм, немесе жылдық ақыны не проценттердi көтеру) түрi көзделуi мүмкiн.

      Жоғары процент түрiндегi несиенi қайтарудың мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн шартта белгiленген санкциядан банк тараптардың несие шарттарында банкiнің несие шартының қызмет мерзiмiн ұзартумен байланысты несиенi пайдаланғаны үшiн процент төлемiнің арттырылуын (өсуiн) көздеуi мүмкiн екендiгiн төрелiк соттар назарға алуы тиiс.

      Ұзартылған несиенi пайдаланғаны үшiн арттырылған проценттiк ставка санкция болып табылмайды және төрелiк соттар оны қарыз қаржылардың келiсiлген түрi ретiнде бағалауы тиiс.

      7. Қарыз берушi-банктердiң үшiншi адамдардан, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарынан, несиелiк келiсiм бойынша шығындардың орнын толтыру туралы шағымдарын қараған кезде, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен қатар сақтандыру ұйымдары да және банктiк кепiлдiктер бойынша банктердiң өзi де кепiлдiк хат берушi және кепiл бола алатындығын ескеру керек.

      Бұған орай сақтандыру ұйымындағы кепілдiк пен кепiлдiк хат беру мiндетi сақтандыру шартынан емес, азаматтық заңның тиiстi нормаларымен реттелетiн кепiлдiк пен кепiлдiк хат берудiң құқықтық қатынастарынан туындайды.

      Кепiлдiк берушiге талап қоярдан бұрын несиегер-банк ол талапты қарыздардың қанағаттандыруына орынды шаралар қолдануы, оның iшiнде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуды мәлiмдеу, ал қарыздар банкрот болған жағдайда - конкурстық процеске қатысуы керек.

      Осыған орай төрелiк соттар Экономиканы қысқа мерзiмдiк несиелеу ережелерiнiң 26 бабын басшылыққа алу керек. Оған сәйкес кепiлшi өзiнiң есеп айырысу шоты тұрған жердегi банк мекемесiне кепілдiк хат тапсырады. Ал ол арыздар (принципал) ссуданы және оның проценттерiн толық өтегенге дейiн сақталады. Қарыз берушi банкке кепiлшiге қызмет ететiн банктiң кепiлдiк орындауға қабылданғаны туралы белгiсi бар, банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған кепiлдiк хатының көшiрмесiн ұсынады.

      8. Кепiлдiк мiндеттемелерiнен туындайтын дауларды қараған кезде кепiлдiк затқа азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген мүлiк жататындығын ескеру керек. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өндiрiп алуға рұқсат етiледi.

      Сонымен бiрге мүлiкпен қатар ақша қаржылары, бағалы қағаздар және мүлiктiк құқықтар кепiлдiк затына жатады. Қарыздардың өзi не үшiншi жақ (зат тапсырушы) кепiлдiк берушi ретiнде бола алады.

      Несие ресурстарын тартатын банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң рұқсатынсыз мүлiктi кепiлдiкке тапсыруға құқы жоқ.

      9. Банк пен клиенттер арасындағы дауларды қарау барысында соттар банк операцияларын тиiстi түрде орындамағаны үшiн банктiң материалдық жауапкершiлiгi туралы мәселенi тараптардың банктiк салым, шот, несие, депозит т.б. келiсiмдерде ескеретiндiгін ұмытпау қажет. Банк операцияларын тиiстi түрде орындамағаны үшiн банктер немесе клиенттер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бекiткен Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн Экономикалық санкциялар туралы ережеге сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. Аталған санкциялар (заңды айыптар) оларды төлеу мiндетi тараптардың келiсiмiнде көзделген-көзделмегенiне қарамастан өндiрiлiп алынады.

      Тараптардың бiрi банк органдары болатын шарттар бойынша шығындардың орнын толтыру мәселесi Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Соты Пленумының 21.07.94 жылғы "Шығындарды өндiрiп алу туралы дауларды қарау тәжiрибесi туралы" N 5 Қаулысына сәйкес шешiлуi керек.

      10. Сақтандыру шарттарынан туындайтын жағдайларға баға берген кезде төрелiк соттар Қазақстан Республикасы Президентiнің 16.04.94 жылғы "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" N 1658 U941658_ Жарлығын басшылыққа алғандары жөн. Ол сақтандыру қызметiн мiндеттi түрде лицензиялауды енгiздi, осымен байланысты сақтандырушылардың құқықтық мәртебесi осы құжаттармен бекiтiлуi тиiс.

      Сақтандыру төлемiнiң жасалмауы сақтандыру шартының тоқталуына әкелiп соғады. "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Заңының 10 бабында мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру төлемiн бiр ай мерзiм iшiнде сақтандырушы төлеген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылған сақтандыру шарттарын қайта жандандыру тәртiбi белгiленген. Шарт төлем енгiзiлгеннен кейiн келесi күнi күшiне енедi және оны жаңғырту туралы жазбаша өтiнiштiң қажетi жоқ.

      11. Төрелiк соттар несиенi уақытылы қайтармағаны үшiн қарыздар жауапкершiлiгiнен сақтандыру шарттары мен несиенi өтемеу тәуекелiн сақтандыру шарттарын бөлiп қарауы керек. Бiрiншi жағдайда, келiсiм субъектiлерi өз мүддесiн - ссуданы уақытылы қайтаруды сақтандырып отырған - қарыз берушi мен сақтандырушы болып отыр. Бұл жағдайда несиегер-банк осы шарт бойынша пайда табушы ретiнде бола алады. Несиенi өтемеу тәуекелiнен сақтандыру шарты бойынша несиегер-банк сақтандырушы және шарт жөнiндегi тарап болып табылады.

      Егер шарт қатынастарды реттеу тәртiбi ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес жүргізіледi деген сiлтемесi бар сақтандыру полисiн беру арқылы бекiтiлген болса, төрелiк соттар мiндеттi түрде оларды тараптардан талап ету қажет.

      Сақтандыру шарты өзiнiң пайдасына жасалған сақтандырушы немесе пайда табушы сақтандыру есесiн төлеу туралы талап етуге құқылы. Бұған орай төрелiк соттар сақтандыру компанияларының сақтандыру есесiн төлеуден бас тартуының себептерiн анықтауы және қажеттi жағдайларда мүдделi адамдардың талабы бойынша "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Заңының 9, 13 бабына сәйкес сақтандыру шартын заңсыз деп тану туралы мәселенi шешуге тиiс.

      Қарыз берушiнiң өзi алған несиенi қайтармаудың тәуекелiн сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды шешкен кезде төрелiк соттар "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Заңы 14 бабының талаптарын басшылыққа ала отырып сақтандыру жағдайының пайда болу фактiсiмен қатар оның туындауына сақтандырушының өз кiнәсiна да баға беру керек.

      12. Осы санаттағы iстердi қараған кезде төрелiк соттар ссудалардың уақытылы қайтарылмауының, банктiк шот және салымдар шарттары бойынша банктердiң мiндеттемелерiн орындамаудың, несие қаржыларын мақсатсыз қолданудың, рұқсат қағазсыз банк және сақтандыру қызметiмен шұғылданудың себептерiн терең зерттеуi және бұған жеке ұйғарымдар арқылы әсер етiп, қажеттi жағдайларда осыған тiкелей жауапты адамдарды жауапкершiлiкке тарту мәселесiн қоюы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады